Өнеріміз саған – Қазақстан
25.08.2017
1477
0

Қазақстан этномәдени бірлестіктерінің «Мың келбет» концерті және «Өнеріміз саған – Қазақстан!» республикалық фестивалі «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінің «Ethno Music Hall» концерттік залында өтті. Іс-шараларды ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Шараның ашылу салтанатын­да «Қоғамдық келісім» рес­пуб­ли­калық мемлекеттік мекемесінің директоры Александр Тараков сөз сөйлеп, фестиваль қонақ­та­рын арнайы құттықтады:
– «Мың келбет» атты кон­церт­ті көпұлтты Қазақстанның бір көрінісі деп бағалағанымыз жөн. Елімізде өмір сүріп жатқан ха­лықтарды өзара сыйластық пен Отанға деген махаббат бірік­тіреді. Елбасымыздың бастамасымен құрылған Қазақстан хал­қы Ассамблеясы адамдардың жан-жақты дамуына өз үлесін қо­суда. Өйткені, Ассамблеяға кі­ре­тін әр түрлі ұлт өкілдерінің шы­ғармашылығы әр концерт сайын шыңдала түсуде.
Біздің мың бұралған биші­леріміз бен зор дауыс иелері әр елдің ұлттық колоритін көрсете біледі.
Қазақстан өзінің тәуелсіздік жылдары барлық әлемге өзінің ұл­таралық келісімге қол жет­кізу­дегі әрекетті стратегиясын көр­се­те алды. Көптүрлілікте бірлік қа­ғидасын басшылыққа ала оты­рып, мемлекет өз әрекетін тек қана Қазақстан халқының мәде­ние­тін жаңғыртуға ғана емес, өш­пес диалогты жүргізуге, біздің елі­міздің барлық этникалық, кон­фессиялық топтары арасында жақ­сы қарым-қатынасты құруға ба­ғыттады.
Сонымен бірге, әр түрлі этно­мә­дени бірлестіктердің мақсат­тары мен міндеттері ұқсас. Оның негізінде – ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал ету, этни­каара­лық қарым-қатынастарды жетіл­діру, халықтар арасында өзара түсінікті нығайту, ұлттық дәс­түр­лерді жаңғырту және дамыту жө­ніндегі мәдени-ағарту жұ­мыс­тарын жүзеге асыру, тілді және мә­дениетті сақтау, тарихты зерделеу.
Қазақстанның этномәдени бір­лестіктерінің «Мың келбет» кон­церті мен «Өнеріміз саған – Қа­зақстан!» фестивалі Қазақ­стан­дағы этностардың достығын көр­сете отырып, Қазақстан хал­қы­ның бірлігін сақтап, еліміздің мә­дени ерекшеліктерін дамыту бо­лып табылады. Бұл жобалар – эт­номәдени бірлестіктерді бірік­тіру, Қазақстандағы этностардың мәдениеті, тілі мен дәстүрін жандандыру, сақтау және дамыту.
ымдастыратын концерт деп айтқан болатын, – деді ол өз сө­зін­де.
Концертте еліміздің этномә­дени бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ, халықаралық және рес­публикалық конкурстардың лау­реаттары Ардақ Әлекешев, Се­рік Ибрагимов, Ксения Сухома­зова, Ринат Малцагов, «VoX Acapella Band» және «Алау» то­бы өнер көрсетті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір