Арқадағы Ақселеу тойы
06.10.2017
1076
0

Жуырда Жаңаарқа өңірі белгілі өнертанушы, көрнекті жазушы Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл толу тойын тойлады. Шараға ғалымдар мен ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен сол өңірдің айтулы азаматтары қатысты.

«Туған жер бағдарламасы» аясында Қарағанды облы­сы­ның Тілдерді дамыту жө­нін­дегі басқармасы ұйымдас­тыр­ған тағылымды басқосу ау­дандық Мәдениет үйінде өт­ті. Кеш шымылдығын Қа­зақ­стан Жазушылар одағы бас­қарма төрағасының бірін­ші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай ашып, қаламгердің шығармашылық қуаты мен аза­маттық болмысы жайлы те­реңнен сыр толғады. Об­лыс­тық Тілдерді дамыту жө­нін­дегі басқарма басшысы Гүлнарайым Қаңтарбекова жазу­шы еңбектеріндегі бояуы қа­нық ұлттық реңк тура­лы ­баса айтты. Кеш барысында А.Сейдімбектің үзеңгілес дос­тары мен ізбасар інілері жазу­шы Төлен Әбдік, жазу­шы-ғалым Қойшығара Сал­ғара­ұлы, тарихшы Қаржаубай Сартқожаұлы жылы ес­те­лік­терімен жиналғандардың жа­нын жылытса, Серік Ақ­сұң­қарұлы, Серік Тұрғын­бе­ков сынды ақындар мерейтой иесіне арнаған жырларын оқы­ды. Шара барысында Ақ­селеу Сейдімбек атындағы әде­би-шығармашылық бай­қаудың жеңімпаздары ма­рапатталды. Жиын соңында қаламгердің туған-туыстары құран бағыштап, ас берді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір