Алаш құрметіне арналды…
27.10.2017
1143
0

Биыл Алаш Ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Алаш арыстарын еске алып, шығармаларын насихаттау мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру» Қоғамдық қоры және Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен оқырмандар арасында «Бес арыс» тақырыбында онлайн-конкурс өтті.

Ел тарихында Алаш партиясы­ның құрылуына, жанқиярлықпен қыз­мет еткен тұлғалар болды. Тарихты тану, түгендеу, жас ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылған онлайн-конкурсқа жиырмаға жуық оқырман қатысып, конкурс ере­жесіне сай Алаш арыстарының шы­ғармаларын мәнерлеп, жатқа оқыды. Байқау ВКонтакте, Facebok, Instagram әлеуметтік желілері арқылы өтті. Ашық дауыс беру ар­­қылы Қазақ Ұлттық универ­си­те­тінің филология факультетінің бірінші 1 курс студенті Көшекбаева Жә­мила жеңімпаз атанып, «Әлеу­меттік маңызы бар жобаларды іс­ке асыру» қоғамдық қоры дайын­даған жүлдені ұтып алды.

Ғазиза Құдайберген,
кітапханашы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір