ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢҒЫРТУЛАР
28.07.2017
1245
0

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін әрі қарай жаңғырту Тұжырымдамасы» бекітілді. Тұжырымдама ҚР Президентінің 2013 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан халқына зейнетақы реформасы мәселелері жөніндегі үндеуінде айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін ҚР Президентінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолда­уын ескере отырып әзірленді.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың қа­жеттілігі төменде келтірілген фак­торлардан айқын байқалады:
1. Ортақ зейнетақы мөлшерінің азаюынан және зейнетақы төлем көз­дерін одан әрі әртараптандыру қа­жеттігінен;
2. Ұзақ мерзімді демографиялық тренд­терден және экономикалық даму циклінен;
3. Зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекеттің, жұ­мыс беруші мен қызметкердің ара­сын­да бөлуді одан әрі оңтайландыру қа­жеттігінен.
Тұжырымдама Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы зейнетақы өзге­ріс­те­рін іске асыру тәжірибесі мен зейнетақы жүйесін дамытудың әлем­дік үрдістерін бағалауға негізде­ле­ді.
Зейнетақы жүйесін жаңғырту жұмыстары негізінде тұжырымдама бойынша зейнетақы жүйесін жаң­ғырту мақсатында мына негізгі ба­ғыт­тар бойынша жұмыс жүргізілетін болады:
1. Базалық деңгейде зейнеткерлер арасындағы кедейлікті азайту жә­не азаматтардың зейнетақы жүйе­сіне қатысуын ынталандыру мақса­тын­­да мемлекеттік базалық зейнета­қы­ларды тағайындау тетігі же­тіл­дірі­­-
ле­ді;
2. Міндетті деңгейде жинақ­таушы құрамдауышы сақталатын болады және жұмыс берушілердің өз қыз­меткерлерінің пайдасына 5% жарналары есебінен құрамдауышы енгізі­леді;
3. Қызметкерлердің және жұ­мыс берушілердің ерікті зейне­т­ақы жарналары есебінен қалыптас­ты­рылатын ерікті – үшінші деңгей сақ­талып, одан әрі дамытылатын бо­лады.
Зейнетақы жүйесіндегі жаңа­лық­тар жайына тоқталар болсақ, қа­зіргі таңда негізгі үш ерекшелікті атап өтер едік. Олар:
1. Әйелдердің зейнет жасын ұл­ғайту.
2. Базалық зейнетақы жүйе­сін­дегі өзгерістер.
3. Шартты-жинақтаушы құрам­дауышын енгізу.
2017 жылдың 1 шілдесінен бас­тап – мемлекеттік базалық зейнет­а­қы төлемінің мөлшері 14 466 теңгені құра­ды. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап – базалық зейнетақы төлем­дері ЕТКД-нің 54% (пайыз біртіндеп өседі), яғни 15 273 теңге құрайды.
Зейнетақы жүйесінде 10 жылдан кем қатысу өтілі бар тұлғалар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) ша­масынан 54% мөлшерінде.
Қатысу өтілі 10 жыл үстіндегі әр жыл үшін ЕТКД мөлшері 2%-ға артатын болады, бірақ 100% ЕТКД-дан аспайды.

Ырыскүл ЖҰМАБАЕВА.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір