Құндылықтардың ең маңыздысы
29.09.2017
1049
0

Кез келген ұлт үшін Тәуелсіздіктен артық бақыт болмаса керек. Сондықтан да көпұлтты Қазақстан халқының алдында Тәуелсіздікті қорғау, татулық пен бірлікті нығайтумен қатар, Тәуелсіздік құндылықтарын сақтау міндеті тұрғандығын ұмытпауымыз керек. Әрине, сол құндылықтардың ең маңыздысы – мемлекеттік тіл болып есептеледі. Себебі, тіл – ұлттың жаны, рухани байлығы, тұнған тарихы, бүгіні және болашағы. Осы ретте Қазақстан Респуб­лика­сында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде атқарылып жатқан шаралардың маңызы зор.

Мен ана тілімнен бөлек дүние­дегі жүздеген тілдер ішінен қазақ ті­лін жетік меңгергеніме, бұл тіл­де еркін сөйлейтініме мақ­та­намын. Мектепті де, институтты да қазақ тілі пән ретінде оқытылмаған кеңес дәуірінде бітірсем де, менің қа­зақ тілін білуім көршілес қазақ дос­тарыммен бірге жүрген ауылдағы өміріммен, қазақтың әдебиетін құр­меттеуге баса мән берген отба­сы­мыздағы тәрбиемен тығыз байла­нысты. Бала кезімнен-ақ анамның Абайдың кейбір өлеңдерін, қара сөз­дерін жатқа айтып, оларды өмір­лік ұстанымына айналдырғанын, әкем­нің қазақ ақын-жазушылары­ның шығармаларын көп оқитынын көріп өстім. «Ұяда не көрсең, ұш­қанда соны ілесің» демекші, мен жастық шағымда қазақ әде­бие­тімен ешқандай аудармасыз та­нысуға дағдыландым. Қазақ тілін біл­генімнің арқасында Ә.Нұр­шайы­қов­тың «Ма­хаббат қызық, мол жыл­­да­ры­нан», І.Есенберлиннің «Ал­тын құ­сынан» басталған қазақ әде­бие­ті­не деген қызығушылығым ұлы Абай­дың, қазақ поэзиясын із қалдырып кеткен М.Ма­қа­таев, Ф.Оңғарсынова, Т. Мол­даға­лиев­тердің, елге белгілі ақындар
Н.Ора­залин, Ұ.Есдәулет, Ж.Бөдеш­ұлы, Ғ.Жайлыбай, М.Райым­бек, Ғ.Қа­ли­бек, Д.Байтұр­сын­ұлы сын­ды ақындардың фило­со­фияға, сезімге толы өлеңдеріне деген құрметпен ұштасты. Олардың шығармалары ме­нің ақындық жүрегіме ой салып, ша­бытыма шабыт қосып, сөздік қо­рымды молайтты, рухани байыт­ты. Қазақ тілін білгенім кандидаттық диссер­тациямды қазақ тілінде қор­ғауыма да мүмкіндік тудырды. Осы тілдің құдіреті арқылы бауырлас қазақ ақын-жазушылары мен ғалымдары ара­сынан ақылды аға, замандас, сыр­лас, қадірлі іні-сіңлілер тауып, ты­ғыз шығармашы­лық байланыс ор­наттым. Сол достықтың ар­қасында мен
Ғ.Жайлыбайдың «Қара орамал» поэмасын ұйғыр тілі­не аударған болсам, Д.Байтұр­сын­ұлы аударған «Өзіңе сенем» өлең­дер жинағым қазақ тілінде жа­рық көрді.
Елбасы Н.Назарбаев Тілдерді да­мыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы дұрыс атқарылуын әр­кез қадағалап отырады. Ол өз Жол­дауында: «Біздің тіліміз мем­ле­кеттің барлық жүйесінде қолда­нылуы үшін біз өзімізді-өзіміз қам­шылауымыз керек және осыған өзі­міз атсалысуымыз қажет» деп айт­қан. Бүгінгі таң­да бір қатар ұйғыр қаламгерлерінің шығар­малары қазақ тіліне аударылып, рухани сабақтастық қай­тадан жандана бастады. Жақсы дү­ниелер жарық көріп жатыр. Осы­ның өзі ежелден тамыры бір, тілі жа­қын қазақ халқымен болған дос­тығымыздың кілті тіл екеніне дәлел бо­лады деп ойлаймын.

Патигүл Мақсатова,
ақын, филология ғылымының кандидаты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір