Үштілділікті дамыту – болашаққа жол ашу
25.08.2017
2791
0

Еліміз үшін маңызды қадамның бірі – білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту. Сондықтан мемлекетіміздің қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмауы үшін өскелең ұрпақтың көп тілді меңгеруі қажет. Жастар ел келешегі болғандықтан, олардың көп тілді меңгеруі маңызды.

Бұл – заман талабынан туындап отырған қажеттілік.
Елбасы алға қойып отырған көптілділік мәселесі Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейкесті мәселе­лер­дің бірі. Себебі, жаһандану жағдайы мен әлемдік кеңістікке етене ену әлем тілдерін білуді талап етеді.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекет­тері де көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Көп­тіл­ділік қазіргі әлемнің басты мәселесі – адам­дар арасындағы келісім мен өзара түсіну­шілікті шешуге көмектеседі.
Елбасының мақсаты – еліміздің азаматтарынан өмірден өз орнын таңдай алатын өза­ра қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, бел­гілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениет-ті, басқа дамыған елдердің азаматтарымен тең иық тіресіп, білімімен санаса алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұл­ғаға айналатыны сөзсіз. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ. Мен бүгінгі ұрпақ­тың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл – мемлекет құрушы ұлттың тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеу­шілік пен технологиялардың тілі болғандық­тан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстан халқын бірік­тіріп, жақындасты­рып, өзара түсіністік пен сүйіс­пен­шілікке жетелейді», – дейді Елбасымыз өзі­нің дәстүрлі Жолдауында. Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әмбебап, жаһандық құндылықтарға қосу, әлемдік кеңістік пен көршілес мәдениет­тер өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыруға бо­лады. Әрине, дамыған өркениетті 30 елдің қатарына қосылу мақ­сатында жүргізіліп отырған «Үштұғырлы тіл» саясаты, шын мә­нін­де, елдің ертеңі үшін керек нәрсе. Бұның мақ­саты – көп ұлтты елі­мізде ұлтаралық тату­лықты сақтау, ұлттық-мемлекеттік бірт­ұтастықты қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді негіз ете отырып, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үш­тұғыр­лы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұм­тыл­уы­ның бірінші баспалдағы. Бұл мәсе­ленің бүгінде мемлекеттік деңгейде тал­қы­ланып, білім реформалары аясында қарас­тырылып отырғандығы қуантады. Білім беру­­дің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пай­да болды. Осы орайда құрылған «Тіл­дерді қол­­дану мен дамытудың 2011–2020 жыл­дарға ар­налған мемлекеттік бағдар­ла­масының» бас­ты мақсаты:
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;
ағылшын тілін меңгерту;
орыс тілін жетік білу;
әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;
тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.
Елбасының «үштұғырлы тіл» саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын ке­ңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөй­­­леп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны бау­лы­сақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны бау­ли­тыны­мызға көз жеткіземіз. Сондықтан да «Мем­­лекет­тік тілді үйрету балабақшадан бас­талуы тиіс. Бұл – заман талабы», – деген ел­ба­­сының қағидасына сүйене отырып, қазіргі таңда балабақшадан бастап мектеп табал­ды­рығын аттаған сәттен ана тілін меңгертуге, сауат­­ты­лыққа күш салынуда. Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен тәр­биеші-ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұл­ға­ны тәр­бие­леудегі еңбегі зор. Елба­сы­мыз-дың үштіл­ділік жоспарын іске асыру мақ­са­тын­­­да бала­лардың ана тілге деген сүйіс­­­пен­ші­ліктерін арттыру, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баулу басты орында. Сондай-ақ, өз туған ана ті­ліне қоса, өзге де тілдерді ба­ға­лай білуге баулу Ұлт көшбасшысы нұсқаған бас­ты ұста­ным­дар қатарына саналады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында мұғалімдерге сенім арта отырып, жастарымыздан үміттенеді. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушы­лары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қа­зақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр», – делін­ген­­дей, жастарды сауатты баулысақ бола­ша­ғы­мыздың жарқын болатыны белгілі. «Мен сө­зімді, әсіресе, жастарымызға арнағым ке­леді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстан­дық­тарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыт­тың қоз­ғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісің­дер», – деген жолдарда жастарымызға деген үміт пен сенім жатыр. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Бұл – мұғалімге, оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік артады. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Бүгінде осыны басшылыққа алған ұстаздарымыз үш тілді еркін меңгерген, өз білі­мін түрлі саладағы қарым-қатынас жағ­дайында пайдалана алатын ұрпақ тәрбиелеуге кірісіп те кетті.Қазіргі таңда барлық ата-ана­лар мектепке дейінгі жастағы балаларға ек-үш тілдің бастауыштық әдістемесін үйрете бас­таса, болашақта меңгеріп кететіндігіне сенеді. Бұл – өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жас­тайы­нан тілді базалық деңгейде білсе, бола­шақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Осыған байланысты үш тілде білім беруді дамытудың мақсатты үш бағыты нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаны жетілдіру және білім беру бағдарла­ма­ларын жаңарту бағыттары қарастырылып отыр. Бұл ретте мамандардың ойы – тілді табиғи негізде жетік меңгере алатындықтан тіл меңгере алмайды, күрделі деген ойдан шектелуі керек. Балаларды бір тілді оқытумен шектеу – дұрыс емес. Қазақ тілін өз туған ті­лім деп санап, сонымен бірге, орыс тілі, ағыл­шын тілі тілін қатар үйренуі тиіс. Еліміз­дің ор­та мектептеріндегі оқыту процесінде көп­тілділікті дамытудың басты тұжырым­дары: тәуелсіз Қазақстанның үш тілді қатар пайдалана алатын мемлекет ретінде дамуы; «Үштұ­ғырлы тіл» ұлттық жобасы – қоғамдық ке­лі­сімді нығайтудың негізгі факторы; көп­тіл­-
ділік – тілдер мен мәдениеттер байланысын дамытушы құбылыс.Мемлекетіміздің бі­лім беру үде­рісіне енген жаңартылған білім беру бағ­дарламасы да заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама болып табылады. Өз іс-тә­жі­рибемізде оқушылардың интелле­ктуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүр­гізудің тиімділігі зор деп білемін. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқу­лықтар, презентациялар, тест, т.б. түрлері оқу­­шылардың қызығу­шы­лы­ғын оятып, уа­қыт­тарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиім­­ді қолдануға түрткі болды. Шы­ғар­ма­шылық жұ­мыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқу­шылар қызыға орындап, еркін аударма жұ­мыстарын жасауға дағдыланды. Көп тілді үй­рету арқылы біз болашақта көкірегі ояу, көзі ашық , әлемдік мәдениетке көзқарасы қа­лыптасқан азамат тәрбиелейміз деген ойдамын. «Келешекке кемел біліммен», – деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстаным еткендей, әлем­дік білім кеңістігінің құпияларына үңі­ліп, қоғамға бе­йім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақ­ты дамыған, бірнеше тілді мең­гер­ген құ­зырет­ті тұлға қалыптасады деген се­німдемін.

Нұргүл Төлеуханова.
ШҚО, Тарбағатай ауданы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір