Бас редактор тағайындалды
01.09.2017
1190
0

28 тамызда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Секретариаты өтті. Жиынға
Н.Оразалин, Ғ.Жайлыбай, С.Балғабаев, Б.Сарба­лаев, И.Оразбаев, Б.Шаханұлы, Ж.Шаштайұлы, Ұ.Есдәулет, Қ.Бақбергенов, Б.Жақып, Қ.Құныпияұлы, М.Ыбыраев, Ж.Әшімжан қатысты.

Жиынды жүргізген Қазақ­стан Жазушылар одағы басқарма Тө­рағасы Нұрлан Оразалин «Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Қазақ әдебиетінің» Бас редак­­то­ры Жұмабай Шаштай­ұлы өз өтінішімен «Егемен Қазақ­стан» га­зетіне ауысуына байланысты ба­сылымға жаңа Бас редактор та­ғайындау» еке­нін айтты. «Бұл құт­ты орында талай мықты­лары­мыз – Сырбай Мәуленов, Әзіл­хан Нұр­шайы­қов, Шерхан Мұр­таза, Оралхан Бөкей сияқты алып­тарымыз отырған. Жұма­бай Шаштай­ұлының осы жылдарда атқарған баянды, тия­нақ­ты жұмыстарына рахметімді ай­та отырып, секретариат атынан алғыс жариялаймын. Ж.Шаш­тайұлы кезекті құ­рылтайға дейін секретариат хат­шысы болып оты­рады», – деді.
Секретариат шешімімен бұ­ған дейін Одақ төрағасының орын­басары қызметін атқарып келген белгілі ақын, журналист Жа­нарбек Әшімжан «Қазақ әде­биеті» газетінің Бас редакторы болып тағайындалды. «Қазақ жур­налистикасына сіңірген ең­бегі үшін» төсбелгісімен ма­рапатталған Жанарбек Әшім­жан «Шабыт» халықаралык фес­тивалінің Гран-при жеңім-па­зы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлы­ғы­ның лауреаты. «Алматы ақ­ша­мы», «Жас Алаш», «Жас қа­зақ» басылымдарында жауап­ты қызметтер атқарған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір