Халықаралық доданың жеңімпаздары
18.08.2017
947
0

Алматы мектептерінің жоғарғы сыныптарында оқып жүрген төрт оқушы қыз баладан құралған «/flash» атты топ АҚШ-тағы Силикон алқабында 7-11 тамыз аралығында өткен World Pitch Summit-ында бас жүлде алды. Technovation–2017 саммиті шеңберінде өткен бұл сайысқа дүниежүзі мемлекеттерінен жүзден аса топ қатысып, тек алты топ Technovation–2017 саммитінде жобаларын қорғау мүмкіндігіне ие болды. «/flash» тобының мүшелері Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы мен Chevron компаниясымен қаржыландыратын технологиялық және инновациялық хаб – MakerspaceAlmaty-да жетекшілерімен бірге жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған «QamCare» атты мобильді қосымшаны зерттеп, дамытып, бағдарламасын жазды. QamCare мобильді қосымшасы жасөспірімдерге GPS координаттарын төтенше жағдайда туыстарына жіберуге мүмкіндік береді. QamCare – қазақ тіліндегі Qamqor сөзінен шыққан.
Саммит шеңберінде, дүниежүзілік жобаны қоғау кезінде қазақстандық «/flash» тобы басқа мемлекеттерден қатысқан бес топпен жарысқа түсіп, оның шінде Үндістан, Армения, Кения және де басқа да қазақстандық топ атсалысты.
Technovation – бұл жас қыздар арасында технология мен кәсіпкерлік арқылы өздерінің қауымдастығында мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін, лидерлік және жаңашылдықты дамытатын жаһандық бастама. Тәлімгерлік бағдарлама кішігірім қыздар тобынан және әйел-жетекшілерінен тұрады. Ол қыздарға маркетинг пен технология саласында білім алуға және де ғылыми-зерттеу, топтық жұмыстар, әлеуметтік әсер ету және қауымдастық құру жолдарын үйренуге мүмкіндік береді.
Makerspace жобасы – инновация, өнер, түрлі мәселелерді технологиялар арқылы шешуді ынталандыратын ғаламдық қозғалысының бір бөлігі. Қазақстанда Technovation АҚШ Мемлекеттік департаментінің TechWomen бағдарламасының Диана Цой түлегімен 2016 жылы құрылған болатын. Азиза Ибрагим – «/flash» тобының жетекшісі, әрі Алматыдағы Makerspace координаторы және де америкалық «Open World 2016» алмасу бағдарламасының түлегі. GoWaCo атты алматылық екінші топ дүниежүзілік саммитке басқа топтармен қатысып, қайта өңдеу бойынша білім беру қосымшасын ұсынды.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір