Сәкен Жүнісовке ескерткіш тақта орнатылды
22.09.2017
1338
0

Осы аптада Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Нұрмақұлы Жүнісовтің өзі тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Тағылымды шараға ақын-жазушылар мен режиссерлер, драматургтер және қоғам қайраткерлері қатысты. Сәкен Жүнісов көзі тірісінде халқы «Сәкен сері» деп еркелеткен қазақ әдебиетіндегі аса көрнекті тұлғалардың бірі. «Құрмет», «Халық достығы» ордендерімен марапатталған.

Шараны Қазақстан Жазушылар одағының басқарма Төрағасы Нұрлан Оразалин ашып, Сәкен Жү­нісовтің ұлт әдебиеті мен мәдениетінде алатын ор­ны жайлы терең сөз қозғады. Қазақстанның еңбек сіңір­ген өнер қайраткері Есмұхан Обаев пен дра­матург Сұлтанәлі Балғабаев қазақ прозасының Құ­ла­гері атанып кеткен жазушының драмалық шы­ғар­маларына ерекше тоқталды. Жиынды жазушының бауыры, режиссер Орал Жүнісов әсерлі естеліктерімен түйіндеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір