КӨРШІ ЕЛМЕН БІРГЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ЫНТАЛЫМЫЗ
25.08.2017
1236
0

23 тамыз 2017 жыл ҚР Жазушылар одағында Ганьсу өлкесі, Ақсай Қазақ автономиясы басшыларымен кездесу болып өтті. Атап айтқанда, Қытай елінен келіп, жиналысқа қатысқандар арасында Ганьсу өлкесі, Ақсай Қазақ автономиясы әкімі Қалибек Солтанұлы, Ақсай аудандық саяхат мекемесінің меңгерушісі Бақыт Сағидолла, Сауда мекемесінің меңгерушісі Ланг Джи Хуа, Сыртқы істер мекемесінің басшысы Сун Хианг Линг, т.б. болды.


Кездесу барысында екі ел ара­сындағы мәдени, сауда және әдеби байланыс жайы сөз болды. Жиналысты ашқан Жазу­шы­­лар одағы басқарма Төра­ға­сы­ның бірінші орынбасары Ға­лым Жайлыбай көрші отыр­ған үлкен елмен қай кезде де кез­десуге, бірге жұмыс істеуге ын­талы екендігін жеткізді. Әде­би жағынан алғанда, Қытай елі­нің ақын-жазушыларының кі­тап­тары қазақ тілінде жарық кө­ріп отырғанын, алдағы уа­қыт­та да жарияланатынын сөз ет­ті. Сондай-ақ, қазақ жазу­шы­ла­рының да шығармалары бо­лашақта қытай тіліне аударылатынын атап айтты. Кездесуде сөз алған Ганьсу өлкесі Ақсай Қа­зақ автономиясының әкімі Қа­либек Солтанұлы жиналысқа қатысып отырған елшілермен таныстыра келіп, Қазақстанға келу себептерін түсіндірді. Қа­зақ елімен Қытай елі арасында мәдени, сауда байланыстарын нақты іске асыруға, сонымен қатар, әдеби-шығармашылық байланысты да нығайта түсуге ынталы екенін жеткізді. Ақсай Қазақ автономиясы жөнінде тоқтала келіп, одан басқа Қытай елінде Іле Қазақ автономиялық облысының Іле, Тарбағатай, Ал­тай деген үш аймағы бар еке­нін айтты. Оның сырт жа­ғын­дағы Санжы облысында Мори Қазақ автономиялық ауданы, Құмыл қаласында Баркөл Қазақ автономиялық ауданы орналас­қа­нын атады. Осыдан кейін ше­­­­каралас жатқан Ганьсу өлке­сінде Ақсай Қазақ автономиясы орын тепкенін айтты. Сондай-ақ, жалпы алғанда, ол жерлерде 1 млн. 500 мың адам тұратынын жеткізді. Ал Ақсайдың өзінде 4 мыңға жуық адам өмір сүріп отырғанын айтып, өлке тарихымен жиналғандарды таныстырып өтті. Қытай елінде тұратын қа­зақтардың арасында Ақсай өлкесіндегілер тұрмысы, білім де­ң­гейі жағынан алдыңғы қа­тар­да екенін де атай келіп, бола­шақта қазақ балаларының Қытай еліне барып білім алмасуына көмек қолын созатынын жеткізді. Сондай-ақ, жиналыс­та отырған жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев Қытай елінен келген қонақтарға рах­метін айтты. Қытайдан келетін­д­ер көп екенін, осы кездесудің өтуіне ықпал жасаған ақын Мұ­рат­хан Шоқанға алғысын біл­дірді. Жазушы Ганьсу елімен үне­мі байланыста болатынын айта отырып, болашақта әдеби, мә­дени достықты дамыту үшін ар­найы ұйым құру ұсынысын жет­кізді. Сонымен қатар, жи­нал­ғандардың арасынан ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының лауреаты Жәркен Бөдешұлы, музыка зерттеушісі Жар­қын Шәкәрім, «Ан Арыс» бас­пасының директоры Кәдір­бек Құныпияұлы, жазушы Болат Үсенов, ақын Дәулетбек Бай­тұрсынұлы сөз алып, әдеби шы­ғармалардың аударма мәсе­лесіне байланысты ұсыныстарын айтып, келген қонақтарға алғы­сын білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір