Грант саны бойынша көшбасшы
25.08.2017
1089
0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім алуға берілген грант саны бойынша еліміздің жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көш бастады. Төрт мың бір жүзден астам үздік мектеп түлектері ҚазҰУ-да білім алу грантын жеңіп алды, олардың көбі «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары. Қазақстандық жоғары білім бе­рудің бүкіл тарихында мұндай нә­тижеге ешқандай оқу орны қол жеткізбеген. ҚазҰУ грант саны бойынша өзге ЖОО-дан не­ғұрлым алда келеді. Мұндай нәтиже талапкерлердің саналы әрі мақсатты таңдауын, ҚазҰУ-ға деген қоғамдағы жоғары се­нім­ді айғақтайды.
Бүгінде сапалы білім жастар үшін маңызды өмірлік басым­дық болып табылады. Осы жы­лы университетке түсушілер тех­никалық және жара­ты­лыс­тану-ғылыми бағыттағы ма­ман­­дықтарға басым таңдау жа­­сады. Сондықтан ең үлкен бай­қау радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, стан­дарттау, сертификаттау жә­не метрология, биотехнология сынды мамандықтар бойынша жүр­гізілді. Сонымен қатар, ау­дар­­­ма ісі, халықаралық қаты­нас­тар, құқықтану, қаржы, есеп жә­не аудит, экономика және ха­лықаралық құқық мамандық­тары талапкерлер арасында та­ны­­мал. Магистратура мен док­торантураға түсуге де байқау өте жоғары. Жекелеген ма­ман­дық­тар бойынша үміткерлер саны бір орынға 20-дан аса адамнан ке­леді.
ҚазҰУ өз түлектерімен мақ­тана­ды, олардың ізденім­паз­ды­ғы мен табыстылығы оқу ор­дасы қызметінің басты көрсеткіші бо­лып табылады. Жұмыс беру­ші­лер жұмысқа қабылдарда Қаз­ҰУ дипломы бар мамандарға баса мән береді. Олар эконо­ми­ка­ның сан алуан салалары мен ел өмірінің түрлі аясында сұра­нысқа ие.
ҚазҰУ әлемнің үздік 250 ЖОО-ның қатарында және бі­лім, ғылым мен инновацияның же­текші орталығы болып табы­ла­ды. Университет әлемнің әй­­гілі жоғары оқу орындарымен қос­дипломды білім бағдар­ла­ма­ларын, ағылшын тілінде оқы­туды және халықаралық ын­ты­мақтастықты қарқынды да­­­­мытуда, жұмыс берушілердің та­лабын ескере отырып, нә­ти­же­ге бағытталған басқарудың ал­дыңғы қатарлы әдістерін, жаңа оқу бағдарламалары мен тех­нологияларды енгізуде. Қаз­ҰУ-да бірінші курс студенттерін қызықты әрі мазмұнды сту­дент­тік өмір күтуде, бірегей кам­­пуста табысты оқу мен шы­ғар­машылық мүмкіндіктерін жү­зеге асыру үшін барлық жағ­дай жасалған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір