Ауылда жылылық пен тәрбие бар…
08.09.2017
2224
0

«Туған жердің түйе жейтін жапырағы да, түйе аунайтын шаңдақ топырағы да дәрі» деген бабалар сөзі бүгінгіге жетіп, мақалға айналыпты. Қазақты мақалшы халық десек, оның кейінгіге қалдырған ғибрат сөзінің жартысынан көбі туған жер, Отан туралы. Отанды, ұлтты сүю үшін тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет жеткілікті екенін айтқан шерхандық пайым да қазіргіге, ұстана білсе, теңдессіз өнеге. Бұл Отанды сүю үшін, ең алдымен, оған құлақкесті құлындай қызмет ет дегенді меңзеп тұрғандай. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекерге айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады», – деген болатын. Елжандылықтың ең жарқын үлгісі өз ауылыңның келешегіне қосқан үлесіңнен байқалатындай. Жусан иісі танауына сіңіп, дүниені дала арқылы таныған бала қай кезде де тамырынан алыстамасы анық. Бүгінгі кейіпкеріміз де туған ауылына қолынан келген көмегін аянбай беріп келе жатқан азамат. Істеген ісі арқылы халқына сүйікті болып, көптің алғысына бөленген ол ауылын қашан да мақтаныш етеді. Кәсіпкер, меценат Пердебай Шмадиярұлы СӘБИТОВПЕН туған ауылы төңірегінде әңгіме өрбіткен едік.


Пердебай СӘБИТОВ,
кәсіпкер, меценат


– Ауылыңыздың несімен мақ­танасыз? Тарихымен таныс­ты­рып өтсеңіз.
– Туған ауылым Оңтүстік Қа­зақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ошақты ауылдық әкім­ші­лігінде орналасқан. Оның та­рихына тереңдер болсам, ертеде, соғыстан алдын колхоз бо­лып ұйымдасқан, қазіргі таң­да «Сәмбет Саттаров» атындағы кі­шігірім ауыл. Менің ата-ба­ба­ларым, әке-шешем, бәрі де осы жерде, Келес өзенінің жа­ға­лауын­­да өскен. Өзен сағасында орналасқан табиғаты керемет аймақ деп айтуға болады. Екін­ші бір шеті қырлы, далалы жерлер. Сонау Отырар ауданымен, бер жағында Сарыағаш ауда­нының Әлімтау совхоздарымен, ар жағы Шардара ауданына дейін созылып жатқан ғажайып мекен. Жайылымдық жерлері өте көп. Мал шаруашылығын өркендету­ге өте қолайлы. Келес өзенінің жағасында егін егуге ыңғайлы суар­малы жерлері де бар. Бір жа­ғы егістікке қолайлы бол­са, екін­ші жағы мал шаруа­шы­лы­ғы­­на тиімді болып келеді. Жер­гі­лікті халық кәсібі ретінде мал шаруашылығы мен отырық­шы­лықты қатар алып жүреді. Кеңес Одағында совхоз болып тұрған кезінде жартылай мал шаруа­шы­лығы, жартылай егін шаруа­шы­лы­ғымен айна­лысқан. Ал енді қазіргі кезде жекеге өтіп, ха­лық­тың көпшілігі егістікпен айналысады. Бір­қа­тары мал шаруа­шы­лығын да алып жүр. Яғни шар­уаның осы екі түріне де ыңғайлы мекен.
– Өзіңіз туып-өскен жеріңізге аз еңбек сіңірмегеніңізді көз көр­гендер ризашылықпен айтып отырады. Дегенмен, «ең маңызды ісім осы болды-ау» деп нені ата­ған бо­лар едіңіз?
– Біздің ауылымыздағы мектеп 1936 жылы салынған ескі оқу ордасы болатын. Әбден ес­кіріп, қолдануға жарамай қал­ғандық­тан ауылға жаңа мектеп салу қажет болды. Соның салынуына тікелей атсалыстым. Әри­не, не­гі­зінен, ол мемлекеттік бағдар­ла­ма бойынша салынуы керек болған мектеп. Соның тезірек бітуіне үлесімді қостым. Осы уақытқа дейін Қазақс­тан­ның түкпір-түкпірінде жұмыс істе­дім. Негізгі ісім деп өзімнің туған ауылыма жаңа мектептің жылдам бой көтеруіне қатыс­қа­ным­ды айтар едім. Ол мектеп қа­зіргі заман талабына сай түрлі заманауи жабдықтармен қам­та­масыз етілген, сондай-ақ үлкен спортзалы бар. Елбасының өзі жастар жаман жолға түсіп кетпей, салауатты өмір сүруі үшін спортпен айналыссын деп айтып өтті ғой. Ауылдағы мек­те­біміз әрі мәдени ошақ болса, әрі спорттың да ор­талығы болып саналады. Ауылымыз кішкентай болғанымен спорттық сайыс­тар, түрлі мейрамдар осы жерде өтіп отырады.
Біздің ауылымызға ауыз су­дың өзі тартылмаған еді. Ауыл халқы таза су ішсе екен, ден­сау­лығы жақсы болса екен деп оны да жоғарғы жақтағы әкімдерге айтып жүріп, суын кіргізуге ат­са­лыстым. Ол жерлерге көгілдір газ әлі кіргізілмеген. Келесі жылдары оның да кіргізілуіне барымды саламын. Ол жер кіш­кентай ғана ауыл болғанымен, кезінде айтарлықтай беделі бар аймақ болған. Бұрындары ол жердегі ауылдардың бір-біріне қатынасы қиын бо­латын. Соны облыс­тық мәслихат депутаттарына, аудан әкі­міне айтып жүріп, ал­ты, жеті километр­дей асфальт жол сал­дыр­дық. Біздің же-тіс­тік­те­ріміз басқа ауыл­­­­­­дарға қарағанда жо­ғары деп айта аламыз. Біз үйде ағайын­ды төрт жігітпіз. Солармен бір­ге ауы­лы­мызға жүз елу орын­дық мешіт салып бердік.


Менің ата-бабаларым, әке-шешем, бәрі де осы жерде, Келес өзенінің жағалауында өскен. Өзен сағасында орналасқан табиғаты керемет аймақ деп айтуға болады. Екінші бір шеті қырлы, далалы жерлер. Сонау Отырар ауданымен, бер жағында Сарыағаш ауданының Әлімтау совхоздарымен, ар жағы Шардара ауданына дейін созылып жатқан ғажайып мекен. Жайылымдық жерлері өте көп. Мал шаруашылығын өркендетуге өте қолайлы. Келес өзенінің жағасында егін егуге ыңғайлы суармалы жерлері де бар. Бір жағы егістікке қолайлы болса, екінші жағы мал шаруашылығына тиімді болып келеді. Жергілікті халық кәсібі ретінде мал шаруашылығы мен отырықшылықты қатар алып жүреді.


– Сіз шыққан мекеннің ал­дағы бейнесін қалай елестете­сіз?
– Туған мекенім мен үшін кез келген қаладан да, табиғаты көркем басқа жерлерден де биік тұрады. Оны жақсы көремін жә­не барлық жерден биік қоя­мын. Ол жер жаз айында аптап ыс­тық, ал қыста қақаған аязды бо­лады. Өйткені, солтүстік жа­ғының бәрі ашық, адырлы болып келеді. Бірақ бәрібір мен ол жерді, туған жерім болған­дық­тан, артық көремін.
– Соңғы рет ауылыңызға қа­шан бардыңыз? Балаларыңыз туған жеріңізге жиі барып тұра ма?
– Менің төрт ұлым бар. Ұл­дарым жылына он күн болсын, бір апта болсын, міндетті түрде ауыл­ға барып тұрады. Қара шаңырақта кіші інім қалған. Со­­ның шаруашылығына қолға­бысын тигізеді. Мен балаларым мен немерелерім ауылға жиі барып тұрса екен деймін. Өйт­кені, әлі де болса ауылда жылы­лық пен тәрбие бар.
– Алдағы уақытта ауылыңыз­дың болашағын бұрынғыдан да көркейту үшін не істеу қажет деп ойлайсыз? Өзіңіз ойға алған арнайы жоспарлар бар ма?
– Жоғарыда айтқанымдай, ауылға жақын арада газ кір­гіз­ілсе деймін.
Содан кейін «Оңтүстік Жа­рық Транзиттің» индекс программасымен ауылымыздағы жарық бағаналарын жаңалап алсақ деп отырмыз. Әзірге ал­дыға қойып отырған мақсаты­мыз – кішкентай ғана ауылымызды көркейте беру. Ол жерде де біздің бауырларымыз тұрып жатыр ғой.
Өкініштісі, ауылда бір ғана медициналық пункт бар. Ол да болса ауыл шетіне орналасқан. Келешекте ауылымызда ме­ди­ци­­налық пункттерді көбейтсек деймін. Ауылымыздың өзі төрт бөлімнен тұратын болса, әр ауылда жүз-жүз елу шақты үй бар. Әрқайсы бөліміне медпункттер салынса деп ойлаймын. Өйткені, ауылдың бір шеті мен екінші шеті сегіз километрдей болады. Солардың бір ғана медпунктке келіп-кетуі, әсіресе, бүлдір­шін­дер мен қарттарға қиын. Сон­дық­тан ауылдың төрт бұры­шынан да медпункттер салсақ деп отырмыз. Әкімдермен сөй­лесе отырып, бюджеттің ақша­сы­на немесе өзіміз секілді кә­сіп­кер жігіттер соны салып, ке­йін бюджеттің қарамағына берсек дейміз. Біз оны сал­ғанмен айлығын, ақ­ша­сын ұс­тап тұра алмаймыз. Сон­дықтан бітіргеннен кейін оны мемлекеттің қарамағына өткі­зе­міз. Министр болсын, бас­қа да үлкен кісілер болсын, бар­­лы­ғы да ауылдан шық­қан ғой. Көп қыз­меттегі кі­сілер, министр, әкім­дер шықса – осы ауыл­дан үміт етеміз. Бала туу көр­сеткіші де қала­да­ғымен са­лыс­тыр­ғанда, ауылда жо­ғары. Не шықса да көп­тен шы­ғады ғой. Ауыл жас­­тарынан үміт күтіп, олар­дың басқа жолдарға кетіп қалмауы үшін спорттық орындар немесе жұмыс көздері ауылда көптеп ашылса деп ойлаймыз.
– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен
Нұрлайым БАТЫР.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір