Ұлт әліпбиі – ұлт рухының арқауы
03.11.2017
1127
0

Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма секретариатының жаңа әліпбиді енгізуге байланысты
Үндеуі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бә­рімізге белгілі, латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобалары халық арасында қызу талқыланып, жобаны іске асыру үшін құрылған Комиссия тарапына сан жүздеген ұсыныстар мен пікірлер түсті.
Президентіміздің үстіміздегі жылдың сәуір айында жа­рияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ма­қа­ласында атап айтылған латын әліпбиіне көшу мәселесі ұлт тағ­­дырына, тіл тағдырына алаңдаулы азаматтардың көңіл-күйін дөп басқан көкейкесті тақы­рып болғаны белгілі. Осы­дан кейін-ақ қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стан­дартты нұсқасын қабылдауға дайындықтар басталған бола­тын. Көпшілік назарына ұсынылған жобалар қоғамда қызу талқыланып, бұл іске шығармашылық зиялы қауым өкіл­дері, атап айтқанда, қаламгерлер мен ғалымдар белсене атса­лысты. Қазақстан Жазушылар одағында бірнеше мәрте жиын­дар өтіп, латын графикасына көшу арқылы тәуел­сіз­дігімізді баянды етуге, өркениетті елдер қатарына қосылуға даң­ғыл жол ашатынына қатысты пікірлер ортаға салынды.
Енді, міне, көптен күткен тарихи шешім қабылданып, Ел­басымыз латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің тұсауын кесіп, өмірге жолдама берді. Жарлыққа сәйкес
Қа­зақстан Республикасының Үкіметі жақын арада Қазақ тілі әліп­биін латын графикасына көшіру жө­нін­дегі Ұлттық ко­мис­сия құрады. Бұл комиссия өз кезегінде 2025 жылға дейін қа­зақ тілі әліпбиінің латын графи­касына кезең-кезеңімен кө­шуін қамтамасыз етпек. Де­сек те, алдымызда қыруар маң­ыз­­­ды жұмыстардың тұр­ғандығын жан-дүниемізбен сезініп, сал­мағы зіл батпан жауапкершіліктің жүгін жұмыла көтеруге тәуекел жасауымыз керек! Халықаралық үздік тәжірибелерді ескере отырып, тіліміздің табиғи ерекшеліктеріне сай келетін жаңа ережелер мен заманауи оқулықтар жасап шығару оңай­лықпен жүзеге аса қоятын шаруа емес. Мемлекеттік маңызы аса зор осынау шаруаны атқарып шығуға барша зиялы қауым, әсі­ресе, қаламгерлер мен ғалымдар бірлесе кіріссе үлкен же­тіс­тіктерге қол жет­кіз­еріміз ақиқат.
Елбасымыздың ел өміріндегі тарихи маңызы зор ұлттық әліп­биімізді өзгерту жөніндегі Жарлығын қызу қолдай оты­рып, бұл қадамның осынау жаһандану дәуіріндегі ұлттық си­па­тымызды, рухымызды қорғауға бағыттайтын жаңа қадам, жаңа­лықтардың бастауы боларына сенеміз. Ұлт әліпбиі ұлтты руха­ни жаңғыруға жұмылдыратын ХХІ ғасырдағы іргелі қадам екен­дігі дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Қаламгерлер қауы­мы латын әліпбиіне көшу үдерісіне бір кісідей қолдау біл­діреді.

Қазақстан Жазушылар одағының
Басқарма секретариаты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір