Жүрек пен жүректің арасындағы байланыс
01.09.2017
1401
0

Бүкіл ұлт руханиятының ұйытқысы болып отырған М.Әуезов театры қазақ өнерінің қарашаңырағы ретінде қалқайып бағдар көрсетіп тұрғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Ендеше театрдағы өткен кезеңдер қандай еді, ал бүгін ше?! Кешегі театр көрермендері мен бүгінгі театр көрермендері арасында қандай алшақтық бар? Кешегі көрерменнің көкірек көзі ашықтығы сол – киген киімі мен жүрген жүрісінің өзі тұнған мәдениет емес пе еді?! Бірақ бұл дәл қазір айтылатын әңгіме емес…

Лондондағы таксилердің не себепті төбесі біз көріп жүрген ма­шиналардың төбесінен әл­де­қай­да биік келетінін білесіз бе? Се­бебі, ағылшын халқы ер-аза­мат­тарының басым бөлігі театрға бар­ған уақытта, цилиндр киіп барады және олар таксиге отырғанда бас­киімі төбеге тиіп қалмай, ыңғайлы отыруы керек. Сол үшін так­си­лер­дің төбесін биіктеткен. Міне, қы­зық! Біздің көзқараспен қарасақ, ма­шинаның төбесін аласартып, адам­дарға бас киімін шеше салған не­месе баскиімді қысқарта салған – қандай тұрғыда болсын тиімді емес пе? Әсіресе, экономикалық тұр­­ғыда. Жоқ, бірақ ағылшындар өйт­пейді. Себебі, театрға баратын өз­дерінің қалыптасқан мәдениеті бар. Сол үшін арнайы автомобильдер құрастырған. Яғни театр өнері, театр мәдениеті бүкіл халықты, эко­номиканы, өндірісті, саясатты, ди­зайнды толықтай өзіне бағын­ды­рып отыр деген сөз емес пе бұл? Қа­зір цилиндрді күнделікті киіп жү­ретін дәуір емес. Олар цилиндрді не­гізінен театрға барғанда ғана кие­ді.
Театр сонау құмға айналған кө­не Грекияда пайда болып, әр­тіс­тер­дің ойыны, музыкалық нөмір­лер, поэзия, проза, дизайн, живопись секілді бірнеше өнерлерді қам­тығанын ел білер. Біздіңше, театр алдымен осындай жан-жақ­ты­лығымен де құдіретті. Яғни бір­неше адамзаттық өнерлерді бір жер­де топтастыру, ұйыстыру осындай үлкен өнердің тууына себепші болып отыр. Мысалға, қойы­лым­да­ғы әрбір деталь өте маңызды роль ат­қарады. Әртістің қимылы, таби­ға­ты, болмысы, сөзіне оның киімі, қол­данатын заттары үйле­сім­ді болуы керек. Жалпы, театр­дың маз­мұнына, мәніне оған сәйкес ком­­позиция, музыка дұрыс таң­да­луы керек. Мысалы, осы деталь­дар­дың үйлесімін қазақ қойылым­дары­ның ішінде «Ай-Қарагөз» қойы­лымынан көруге болады. Т.Шапайдың «Дариға – дәу­рен» әнін қойылымға дөп түсір­ген.
Композитордың өмір сүретін дәуірі мен оқиғаның өрбитін кезеңі бір ғасырдан астам уақыттай болады. Алайда, бұл ешқандай кедергі болмай, сол қойылым мен ән тамаша үйлесіп тұр. Бұл жерде режиссер­дің му­зыкалық үйлесімділікті таба білу еңбегін атап өту керек. Немесе «Қызыл орамалды шынарым» қойы­лымындағы қырғыз әні де та­маша сәйкестендірілген. Спек­так­ль бастан-аяқ қазақ тілінде бол­са да, сол ән арқылы қырғыз хал­қының рухын сезінгендей бо­ла­сың. Айтматов есіңе түседі. Қыр­ғыз қойылымында отырғандай се­зінесің.
Мұхтар Әуезов өзінің «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» деген ма­қаласында «Театр — сымбатты өнер­дің ішіндегі ең зор өнердің бірі», – дейді. Адам өзін-өзі сақтап қа­луы үшін, рухани құнды­лық­та­ры­н­а кір жақпас үшін, үнемі теа­тр­дан сабақ алып отыруға тиіс. Осы орайда, Режиссер Робер Лепаж былай дейді: «Қазіргі адам – ертең де адам болып қалуы үшін театрға ба­рады».
Көп адам театрдан гөрі кинема­тог­­рафияны ұнатады. Кино мен театрдың айырмашылығы – театр­лық қойылымды сіз өзіңіз көресіз. Ал киноны сізге көрсететінін ұмыт­­­пау керек. Қазіргі уақытта сон­­­дай, «интертеймент» дәуірі бас­тал­­ды. Ақын Ерлан Жүніс айт­­қан­дай, «ойдың емес, шоудың» заманы келді. Мұндай кезекте театрдың бола­шағына алаңдамай қоймай­сың. Алайда, әлденеше ғасырды жүріп өт­кен театр өнері уақыттан, жаһан­дану­дан қорықпайды. Сөз жоқ, театр­дың өз аудиториясы бар. Дей тұр­ғанмен, театрды өз ауқы­мымен жауып келе жатқан суб­мәдениет фор­малары үлкен үрей туғызары анық.
Театрға бару үшін адам дайын болу­ға тиіс. Алайда, қазіргі тірлік тұ­қыртып, қыспаққа алып тұрған­да, адамдардың театр көруге уақы­ты бола бермейді. Немесе жағдайы ке­ліс­пейді. Яғни сананы тұрмыс би­леген уақытта рухани құнды­лық­тар туралы ойлану өте қиын. Со­лай емес пе?!
Алайда, бұл театрдың болашағы жоқ дегенге ешқандай да дәлел емес. Театр өлмейді де, оны ешкім өл­тір­мей­ді. Осы мәселеге байланысты ма­қаланы Олег Пивоваровтың сө­зімен аяқтағымыз келеді:
– Сенбеңіздер! Театр ешқашан өл­мейді. Себебі, бұл көз бен көз­дің, жүрек пен жүректің ара­сын­да­ғы байланыс. Сондықтан театр – мәңгілік өнер!

Нұртас Тұрғанбек.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір