Ақын рухына тағзым
01.09.2017
1227
0

30 тамызда көрнекті ақын Кеңшілік Мырзабековтың құрметіне ақынның өзі тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Аталмыш шараға ақынның туған-туыстары мен көзі тірісінде етене араласқан елімізге танымал ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Жиынды қалалық тіл басқар­ма­сының басшысы Мамай Ахет бас­­қарды. Шарада сөз алған ақын­ның ұлы, сыншы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лау­реа­ты Амангелді Кеңшілікұлы жи­нал­ған қауымға алғысын біл­діріп, ес­керткіш тақтаны орнатуға тіке­лей көмегін көрсеткен қала әкімі Бауыр­жан Байбекке ерекше іл­ти­патын жеткізді. Шарада ал­ғашқы бо­лып сөз сөйлеген Жазушылар ода­ғы басқармасының Төрағасы Нұр­лан Оразалин көзі тірісінде жа­қын араласқан досы туралы ес­теліктерімен бөлісті. «Кеңшілік Мыр­забеков өткен ғасырдың алпы­сыншы жылда­ры­ның басында қа­зақтың өлеңіне өзінің өзгеге ұқ­са­майтын өрнегі­мен, өзгеше даусы­мен, өрісі кең қанатты жырларымен келген болатын», – дей келе бүгінгі көрсетіліп жатқан құрмет өлең­нің жеңісі, ақынның жеңісі еке­нін, халқы оны қандай жағдайда да ұмытпайтынын тілге тиек етіп, бұл тақтаның бұры­нырақ орнығу керек болғанын да айтып өтті. Шарада сөз алған танымал ақын Серік Тұрғынбекұлы ескерткіш тақ­таны орнатуға септігін тигізген жандарға алғысын жеткізіп, ақынға арнаған өлеңін жиналған қауым­ның алдында оқып берді. Мем­лекеттік сый­лықтың иегері Темір­хан Медетбек өз биігінде өзі ғана ілесе алатындай іздер қал­дыр­ған осындай үлкен тұлғаның үйінің тұр­ған қабыр­ғасына ақын рухы ке­ліп, қайта қоныс теуіп жатқандай кө­рінгенін жеткізді. Ақын, аудармашы Қуа­ныш­бай Құрманғалиев та естелі­гімен бөлісті. Ақын, драматург Иранбек Оразбаев ақынға арнаған өз өлеңін оқыды. Шарада сөз алған белгілі ақын Аманхан Әлім­ұлы алдындағы ақын ағасының көзін көріп, бірге жүргені үшін өзін бақытты санайтынын жеткізді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір