«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»
18.08.2015
2714
0

2

Жалынды ақын Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа таныту мақсатында Петропавл қаласында республикалық Мағжан оқулары өткізілді. Сайысқа еліміздің 13 өңірінен облыстық кезеңнің 42 жеңімпазы қатысты.

Ережеге сәйкес, оқулар «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын жатқа оқу, «Толқынмен толқын сырласып…» – ақынның шығармалары бойынша зерттеу жұмыстарды қор­ғау, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас ақын­дар сайысы бағыттары бойынша ұйымдас­тырылды.

Мағжан оқуларының қорытындысы бойынша «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» байқауында Екібастұз қаласының «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9-шы сынып оқушысы Еламан Төлеутаев бас жүлдені жеңіп алса, Павлодар мемлекеттік инс­титутының студенті Оразбек Бақытхан Мағжан өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша бірінші орынды қанжығалап қайтты. Сондай-ақ, Май ауданы Жалтыр орта мектебінің 8-ші сынып оқушысы Айсана Сахимзадинова «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» және Качир ауданы № 3 жалпы орта білім беру мектебінің 7-ші сынып оқушысы Әйгерім Рамазанова «Толқынмен толқын сырласып…» сайыс­тарына қатысқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Тілеуберді САХАБА.
Павлодар облысы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір