Театр әлеміндегі рухани жаңғыру
13.10.2017
1897
0

11 қазан күні М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және ұлы жазушы М.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты Алматы қаласындағы сегіз театрдың басын қосқан көрме өтті.

Қазан айының басында Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қол­дауымен осы театр Лондон қала­сы­ның сахнасында жазушы-дра­ма­тург Д.Исабековтің «Жаужүрек» дра­масын, Кәріс музыкалық комедия теат­ры «Актриса» спектаклін қойған еді. Театр маусымының ашылуына орай өткен баспасөз-мәсли­ха­тын­да М.Әуезов атындағы Қазақ Мем­лекеттік академиялық драма теат­рының директоры Ерлан Біләл ұжым­ның Лондон сахнасында көр­сет­кен өнері жайлы айтып, 92 мау­сым­ның алғашқы жартысындағы жаңа­лықтармен бөлісті. Театр жоспар бойынша Асқар Сүлейменовтің «Адас­қақ» шығармасын (сахналық нұс­қасын жазған Әлия Бөпежанова, ре­жиссері Әубәкір Рахимов),
ҚР Мә­дениет және спорт министр­лігінің ұйым­дастыруымен өтетін «Тәуел­сіздік толғауы» атты жас дра­ма­тургтер кон­курсының жеңімпазы Айдана Мұратқызының «Бір күндік ғұмыр» атты пьесасын кіші залда сахналамақ. Сонымен қатар, өнер ұжымы осы мау­сымда Жапонияға ба­руды ойға алып отыр. Өнер орда­сы­ның бас­ш­ы­сы Ерлан Біләлдің ай­туынша, бұл са­парға да Арыстанбек Мұхамедиұлы бас­қаратын Мәдениет министрлігі қол­дау білдірмек.
Театр ұжымы осы күні өзінің
92-ші маусымын дәстүрлі түрде М.Әуезовтің «Абай» трагедиясымен ашты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір