«XXI ғасыр кітапханасы: жастар стратегиясы»
01.09.2017
1877
0

«Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге», – деп Абай ата­мыз айтқандай, XXI ғасыр жаста­рының жан-жақты білімді, сауатты, яғни интеллектуалды деңгейі жоғары болуы үшін кітаптың алатын маңызы зор. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің сапалы болуы бірінші кезекте. Осыған орай, еліміздегі бірден-бір руханият ордасы – ҚР Ұлттық кітапханасының алар орны ерекше. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, кітапхана осы міндетті бірге атқарады. Кітап – адамзат мәдениетінің ең ұлы туындысы, кітапхана – киелі орын, ал кітапханашы – қоғамның рухани жоқшысы. 2015 жылы ҚР Ұлттық кітапханасына «Ақпараттық ресурстар» бөліміне жас кітапханашы болып қызметке тұрдым. ҚР Ұлттық кітапханасына келіп түскен құжаттарды «РАБИС» бағдарламасы негізінде электронды каталогқа енгізумен айналысамын.
Ұлттық кітапханаға мектеп оқушылары­нан бастап жоғарғы оқу орнын енді аттаған сту­дент­тер, ғалымдар мен оқытушыларға дейін өз­деріне қажетті әдебиетті іздеп осы киелі ме­кен – кітапханаға соқпай кетпейді. «Қа­зақ­стандықтар – жасампаз және жас ұлт: рес­пуб­ликаның әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа тол­маған жастар. Қазақстанның болашағы Қа­зақстан жастарының даму деңгейімен, олар­дың қоғамға ықпалдасуымен байланысты», – деп Елбасымыздың мақа­ласында айтып өткендей, ҚР Ұлттық кітап­ханасында жұ­мыс жасайтын мамандардың
70 %-ы жастар екендігі қуантады.
ҚР Ұлттық кітапханасында мәдениет пен озық өркениеттің дамуына өз үлестерін қосу, жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында «Қазақстан кі­таптары» қызметі жанынан құрылған «Парасат» жастар клубының белсенді мүшесі екен­дігімді мақтан етемін. Аталған клуб бү­гінгі күні бірқатар маңызды көпшілік іс-ша­ра­лар мен жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Атап айтсақ, жастарды патриоттық рухта тәр­биелеу, отаншылдықты қалыптастыру мақ­са­тында Ұлы Отан соғысының батыры Ба­уыржан Момышұлын еске алу кешін жоғары деңгейде ұйымдастырды. Ұлы ақын Абай Құ­нанбаевтың әдеби мұрасына арналған әдеби сайыс, ақиық ақын М.Мақатаевтың 70 жыл­ды­ғына орай ұйымдастырылған кеш, қазақ жазу­шысы, драматург Қалихан Ысқақовтың 80 жылдығына арналған «Қазақ прозасының қа­ра нары» атты еске алу кеші де аталған кеңес­тің келелі жұмыстарының бір көрінісі.
Клуб мүшелері кітапханаішілік іс-шара­лармен шектелмей, Мәдениет және спорт ми­нистрлігіне қарасты спорт түрлерінен өткі­зіліп отыратын түрлі сайыстарға қатысып, ай­тулы жүлделерге ие болды.
Сонымен қатар, клуб жастары «Ән салады ма­мандар» музыкалық жобасына қатысып, «Өнерлінің өрге жүзетіндігін» де байқатты. Кі­тапханашы мамандардан құрылған «Парасат» жастар клубының алға қойған жоспары: оқырмандарды, жастарды ұлттық және әлем­дік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты және сол қоғамды жетілдіруге ұм­тыл­ған тұлға қалыптастыру болып табыла­ды.
Сондықтан парыздарымызды асқақ абы­рой­мен, аса адал орындау арқылы ұлтымыз­дың іргетасын бірге нық тұрғызайық. Еңселі елі­міздің ертеңі біздің қолымызда. Қазақ­стан­ды биікке жетелейік, жеткізейік. Жарқын бо­лашаққа қадам басып келе жатқан хал­қымыз үшін Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай бер­сін дегім келеді.

Үміт ЕРҚАНАТҚЫЗЫ,
ҚР Ұлттық кітапханасы «Ақпараттық ресурстар қызметінің библиографы».

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір