«ЕР ТӨСТІК» және ҚАЗІРГІ ЗАМАН
04.08.2017
1666
0

Бақыт БОКЕБАЕВ,
Қазақ мемлекеттік циркінің директоры


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биыл сәуір айында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Тәуелсіз мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін, рухани діңгегін нығайтатын, тамырына нәр беретін мәдени-дүниетанымдық кешенді бағдарлама екенін ерекше атап айтпасқа болмас.

Елбасы жаңғырудың 6 бағы­тын, оның ішінде бәсекеге қабі­лет­тілік; Прагматизм; ұлттық бі­ре­­гейлікті сақтау; білімнің сал­­­­та­нат құруы; Қазақстанның ре­волюциялық емес, эволюция­лық дамуы; сананың ашықтығы деп орынды атап өткен. Сонау 1970 жылы дәл осындай бағыттарды өздеріне бағдаршам, мызғымас темірқазық еткен Малайзия елі «Ру­кунегара» деп аталатын ұлттық идеологиясымен бүгінгі күні ұлт­тық жаңғырудың кемеліне жетті. Төл мәдениетін құрметтеп, дәс­түрін ұлықтаған Малайзия елі әлем мойындаған Азияның азулы жолбарысына айналды.
Кез келген ұлттың қандай дауыл­ға болмасын, емендей най­қалмай төтеп беретін құдіретті күш-қуаты – Елбасымыз атап өт­кен­дей, оның ұлттық коды, ділі берік дүниетанымы. Жаңа тұр­патты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Ілкіден жеткен ұлттық мәде­ниеті мен төл өнерін саф алтындай сақтап қана қоймай, заман ағы­мына сай мәдени өнімдерін қайта тү­летіп, мәйегін бұзбай оқтын-оқ­тын жаңғырту сынды жауап­кер­шілігі зор игі істі, ұлы міндетті – шығармашыл қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері мен өнер ұжымдары еншілеп отырғаны біз үшін мәртебе. Сондықтан рухани жаң­ғыру алдымен зиялы қауым өкіл­дерінің ортасынан, туынды­ла­рынан серпіліс алып, ұлттық са­на­ның кемелденуіне әкелуі тиіс. «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, ұлттық сананың ке­мелденуінің екі қыры бар. Бірін­шіден, ұлттық сана-сезімнің көк­жиегін кеңейту, екіншіден, ұлттық бол­мыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық кар­тасында ешкімге ұқсамайтын, дер­бес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақ­стандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз… Мәдени өнім­де­ріміз тек кітап түрінде емес, әр ­түр­лі мультимедиалық тәсіл­дер­мен де шыққаны абзал» деген зор мақсат шығармашыл қауымның алдына қойылған міндет санаймыз. Демек, қазақ халқының ұлт­тық мұралары заманауи тех­но­ло­гиялардың пәрменімен жаң­­ғы­рып, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуі қажет. Осынау рухани жаң­ғыруға еліміздегі цирк өнері­нің қарашаңырағы – «Қазақ мем­лекеттік циркінің» ұжымы да өзі­нің сүбелі үлесін қосып келеді. «Қа­зақ мемлекеттік циркі» «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дарламасы аясында және Ха­лықаралық ЭКСПО-2017 көр­ме­сіне тарту ретінде тұңғыш рет қа­зақ халқының көнеден келе жат­қан «Ер Төстік» ертегісінің же­лісі бойынша цирктік лазерлік супершоу қойылымын жұртшы­лық назарына ұсынып отыр. Бұ­рын соңды цирк алаңында лазер­лік шоумен арнайы қойылым қойыл­мағанын және оның ұлттық ертегіден басталуы көрермендерге үлкен қызығушылық тудырғанын айта кеткен жөн.
Алматы қаласы Мәдениет жә­не архивтер басқармасының бас­шылығымен қала тұрғындары мен қала қонақтарына арнайы Халық­аралық ЭКСПО шарасы аясында кө­рермендерге билеттер құнын отыз пайызға жеңілдікпен сату да қарастырылған. Арнайы сценариймен дайындалған Ер Төстіктің бас­тан кешкен шытырман оқиға­лары, қиял-ғажайып ертегінің кейіп­керлері: Ер Төстік, Кенжекей, Ерназар, Самрұқ құс, Шал­құйрық ат, ақ пері, дала эльфтары, Қа­рашаш, Бекторы, Мыстан-Кем­пір және тағы басқалар цирк өне­рінің тілінде, каскадер жігіттердің қайталанбас трюктары, әуе гим­нас­тарының, акробаттар, клоундар, эквилибристтер, үйретілген аю­лар, ешкілер, иттер, көгер­шін­дер манеждегі ғажайып өнерлері арқылы көрерменге жол тартты. Қазақ мемлекеттік циркінің әйгілі «Фарандоль» балет тобының тамаша өнері «Ер Төстік» ертегісінің манеждегі қойылымын әрлендіре түсті. Бірегей қойылымға сән бе­ре­тін қайталанбас нөмірлердің қа­тарында халықаралық фестивальдерде жүлде алған цирк май­талмандарының бар екенін айт­пас­қа болмас. Мәселен, Қазақ мем­лекеттік циркінің артистері Н.Алшынбаевтың жетек­ші­лі­гіндегі «Легион» номерінің ло­пинг­тағы акробат-вольтижерлары жақында өткен «Азия жаңғырығы-2017» фестивалінде алтын жүлдені жеңіп алды. Рухани жаңғыру аясында заманауи сахналық технологиялар қолданылып, лазерлік шоу, жаңа тұрпаттағы цирктік нөмірлер, ерекше реквизиттер ұсы­нылды, 200-ге жуық ұлттық нақыштағы костюмдер тігіліп, қойылым қазақ және орыс тілінде қатар жүріп отырады. Көрермендер екі тілде өтуіне үлкен қызығу­шы­лық танытып, қазақ тілін үйренуге де мол мүмкіншілік бар екеніне риза болуда. Себебі, өтіп жатқан қойы­лымның әрбір әрекеттері екі тілде баяндалып отырады.
Жауыз күшке қарсы мейірім­ділік және Ер Төстіктің шынайы ма­хаббаты, оның достыққа адал­дығы жер үсті мен жер астын жай­лаған жауыздықты тоқтатуға жәр­демдесті. Цирк манежінде мейі­рімділік пен жауыздық, жақ­сылық пен жамандық, достық пен қастық, аңғалдық пен айлакерлік, тылсым құдірет пен сиқырлы қара күштер тайталасында Ер Төстік өзінің сенімді достарының арқа­сында халықтың арман-мұратына жетеді. «Ер Төстік» ертегісіндегі қай­ғы-қасірет, аштық пен қиын­дық құрсауында қалып, үміт үзіл­ген шақта шаңырақтың қүл­діреуі­шіндегі «төстіктің» ұлттың өзін сақтаудағы коды іспетті сим­во­ликалық мән-мағынасы зор, мақ­сатқа жеткізетін маңызды компонент екенін меңзейтінін ерекше айтар едік. Кеше ғана ұлтымыздың мақтанышы Халық артисі, сек­сеннің сеңгіріне шыққан Асанәлі Әшімов ағамыз жанұясымен келді. Ел шулап айтып жүр циркте жаңа бір лазерлік шоу Ер Төстік қойы­лыпты деп, соны бір көрейікші деп арнайы келіпті. Ағамыз келіп қат­ты риза болып, өте жоғары бағасын беріп кетті. Ол кісінің тілегі мен сөздері артистерге үлкен қанат бітір­ді. Ұлттық классикалық му­зы­­камен әрленгені қойылымға дөп келгеніне және ұлттық на­қыш­тағы костюмдерге дейін ұна­тып, Асанәлі ағамыз риза болды. Біз осы қойылым үшін арнайы 200 костюмді ұлттық нақышта тік­кіз­ген едік.
Бүгінгі арзанқол тарсыл-гүрсіл музыкамен емес, кәсіби композиторлар мен кәсіби фольклорлы-этнографиялық ансамбльдердің орындауынағы Н.Тілендиев, Т.Мұ­хамеджанов, Қуат Шілдебаев сынды үлкен композиторлардың музыкасын, ұлттық аспапта ойнайтын «Ер Тұран» ансамблінің орындауындағы шығармалары сүйемелдеп отырады.
Бұған дейін Қазақ мемле­кет­тік циркінде мұндай қойы­­лымдар қойыл­ма­ған. Негі­зі цирк қойы­лым­дары дивертис­менттік түрде қо­йы­лады. Ол де­ге­німіз – нөмірлер бірі­нен кейін бірі шы­ғады да, өнер­лерін көрсете бе­ре­ді. Ол балалар үшін іш пыстырып жі­бе­реді. Ал бұл Ер Төс­тік қойы­лымына ба­­лалар «енді не болады екен» деп қызыға қарап отырады. Қала­ның да, дала­ның да баласы қызыға көреді. Әлеу­мет­тік нашар жанұя­лар мен ба­ла­лар үйіне және қарт­тар үйі мен әр ­түрлі ауру дімкәс балаларды қор­­ғай­тын қоғамдар мен әкім­шіліктерден кел­ген өтініш хат­та­ры бойынша қан­шама көптеген қайы­рымдылық көр­сетілім жаса­дық. Се­бебі, Елбасымыздың бір та­маша сөзі бар – Бір ел – бір тағ­дыр де­ген. Олар осы мемле­кет­тің аза­мат­тары болған соң біздер де олар­ды ұмытпай, қатары­мыздан қал­дырмауымыз керек және олар қан­дай жағдай болмасын мен Қазақстан азаматымын деп нақ айтатындай сезімде болуы керек. Әлі де алдыға қойған үлкен жос­пар­ларымыз жетерлік. Қазақ мемлекеттік циркін дәріптеу үшін өнерімізді шыңдап, гастрольдерге шығуымыз керек. Соңғы отыз жыл­­да біздің цирк өз труппасымен толықтай ешқайда гастрольге шықпаған, ал жеке номерлерімізді жан-жаққа жиі шығарып тұрамыз. Фес­тивальдарға қатысып үлкен ше­берлігіміздің арқасында қол жет­кізген табыстарымыз да ауыз тол­тырып айтарлық. Үстіміздегі жы­лы бұрын-соңды цирк тарихында болмаған музей аштық, себебі, өмір өтіп жатыр. Осы цирк­тің алғашқы майталман артистері мен құрастырушылары өмірден өткен соң ұмытылып бара жатыр және бүгінгі Қазақ мемлекеттік циркін насихаттау мақсатында арнайы өз журналымызды шы­ғардық. Басқа елдерге барғанда барлық мемлекеттер өз журналдарын тарқатып жатқанда, біз­дердің берер түгіміз болмағаны ұят жағдайға қалдыра­тын еді. Атқарылған шаруалар аз емес. Де­генмен, алдағы жасалатын жұ­мыс­тар да жеткілікті әрине. Кө­­рермендерімізге Қош кел­діңіз­дер! демекпіз. Циркке келіңіздер, Цирк – таза өнер ордасы. Бұл жерге та­машалауға таңдай қағысып адам ба­ласының мүмкіншілігінің шек­теусіздігіне көз жеткізу үшін ке­леді, себебі, циркте өтірік өнер көр­сету мүмкін емес. Қаупі мен қа­тері мол цирк өнерінің қыры мен сыры мол.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір