Ұзақбай ҚАРАМАНОВ

0
136 қаралды

Қазақстан жұрт­шы­лығы ауыр қай­ғыға ұшырады. 81 жас­қа қараған ш­а­ғын­да Қазақстан Рес­публикасының бел­гілі саяси және мем­лекет қайраткері Ұзақбай Қараманов дү­ние салды. Ұзақ­бай Қараманов 1937 жылы 29 тамызда Қы­­зылорда облы­сын­­дағы Арал ауда­ны­ның Ұялы ауы­лын­да туған. 1959 жылы А.И.Микоян атындағы Куйбышев инженерлік құ­ры­лыс институтын тә­мам­дап, 1961 жылы КСРО Сәулет және құрылыс ака­де­мия­­сы жанындағы Жоғары инженерлік курстың тың­­даушысы болды. Еңбек жолын 1959 жылы Ақтөбе об­лавтотресінің Шұбарқұдық автобазасында прораб ретінде бастап, 1961-1964 жылдары «Қызылордақұрылыс» тресінің өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженері, Арал қаласында құрылыс басқармасының бастығы болып еңбек етті. 1965-1980 жылдары «Алматыөнеркәсіпқұрылыс» ме­кемесінде, «БасАлматыҚұрылыс» Қазақ КСР Ауыр ин­дустрия кәсіпорындары құрылысы министрлігінің Бас басқармасында басшылық қызметтер атқарды. 1980-1986 жылдары Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрінің орынбасары, Қазақ КСР құрылыс министрінің бірінші орын­басары лауазымдарын атқарды. 1987 жылғы сәуірде Қа­зақ КСР материалдық-техникалық жабдықтау мем­лекеттік комитетінің төрағасы болды. 1989 жылғы шілдеде Ұзақбай Қараманов Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, 1990 жылғы қарашада Қазақ КСР-інің Премьер-Министрі болып тағайындалды. Ұзақбай Қараманов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII, XIII шақырылымдарының, екін­ші шақырылымдағы (1999-2004 жылдар) және үшінші ша­қырылымдағы (2004-2007 жылдар) Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сай­ланды. Ұзақбай Қараманов ІІ дәрежелі «Барыс», Еңбек Қы­зыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен, құр­метті атақтармен марапатталған. Ұзақбай Қараманов қазіргі Қазақстанның қалыптасуына, республиканың құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қосты. Ол өз елінің шы­найы патриоты, білікті басшы және жоғары деңгейдегі кә­сіби маман болды. Ұзақбай Қарамановтың жарқын бей­несі біздің жүрегімізде әрдайым сақталады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.