Өркениетті елдермен терезе теңестіру

0
59 қаралды

Кәсіптік-техникалық білім беру – келешек кепілі. Мемлекет тех­никалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқы­т­ылатын кәсіптер мен маман­дық­тардың түрлене түсуіне аса көңіл аударып отыр. Мемлекет бас­шысы Н.Ә.Назарбаев жыл сайын­ғы Қазақстан халқына арна­ған Жолдауларында кәсіптік жә­не техникалық білім беру кәсіби стан­дарттарға негізделіп, эко­но­миканың қажеттілігімен байланыстырылуы керек екендігін атап өту­де. Елбасының 2012 жылғы 27 қаң­тардағы «Әлеуметтік-эко­но­момикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жол­дауындағы 7-ші бөлімінде: «Бі­лім беру жүйесін жаңғырту ба­ры­сында біз үшін келесі іс-ша­ра­лар­ды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қа­зіргі заманғы әдістемелер мен тех­нологияларды енгізу. Екін­ші­ден, педагогтар құрамының са­пасын арттырудың маңызы зор. Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет. ХХІ ға­сырда білім беру ісін дамыта біл­меген мемлекет құрдымға ке­тері хақ. Сондықтан біз бола­шақ­та жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет» делінген. Бүгіндері Елба­сы­­ның тапсыруымен кәсіптік жә­не техникалық білім берудің жүйе­сі жаңғыртылып, әлемдік бі­лім беру кеңістігіне енуге бағыт алу­да. Бі­лім беру жүйесіне енгі­зіл­ген тү­бе­гейлі өзгерістер білім беру­дің маз­мұнын жаңартып, жаңа көз­қарас туғызады. Қазіргі ғы­лыми-техникалық үрдістің үз­діксіз, қар­қынды дамуына байланысты білім беру жүйесінің алдына жаңа талаптар қойылып отыр. Осыған орай, ең бірінші, әлемдегі алдыңғы қатарлы өркениетті, бә­секеге қа­білетті елдермен терезе теңес­тіру­дің басты амалы – жас ұр­паққа сапалы білім мен тағы­лым­ды тәр­бие беру. Кәсіби маман­дарды дайындауда Қазақстан Респуб­ли­касының жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартын жү­зеге асырудың негізгі бағыты – ғылым мен білімді тәжірибемен ұштас­тыру. Тәжірибе барысында бо­ла­шақ маман өзінің кәсіби ма­ман­дығы бойынша алғашқы тә­­жіри­бесін жинақтай бастайды. Қа­зіргі таңда кәсіптік салада жан-жақ­ты білімді, білікті, іскер, бәсе­кеге қабілетті маман даярлауда әр­бір білім алушыны жан-жақты із­денуге, өздігінен тың жаңа­лық­тар ашуға, қай салада болсын, ғы­лыми жұмысқа деген бейім­ді­лі­гін қалыптастыру көзделуде. «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман», – деп Президент атап көрсеткендей, бүгінгі күні егеменді еліміздің дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін жастарымыз білімді және бәсекеге қа­білетті болуы керек. Елбасы­мыз­дың халыққа Жолдауында берілген Қазақстанның Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұ­жырымдамасында алдағы жұ­мыс­тың ұзақмерзімді басымдық­тары белгіленген. Осы жолдағы ба­сым бағыттардың бірі – сапалы бі­регей білім беру жүйесі бар ұлт­тық білім берудің барлық буы­ны­ның сапасын жақсартуда сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс, педа­гогтан ақпараттық коммуникативті құ­зы­рет­­тілігін арттыруын талап етеді. осы тұ­жырым бағдарламаны негізге ала отырып, кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалып­тас­тыруда пе­­дагог құзыреттілігі, с­туденттен кә­­сіби құзыретті маман қалып­тас­тыруды бәсекеге қабылетті, бі­лімді, азаматтар тәрбиелеуді жүктейді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың заң­намалық тұжырымдамалық не­гіздері, әсіресе, Қазақстан Рес­пуб­ликасының 2011-2020 жыл­дар­ға арналған мемелекеттік бағ­дар­ла­масы білім беру жүйесінің бә­се­кеге қабылеттілігін арттыруды басты назарға қояды. Нәтижеге бағдарланған оқыту, яғни құ­зы­рет­тілік ең алдымен мұғалімнің кә­сіби құзыреттілігін қалып­тас­тыруды және дамытуды талап ете­ді. Кәсіби-педагог құзыреттілі­гін жүзеге асыруда, педагогтан қа­білеттілік пен даярлықты талап ете­ді. Сонымен қатар, кәсіби құ­зыреттілікке білімдер, іскерліктер, дағдылар мен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын, оның іс-әрекетін де қарастыруды талап етеді. Осының бәрі педагогтың кәсіби жоғары деңгейінің болуын қажет етеді. Педагогика ғылы­мын­да құзырет-тұлғаның белгілі бір саладағы өкілеттіліктері мен қызметтері аясын анықтайтын ин­терактивті сапасы ретінде тү­сіндіріледі. Оның құрамына білім­­дер, іскерліктер, дағдылар кіретіні белгілі. «Педагог білімін әр түрлі әдістермен білім алушыларға береді», – деп, кәсіби даярлықтың жо­ғары сапалы қол жетімділігі – кә­сіби сауаттылық негізі екенін анықтап берді. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қар­қыны, білім беру жүйесінің ал­дына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы – өз жұмыс ор­ны­на және бүкіл техникалық тіз­бекте технологияның үздіксіз өз­герістеріне бейімделе алатын құ­зыретті маман тұлғасын қа­лып­тастыру міндетті. Біліміне, білік­тілі­гіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа бі­лім беру жүйесінде болып жат­қан оң өзгерістерге байыппен қа­рап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінуі хақ. Сон­дық­­тан жүктеліп отырған аса жауап­ты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс-тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде педагогтың жылдар бойы жинақтаған іс-тәж­іри­бесін жаңа ақпараттық тех­но­ло­гияға ұштастыруын қажетті са­­­найды. Қазақстанның әлеу­мет­ті-экономикалық даму мақсатын жү­зеге асыруда кәсіптік білім бе­ретін оқу орындарында бәсе­ке­лес­­тікке қабілеті бар болашақ ма­­мандарға әр түрлі өндірістік са­лаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даяр­лау олардың әлеуметтік, кә­сіп­тік, өздік жұмыс жасай алу қа­білеттерін дамытумен белгі­ле­неді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарт­тардың орындалуын талап етеді. Қай заманда болсын өзінің атқа­ра­тын қызметіне қарай, жеке қа­сие­ттерінің көптүрлілігіне орай, өзі­не міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа ма­мандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық бо­лып саналады. Себебі, мұға­лім­нің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние – адамды кемел­ден­діру болып табылады. Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шы­ғар­ма­шыл тұлға болуы қажет. Ең керемет деген педагогты есіңе түсірген­де оның тұлғалық бейнесі көз ал­­дымызда ең бірінші тұрады. Ал кәсібилік екінші орында болады. Педагог өз пәнін жетік, жоғары дең­­­гейде және жан-жақты білгенде ғана шәкірт дайындай алады. Қа­зақстан Республикасының «Білім ту­ралы» Заңында «Білім беру жүйе­сінің басты міндеті – ұлттық жә­не жалпыадамзаттық құн­ды­лықтар, ғылым мен практика же­тіс­тіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған бі­лім алу үшін қажетті жағдайлар жа­­сау керек», – деп атап көрсетілген.
Со­­ны­мен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан­ның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақ­тылы қабілеттілігін қам­та­ма­сыз етуге мүмкіндік беретін аса маңыз­ды құралдарының бірі», – деп атап көрсетуі педагогикалық үде­рістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көр­се­теді. Демек, білім мең­гертудің тиім­­ді жолдарын, әдіс-тәсілдерін тал­май іздеу – әр педагогтың мін­деті. Әрбір педагог жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, бі­­лім алушылардың білімін же­тіл­діру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әр түр­лі әдістерді, ақпараттық технологияларды қолданудың қажет­ті­лігі туындайды. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеруде зият­кер­лік кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами қа­білеттің қалыптасуына игі әсе­рін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына кө­мектеседі. Елімізде болып жат­қан өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай оты­рып саралауды, студенттердің шығармашылық әлеуметін дамытуды, педагогтың іс-әрекетінің жаңаша тұрғыда ұйымдас­ты­рыл­уын талап етеді. Бүгінгі заманға жаңа­шыл, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлауда педагог-ұстаздың ақ­параттық-технологияларды тиім­ді әрі жүйелі қолдануы арқы­лы, оқыту үдерісіндегі өзекті мә­селелерді шеше алады. «Нағыз оқытушы» деп, білім алушылар­дың ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Бүгінде кәсіптік-техникалык мамандықтарға сұра­нысты өтеу – кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарының аса маңызды міндеті болып отыр. Студенттерді заманауи ғылым же­тістіктерімен қаруландырып, өн­ді­ріске, өнеркәсіпке жаппай ат­тан­­дыру кезек күттірмейтін мә­­­­селе. Жаңа заманға жаңа маман қа­жет екендігі баршаға мә­лім. Со­ның ішінде ол педагог алдына койылған, жүктелген – міндет еке­­нін ескере отырып, кәсіптік бі­лім беру ұйымдарында еңбек етіп жүрген озімде арнайы пән­дер­ді оқытуда алға қойып, ақпа­рат­тық технологияны ұдайы қол­данып студенттердің білімін кө­теруге жұмыстанудамын. Ақ­па­рат­тық технологияны қолдана оқыту – білімнің жүйелілігін, біріз­ділігін жолға қоюға, нәтижеге ба­ғытталуын жетілдіруге жете­лей­ді. Білім ордасында студенттер ар­найы пәннің өздеріне керек және маңызды екенін сезінуі керек. Ақпараттық технологиялық үде­рісі – білім беру жүйесін жаңар­ту және дамыту ғана емес, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңашыл оқытушысы қажетті­лігінен туындаған үдеріс. Педагог ретінде озіме ақпараттық технологияны меңгеру, оны әрбір сабақ­тарым­да қолдану, құзыретті педагог болуымда, сабақ берудегі амал- тәсілдерімді, дидактикалық жинақтарымның түбегейлі жаңа­ша іс-әрекеттерді жасауыма ке­рек­ті технология екенін айта кет­кім келеді. Білім берудің оң нә­тижесін, өнімін көру, одан ләз­зат алу – әрбір педагогтың қуа­ны­шы. Қорыта айтқанда, кәсіби даярлықта әрбір кәсіптік оқу пә­нінің білім мазмұны мен әдіс­те­мелік жуйесі негізінде жеке тұл­ғаға қойылатын кәсіби деңгейім, нәтижеге бағытталған сауаттылық шешімін табу керек. Өйткені, кә­сі­би даярлықта педагогке қажетті кә­сіби құзыреттіліктерді толық­қанды меңгерген оқытушы, сту­дент­ті оқытуда, білім алу нәти­же­сіндегі құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сөзсіз. Сөз соңын­­­да ағартушы- ғалым А. Бай­­тұрсыновтың: « Бала оқытуын жақ­­сы білейін деген адам – әуелі ба­лаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек», – деген сөз­дерімен түйіндегім келеді.

Ж.АЛИЕВА,
Қожа Ахмет Иассауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының мұғалімі.

Пікір қосу