Бірліктің киелі бесігі
18.08.2017
2087
0

Мемлекетіміз тәуелсіздігін алғалы бері татулық, бірлік, келісім сынды құндылықтарды ту етіп көтеріп келеді. Еліміздің осы жылдар ішінде жеткен жетістігі тұрақтылық пен бейбітшіліктің арқасында болса, оның негізі Елбасы айқындаған этносаралық келісім мен бірліктен бастау алады. Бүгінгі күні Қазақстанда әлемде теңдессіз саналатын татулық пен бірліктің, көпэтникалық қоғамдық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасқаны баршаға аян.

Бірлік пен татулық тәлімінің қазіргі көп этносты Қазақстан жағ­дайында маңызы ерекше. Мем­лекет құраушы, елдің, жердің иесі ретінде қазақ халқы өзге ұлт­тар мен ұлыстарға оның асқан үл­гісін көрсетіп келеді десек, ар­тық емес. Тарихымызға үңілсек, оған анық көз жеткізе аламыз. Қиын-қыс­тау кезеңге тап болған өзге эт­нос өкілдеріне қамқорлық та­ны­тып, мейірімін аямаған қазақ хал­қы тағдырдың тауқыметімен жер аударылып келген түрлі ұлт өкіл­деріне төрден орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың өткен жә­не бүгінгі буыны шексіз риза. Қа­зақ жерінде қазір 130-тан аса ұлт пен ұлыс өкілі өмір сүріп жатыр. Ал Алматы облысында 105 эт­нос өзара ынтымағы жарасып, та­ту-тәтті өмір сүруде. 23 облыс­тық эт­номәдени бірлестік пен олардың ау­дандардағы 38, қала­лар­дағы 10 фи­лиалы, барлығы 71 этномәдени бір­лестік тіркелген. Еліміздегі эт­нос­тарға өз мәдение­тін дамытып, салт-дәстүрлерін сақтауға лайық­ты жағдайлар жасалған. Облыстық Қа­зақстан халқы Ассамблеясы жа­нында тұрақты негізде ғылыми-са­раптамалық топ, этносаралық та­қырып бойынша жетекші жур­на­листер мен сарапшылардың клу­бы, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Ана­лар кеңесі», «Облыстық Қо­ғам­дық келісім кеңесі» және «Бір­лік» жастар қауымдастығы, «Пара­сат» тіл жанашырлар клубы, «Өр­нек» би ансамблі, «Полония» во­калды тобы, «Көркем-ай» өнер-тә­лім отауы, «Вайнах» шешен-ин­гуш ән-би ансамблі, «Melоdi Kids» ән студиясы жұмыс істейді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық Үйі – Қоғамдық ке­лі­сім орталығы» қызметінің тағы бір басты саласы – жастардың бойы­на отаншылдықты сіңіру, ру­хани-ағартушылық бағыттағы жо­балар мен ұлттық салт-дәстүр, мә­дени мұраны сақтау, ұлттық құн­дылықтарды өнеге ету арқылы өңір­дегі тұрақтылық пен достықты қамтамасыз ету.
Қазақстан халқының бірлігін ны­ғайту, аймақтық Ассамблеялар­мен мәдени байланысты дамыту мақсатындағы «Бейбітшілік пен ке­лісім жол картасы» мега жобасы, «Жібек жолындағы сұхбат» ха­лық­аралық мәдени жобасы, Қо­ғам­дық келісім кеңестерінің қыз­ме­тіне арналған «Ауылым – алтын бе­сігім» облыстық форумы, ха­лық­­аралық балаларды қорғау кү­ніне арналған мүмкіндігі шектеулі ба­лалар арасында «Талаптыға нұр жауар», Қазақстандық отбасы кү­ні­не арналған «Ортақ шаңырақ ая­сында» фестивальдері мен 1 ма­мыр Қазақстан халқының бірлігі кү­ніне арналған «Өнерім – өмі­рім», Тұңғыш Президент күніне ар­налған «Елім деп соққан жүрегі» байқауларын өткізу дәстүрге ай­нал­ды.
Сонымен қатар, «Наурыз», «Мас­­леница», «Сабантуй» секілді мем­лекеттік, ұлттық мерекелер мен «Құрбан айт», «Рождество», «Пас­ха» секілді діни мерекелер, «ҚР Тәуелсіздік күні», «Алғыс айту күні», «Халықтар бірлігі күні», тағы да басқа мерекелер жыл сайын Достық үйінде өткізіліп тұрады.
Өзге этностардың қазақ тілін меңгеруіне методикалық көмек көрсететін Мемлекеттік тілді дамыту бағытында ұйымдас­тыры­лып тұратын жұмыстардың да эт­носаралық қарым-қатынасты да­мытуда өз үлесі баршылық. М­ә­селен, 2008 жылдан бері жұмыс іс­тейтін тілдерді оқыту орталы­ғын­да жыл сайын 40-тан астам өз­ге этнос өкілдері қазақ тілін оқып, меңгеріп шықса, қазақ тілін ер­кін меңгерген түрлі этнос өкіл­дерінен құралған «Парасат» тіл жанашырлары клубымен бір­лес­кен рухани-ағартушылық жобалар жүзеге асырылуда.
Соңғы жылдары өңірімізде тұ­ратын түрлі этностардың мә­се­лен, поляк, қытай, орыс, корей, татар, болгарлардың тарихи отаны болып есептелетін мемлекеттердің елшілік өкілдері өз диаспораларымен кездесуі секілді шаралар да тұрақты түрде ұйымдастырылу­да.
Әр жылдары түрлі форматтағы мә­дени-көпшілік, тәлімдік іс-ша­ралары ұйымдастырылуда. Мә­се­лен: 2014 жылы «Қорғас» шекара ай­мақтық ынтымақтастық орта­лы­ғында өткізген «Жетісу сурет­ші­лері» картиналарының және «Шеберлер ауылы» қолөнерші­лер­дің шеберлік кластары мен қо­л­ө­нер бұйымдарының көрмесі, сон­дай-ақ, екі ел арасындағы шағын жә­не орта кәсіпкерлік саласы бойын­ша ұйымдастырылған тәжі­ри­бе алмастыру мақсатындағы Ал­маты облысының кәсіпкерлік пен өнеркәсіп, инновациялық жо­­балар, инвестиция тарту бойын­ша ақпараттық көрмелер ұсы­­нылып, жоба өз деңгейінде өт­кізіл­ді.
2015 жылы Ресей мемлекетінің Барнауыл қаласында Алтай мем­лекеттік университетінде этнограф, фольклорист, саяхатшы, ағар­тушы, зерттеуші Шоқан Уә­лихановтың 180 жылдығына ар­налған іс-шаралар кешені ұйым­дас­тырылып, көрермендер «Ша­­ғала» би ансамблі, «Сазген» фо­льклорлы-этнографиялық ан­самблінің өнеріне тәнті болды.
2016 жылы Қырғызстан мем­ле­кетінің Токмок қаласында өткен қыр­ғыз бауырлармен тәжірибе ал­масуға арналған шарада жергі­лік­ті халық «Достық үйі – Қоғам­дық келісім орталығының», Алматы облысының шығармашылық ұжым­дарының өнерін жылы қа­был­дады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласы еліміздің эко­но­микалық және саяси жетістігін да­мытудың рухани бағдарламасын ұсынып отыр. Келешектің жар­қын, нұрлы күндері үшін мән-маңы­зы жоғары міндеттер қа­рас­тырылған мақалада айтылған ал­ты бағыттың да өзіндік ерек­ше­лігі бар, әрі бір-бірімен тығыз бай­ланыста. Расында, Президент ай­тқандай, «еліміз мықты, әрі жауап­кершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін» батыстық өмір сүру, ойлау стандарттарын қазақ се­кілді салт-дәстүрі ерекше ха­лық­тарға жаппай таңудың бола­шағы бұлыңғыр. Біз осы тұрғыда ұрпақ тәрбиесін қатаң түрде қа­дағалауға мойын бұруымыз қа­жеттілігі анық. Демек, Рухани жаң­ғырудың басты шарты – ұлт­тық менталитетті сақтай білу. Осы тұрғыда қолға алынатын «Үш тіл­де білім беру», «Мәдени және кон­фессияаралық келісім» сияқты бағ­дарламаларды, ұлттық салт-дәс­түрімізді қастерлеу керектігін бір ауыздан қолдаймыз.
Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақ­ты қадам», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруда» көрсе­тілген ұлт бірлігі мен қоғамдағы тұрақ­ты­лықты сақтау бойынша, Қазақ­стан халқы Ассамблеясының XХV сессиясында қойылған жаңа мін­деттерді облысымызда жүзеге асыру­да «Достық үйі – Қоғамдық ке­­лісім орталығының» да қосар үлесі зор.
2017 жылдың сәуір айынан бас­тап облыстағы қоғам қайрат­кер­лері, саясаткерлер, этномәдени бір­лестіктердің өкілдерінен құ­рыл­ған топ Достық үйінде, аудан, қалаларда, оқу орындарында, әр­ түрлі ұйымдарда, Елбасының ке­зек­ті жолдауын, «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша өңір жұртшылығының арасында ақпараттық-насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізілу­де.
Жыл сайын Қазақстан халқы Ас­самблеясының жоспарына сәй­кес, «Достық үйі – Қоғамдық ке­лі­сім орталығының» ұйымдас­тыруы­мен 300-ден аса үлкен­ді-кішілі іс-шаралар өткізіледі.
Достық пен ынтымақ – бұзыл­май­тын қорған, жол көрсетер ба­ған десек, осы тұрғыда өңірдегі әрбір диаспора, әр этномәдениет өкіл­дері өз мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрлерін сақтауға мүм­кін­дік ала отырып, ел игілігі жолында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға атсалысу арқылы олар Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағының астына тығыз топтаса түсуде.
Ұлт бірлігін арттырып, өңірі­міз­дің мәртебесін көтеретін, әр ұлт өкілдерін татулық пен бей­біт­шілікке үндейтін Достық үйіндегі өт­кізілетін өнеге тұтарлық игі ша­ралар мен бастамалар, қызықты да қажетті жобалар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Тәңірберген Қасымберкебаев,
«Достық үйі – Қоғамдық келісім
орталығының» директоры.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір