Бірлік белгісі
15.09.2017
1393
0

Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімнің тірегі. Отанымыз – Қазақ елінің шаңырағын биік ұстау – ортақ мүдде. Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды.

Елбасы бұл ұйымды құру идеясын тұң­ғыш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жыл­дығына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэт­носты, поликонфессиялық мемле­кет­тің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Бұл бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселе­лерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт. Он тоғыз жылдық тарихында ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Елбасы­ның этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол – халық дипломатиясы­ның маңызды күретамырына айналды. Бүгінде ассамблея ел Президенті төрағалық ететін конституциялық орган болып табы­лады. Бұл – оның ерекше мәртебесін айқындайды. Кез келген мемлекет үшін қоғамдық келісімнің маңыздылығы ерекше. Халық үшін бейбіт заманда мамыражай өмір сүруден артық ешқандай бақыт жоқ. Сондықтан елімізде татулық пен тұрақты­лық­қа Тәуелсіздік алған жылдан бастап ерекше мән беріліп келеді.
Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар сала­сын­дағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру­шы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші рольге ие бірден-бір ұйым. Жиырма жылдық тарихында аталған құры­лым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Ассамблея дүниеге келген уақыттан бері атқарған қызметі мен жүріп өткен сара жолы қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісінің әлемдік қауымдастық алдында беделді ұйымға айналып, ел қоғамының құрамдас бөлігіне айналғанын көрсетті. Қазіргі таңда бүкіл әлем­ді шарпыған ғаламдық дағдарыс Қазақс­танға да өз салқынын тигізіп отыр. Мемлекетте қоғамдық-саяси тұрақтылық болмай, экономикалық салада жетістік болмайды деген қағиданы тарих әлдеқашан дәлелдеген. Сондықтан Қазақстан халқы­ның бірлігін бұдан әрі жетілдіру міндеті мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналып отыр. Қазақстанның экономика­лық дамуы, этносаралық қатынастардың әлемдік қауымдастық тарапынан мойын­далуы, ең алдымен, қазақ ұлтының енші­сінде екендігі анық. Халық бірлігі – мемле­кеттілік негізі. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана біз алдымызға болашағы күшті, өркендеп, дамыған Қазақстан елі туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз. Ел өміріндегі мәні мен маңызы орасан зор осынау саяси оқиға қарсаңында біз көп ұлтты Қазақстан халқын бір атаның бала­ла­рындай еліміздің өркениетті дамуы жолындағы игілікті іске жұмылдырып отыр­ған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, елімізде тұрақты­лық­ты сақтау мен оның дамуына аса зор үлес қосып келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Судья­­лар одағының V съезінде сот тәртібі­мен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация про­цедураларын енгізуді тапсырған болатын. Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында 4 тарау, 28 баптан тұратын ҚР-ның «Ме­диация» туралы» Заңы қабылданды. Аталған Заңға сәйкес Қазақстанда дауларды бала­малы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді. Бүгіндері Ассамблея кәсіби медиа­торлармен байланыс орнату мен қоғамдық медиаторлардың бір-бірімен жұмыла жұмыс жасауға күш салуда. ҚХА-ның Республи­калық медиациялық кеңесі құрылды. Облыстарда 13 медиациялық кеңес, Достық үйле­рінде 16 медиациялық орталықтар қыз­мет етуде. Қазіргі кезде медиация – ел, қоғамдық институттар мен азаматтар ара­сындағы мәміле алаңына айналды. Әрі ҚХА-ның біртұтас медиаторлар реестрінде көптеген кәсіби медиаторлар қызмет етуде. Оның ішінде қоғамдық медиаторлар мен еріктілер, азамат-бітімгерлер де бар. Қазір Қазақ елінде 70-ке тарта Медиация орта­лығы жұмыс істейді. Осы тұрғыдан келгенде, аталмыш ұйымның қызметі мен алар орны ерекше деп білемін…

Н.ШЫЛЫМОВ, кәсіпкер.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір