«Қазақ газеттерінде» жаңа басшы

0
9 қаралды

«Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры қызметіне белгілі журналист-публицист, ҚР Президент сый­лығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Шәмшидин Әшенқожаұлы Паттеев тағайындалды. Ол осыған дейін республикалық «Түркістан» газетінің Бас редакторы қызметін атқарып келген.
Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы кезеңдерінен бастап күні бүгінге дейін ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы мен дамуына аянбай еңбек етіп келген, өзінің айнымас ұстанымымен қоғамдық ортаға беделді әріптесімізге жаңа қызметте абырой мен толағай табыстар тілейміз.

Пікір қосу