Шерағаң – 85 жаста
29.09.2017
1250
0

Бүгін Халық жазушысы, қазақтың аса көр­некті мемлекет және қоғам қайраткері, көсем сөзде де, шешен сөзде де алдына қара сал­маған қайталанбас кесек тұлғалы, қай­сар мінезді қаламгер – Шерxан Мұртаза
85 жасқа толып отыр. Кезінде «Қазақ әде­бие­ті», «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Қа­зақ­стан» телерадиокорпорациясы сынды ір­гелі ұжымдарды басқарған, ұлттық ақпа­рат кеңістігінде бүтін бір мектеп қалып­тас­тырған Шерағаңның шекпенінен шығып, ұлт әдебиеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Әбіш Кекілбай, Фариза Оңғар­сы­нова, Ақселеу Сейдімбек, Оралхан Бөкей сын­ды біртуарлар аз емес.
Ұлт әдебиетінде, қоғамдық-саяси өмір­де өзінің абырой-беделіне кір жұқтырмаған Шера­ғаңның мерейлі жасқа толуына орай Қа­зақстан Жазушылар одағының бас­шы­лары, Жамбыл облысы әкімінің арнайы де­легациясы, «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы, белгілі қаламдас әріптестері мен ел-жұрты қаламгердің Алматы қаласы «Самал» ықшамауданындағы мекен-жайы­на арнайы барып құттықтап, құрмет көр­сетіп, сый-сияпатын тапсырды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір