Бізге ол ұлы роман боп көрінетін

0
90 қаралды

Андре МОРУА


Андре МОРУА (1885-1967) – аса көрнекті француз жазушысы. Өнеркәсіпшілер отбасында дүниеге келген. Руандағы Корнели атындағы лицейді бітірген. Оған Еуропада Ален деген атпен танылған философия пәнінің оқытушысы Эмиль Шартье үлкен ықылас еткен. Лицейді бітірген соң болашақ жазушы әкесінің фабрикасында басшылық қызметтерде болады. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысады. Францияның жеңілісінен соң, АҚШ-қа барып, көптеген тарихи һәм көркем шығармалар жазады. Соғыс біткен соң, Отанына оралып, жазу үстеліне қайта отырады. Оның қаламынан «Ариэль немесе Шеллидің өмірі», «Дизраэлидің өмірі», «Байрон», «Бернар Кене», «Құбылмалы махаббат», «Отбасылық топ», «Лелия немесе Жорж Сандтың өмірі», «Олимпио немесе Виктор Гюгоның өмірі», «Үш Дюма» сынды толымды да толайым шығармалар туған. Ал, сексен жасында «Прометей немесе Бальзактың өмірі» атты ақырғы кітабын жазған.


Көптеген адам Ролланның есімін алдыңғы буынмен салыстыратын­дық­тан, олар үшін бұл кітаптағы зерттеулер орынсыз болып көрінуі мүмкін. Алайда, ол Жидтен үш жыл бұ­рын туып, Пегиден отыз жыл кейін қайтыс болды емес пе?! Ал, сонымен қатар оның «Жан-Кристофының» мен үшін және менің заманымдағы басқа да жастар үшін атқарған маңыз­ды рөлін қалай ұмытуға болады?.. Бізге ол ұлы роман боп көрінетін. Әл­бетте, «Соғыс пен бейбітшілік» се­кілді толыққанды емес, бірақ та сол кездегі бізді шынымен-ақ шабыттан­дыра түсетін роман «ағымдары»: «Тибо әулетінің», «Рахымды ойлар адам­­дарының» негізгі бастауы болатын.
Сонымен қатар, 1914-1918 жыл­дар аралығында соғыс кезінде Ромен Роллан жалғандыққа жаны қас, бағаны қолдан көтергендер мен сат­қындарды жек көрген патриот-фран­ц­уздардың алдыңғы сапында болды. Соның нәтижесінде ресми, әдеби орталар тарапынан қуғын-сүргінге ұшырады және әдеби сын ол туралы тіс жармады: ал, керісінше, дәл со­ның арқасында шетелде оның көп­теген оқырманы болды және 1918 жылы Нобель сыйлығы қанжығасына байланды. Осылайша, оның интеллектуалды күш-қуаты, қайрат-жігері біз көрсеткен құрметке қанша лайықты болды?!
Ромен Ролланның тарпаң да екпінді, ашық-жарқын ойлы лиризмі Стендаль поэтикасын қош көретін замана оқырмандарының зәресін ұшырды. Соған қарамастан мен оларға «Жан-Кристофты», «Күнделік­терді» және көптеген жазбаларды оқып шығуға кеңес берер едім. Олар­дан оқырмандар терең де шынайы сезімдерді табады. Ален «Лилюляны» ең жоғары марапаттарға лайық драма деп таныған. Және де осы бір елірме сезімдер нәзік ақылдың тез арада айнып қалуына жол бермесінші. Соғыс, жарлылық, екіжүзділік сияқты сюжеттереге келгенде Гюго немесе Толстойды еске салатын ділмарлыққа толығымен беріліп кетеді. Бірақ та ол қылмыс емес қой!.. Бүгіндері бізді таңғалдыратын оның бойын кернеген шаттық шынайы, ал меніңше, тіпті аса пайдалы болды. Шаттануға кім лайық болса, сараңдық танытпаңыз, мейлі ол Бетховен, мейлі ол Мике­ланд­­жело болсын. «Осы бір тәкаппар адамның, – дейді Ален, – қандай да бір күштің алдында тізе бүкпегенін және өзінен басқаның ақыл-кеңесін ешқашан тыңдамағанын ұмытпаған жөн».

Аударған Тоқтарбек ҚАМЗИН.

Пікір қосу