Адами философия

0
174 қаралды

Жұртқа кең танылып, әдеби ортада лайықты бағасын алған қаламгерлердің шығармашылық үрдісінен мынадай бір ерекшелік байқалады. Ол – бір шығармада айтылған ойдың келесі бір шығармада жалғасын тауып, қайта бұрынғысынан мүлде соныланып, басқа ажар, басқа келбетпен, басқаша үнмен айтылатыны. Т.Әбдіковтің «Тозақ оттары жымыңдайды», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» және «Әке» повестері – бір-бірінің заңды, заттық жалғасы іспетті. Бұл шығармалардың қайсысы бұрын, қайсысы кейін жарық көргенінен хабарсызбын. Бірақ оларды қай ретпен оқысаң да, бір-біріне соншалық туыс, соншалық жақын дүниелер екенін шамалайсың. Осы үш повесте де бір ұстын – ұрпақ қалдыру жолындағы жанталас. Басқа-басқа, қазақ – артында қалған ұрпағымен қазақ. Жазушының «Тозақ оттары жымыңдайды» повесінде, сосын «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» повесінде айтқан ойлары «Әке» повесінде толыға түседі, байи түседі…

Есей Жеңісұлы.

Пікір қосу