Ой қуу мен Той қуу
19.08.2015
1479
0

1Ойы, парасаты бар адам әр уақытта уайымшыл. Уайым-қайғы дегенде, қайғы категориясының өзі әртүрлі. «Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы» дейді қазақ.

Алтай Тайжанов,
философ

Әр адам өз төңірегіне, өз дүниетанымына байланысты уайымдайды, қайғы шегеді. Өз парасат-пайы­мы жеткен шекке дейін тәу­бесіне келеді. Осы күні, ауы­зекі түсінікте уайым-қайғыны қуаныш пен шат­тық­қа қар­сы қойып алдық та, уайым мен қайғыны жа­­манға шығарып жүргендер көп. Сөйтіп, қуаныш көп болсын дейміз де, той тойлай береміз. Басқалар ой бағып жүргенде, біздің той бағып жүргеніміз қын­жылтады. Ара-тұра табиғи және басқа катаклизмдер бо­ла қалса, есімізден танып, тәубеміз еске түсе қала­ды. Бізден асқан Құдайшыл халық жоқтай, Алланы ауыз­ға ала бастаймыз. Әйт­пегенде қазір тәубешілдікті қой­дық.
Қазақ қана емес, жалпы мұсылман бала­сы тәу­бе­шіл болуы керек еді ғой. Тәубе – тағ­дыр­ға ризалық біл­діріп, шүкіршілік ету, ке­ші­рім сұрау, жіберген қате­сі­не қын­жылу, оны түзеуге Алланың алдында уәде беру.
Біреу жарлы, біреу бай, біреу ауру, біреу сау. Осы­ның барлығын тағ­дыр деп түсінетін бол­сақ, көп нәрсе өзінің дұрыс шешімін табар еді. Жарлы мен бай адам­­шылығынан танбаса, тәубесі жанында жүрсе, біз­дің қо­­ғам­ның біраз кетеуі түзелер ме еді. Қазір бізде тәу­бе­шілдер азайып барады. Өйткені, қоғам кішкене бұзы­лып келеді. Рухани құндылық­тар құлды­рады.
Ал біз, уайым мен қайғы­ны шаттық пен қуанышқа қар­сы қойып алып, соңғысын таңдап, ой қуудың орны­на той қуып әу­ре­міз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір