«Тілі бірдің – тілегі бір»
29.09.2017
1168
0

Қызылордада облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен “Тілі бірдің – тілегі бір” тақырыбында жастар форумы өтті.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттап, об­лыс­тағы белсенді жастар мен мем­ле­кет­тік тілді еркін меңгерген өзге ұлт этнос жастарына қолдау көр­сету мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға өңірдің зиялы қауым өкіл­дері, тіл жанашырлары, үш тіл­ді еркін меңгерген, өңірді рес­публикаға танытып жүрген жастар қа­тысты.
Жиын барысында бірқатар жас­тар еліміздің тіл саясатына бай­ланысты пікір-ұсыныстарын ор­таға салды. Сонымен қатар, Қы­зы­лорда музыкалық колледжінің 3-курс сту­денті Р.Рызманов фо­рум­ға қатысу­шы­лар­дың облыс хал­қына Үндеуін оқыды. Сондай-ақ облыстық ішкі сая­сат басқармасының басшысы А.Қай­рул­­лаев бірқатар этно-мә­дени бір­лестік жастары мен тіл жа­нашыр­ла­рын республикалық, об­лыстық дәрежедегі Құрмет гра­мо­таларымен, Алғыс хаттармен ма­рапаттады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір