Алашына оралды
29.09.2017
1143
0

Осыдан бір ғасыр бұрын Алаш Орда өкіметі ту тіккен бұрынғы Алаш, бүгінгі Семей қаласында Әлихан Бөкейхан ескерткіші бой көтерді. Бұл Алаш қайраткеріне арналған республика көлеміндегі алғашқы ескерткіш екенін атап өтуге болады. Биіктігі бес жарым метрге жуық ескерткіште оң қолында асық ұстап тұрған қалпында текті тұлғаның айқын бейнесі аңғарылады.

Ұлт көсеміне арналған ескерткіш авторы – Қа­зақ­стан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Ба­хыт­бек Мұхамет­жанов.
Республика көлемінде аталып өткен шараға елі­мізге танымал алаштанушылар мен тарихшылар, се­нат депутаттары мен ескерткіштің бой көтеруіне ат­салысқан бірқатар қоғам қайраткерлері қатысты.
Дәл осы күні Семей қаласында Алаш қозғалы­сы­ның 100 жылдығына арналған ғылыми-прак­ти­калық конференция және мәдени-көпшілік шара­лар аталып өтті.
Қуат ҚИЫҚБАЙ.
Семей.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір