Ғаламдық ғылым-білімді игеруге жол ашады

0
15 қаралды

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД,
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары


Ұлт тағдырына қатысты кез келген мәселені он ойланып, жүз толғанып, өзіне ғана тән дархан даналықпен кемел шешім қабылдайтын Елбасымыз латын алфавитіне көшуге келгенде тағы да кемеңгерлік танытты. Бұл тек әліпби ауыстыру емес, бар қазақтың бойына ана сүті, әке тәрбиесімен даритын қазақ тілін заманға сай жаңғыртудың кешенді жүйесін, дұрыс сөйлеу мен жазу мәдениетін қалыптастыру деп білемін. Ендеше, латынға көшу Елбасымыз ұсынған «Рухани жаңғырудың» берік іргетасы деп білемін. Латынға көшу арқылы біз ұлтымыздың әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыратын үш мәселені шешеміз. Біріншіден, ағылшын алфавитінің негізіндегі жаңа қаріп жүйесі жастарымыздың да, жасамыстарымыздың да ағылшын тілін меңгеруін жеңілдетеді әрі жеделдетеді. Екіншіден, ағылшын алфавиті мен тілін үйрену арқылы ғылым-білімнің осы тілде жасалған мол қазынасын еркін игеруге жол ашады. Үшіншіден, жер жүзіне тарыдай шашылған бар қазақтың басын қосады. Кириллицада жасалған бар әдеби құндылық түгелдей компьютерлік нұсқаға көшіріледі. Сондықтан латынға көшу арқылы рухани байлығымыз цифрлық технология тілінде одан әрі өркен жаяды. Осыны халыққа түсіндірудің көш басында зиялы қауым өкілдері болуға тиіс.


Латынға көшу – сананы жаңғырту

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу туралы бастамасын ел зиялы­лары, өнер және мәдениет ошақтарының ұжы­мы бірауыздан қолдауда.
Осы жылдың басында жарияланған «Бо­лашақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­лаңыз­дағы руханияттың санасы мен мінезін өзгерту керек деген сөздеріңіз қалың бұқараны жі­герлендірді. Біз Сіздің бұл қадамыңызды еліңіз­ге, халқыңызға деген сүйіспеншілігіңізден туын­даған күрескерлік, жанашырлық, намыс­шыл­дығыңыз деп білеміз. Заманына қарай жылдам қарқынмен қарыштап бара жатқан жаһан­дық заманға өзіміздің төл тарихымыз бен этно­мәдениетімізбен, дінімізді, тілімізді сақтай оты­рып, ерекшеленіп ену біздің халқымызға зор қуат пен жігерлі күш береді.
«2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді бас­пасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз. Сон­дықтан 2017 жылдың аяғына дейін ғалым­дар­дың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақыл­даса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа гра­фикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қа­былдау керек» деген сөзіңіз бүкіл зиялы қауымның көптен күткен қуанышы еді.
Себебі, біздің сананы жаңғыртудағы рухани да­му, өркендеу жолымыз осы қазақ тілінің жаңа әліпбиінен бастау алғалы тұр. Осы орайда, зиялы қауым өкілдері де тілге қатысты өз ойла­ры­мызды білдіреміз. Латын қарпі өзіңіз айт­қан­дай, бізге таңсық емес, бұрындары да Қазақ елі осы қаріп түрін қолданған болатын. Алғаш­қы төте жазуынан кейінгі қарпіміз. Мұрағаттар­да­ғы небір аудармаларымыз осы тілде десек те болады. Сонымен бірге, нәубет жылдары дүние­ге тарыдай шашылып кеткен қазақ жұр­ты­ның тілі мен әдебиетінің табысар жолы – осы әліпби алаңы болмақ.
Осы 25 жылдан астам уақытта тәуелсіз Қа­зақстанның жеткен жетістіктерінің барлығы Ел­басын үнемі қолдайтын халқының жеңісі.

Сәбит ДОСАНОВ, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Несіпбек Айтұлы, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Ұлықбек Есдәулет, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Әлібек Асқаров, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.


ҒЫЛЫМИ МАҢЫЗДЫ ШАРА

Тіл мамандары қауымдастығы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру идеясын қуана қарсы алды. Бұл уақытылы және орынды шешім. Ла­тын әліпбиі Қытай, Түркия, Еуропа, Тәуел­сіз мемлекеттер достастығы елдерінде тұратын қа­зақтардың мәдени және рухани ин­теграция­сына әсерін тигізеді.
Латын бүкіл әлеммен қабылданады, оны дүниежүзі елдерінің 80 пайызы қолданады. Қа­зақ тілін латын әліпбиіне көшіру қазақ әде­бие­тінің таралуына мүмкіндік береді, сондай-ақ, халқымыздың ұлт­тық құндылықтарын шетелдіктерге паш етуге мүмкіндік бере­ді.
Сонымен қатар, жастардың бәсекеге қа­білет­ті болу үшін ағыл­шын тілін үйренуге ұм­тылу­да. Латын графикасына көшуіміз латын не­гізіндегі шетел тілдерін үйренуге жеңіл­детеді.
Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ре­тінде жазудың маңызы өте зор. Сондықтан бұл маңызды бастама тіліміздің болашағы үшін жа­салған ғылыми маңызды шара деп білеміз.

Кенжегүл ЕСІРКЕПОВА,
Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институтының филология
факультетінің деканы, ф.ғ.к.

Пікір қосу