ЗИЯТКЕРЛІКТЕН – ЗИЯЛЫЛЫҚҚА
28.07.2017
1256
0

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2014 жылдың 4 шілдесінде ашылды. Бұл – Қазақстан Республикасында ашылған он алтыншы Зияткерлік мектеп. Алматыда ашылған Назарбаев Зияткерлік мектебі оқу процесіне инновация енгізу және педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру базасы болатыны алдын-ала жоспарланған. Өйткені, Назарбаев Университетінің базасында педагогикалық шеберлік Орталығында бірінші, екінші және үшінші деңгейлік байқаулардан өткен, жоғары деңгейлі мұғалімдер конкурстық байқаудан іріктеліп алынады. Әрі Халықаралық тәжірибені енгізу мақсатында шетел мұғалімдері де жұмысқа шақыртылады. Мектепте жұмыс істеу үшін пән – мұғалімдері, тим – лидерлер және директордың орын­басары сынды мектеп дәрежесіне ыңғайлы мансаптық орындар да ыңғайластырылған. Австралия, АҚШ, Қытай, Панама, Франция, БАӘ, Катарда жұмыс тәжірибелері бар шетелдік мұғалімдер пәндерді ағылшын тілінде оқытумен қатар, балаларды халықаралық SET, SAT және IELTS емтихандарына дайындап, мектеп ішінде оның біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастырып, оқу бағдарламаларын құрастыруға да қатыса алады.

Назарбаев Зияткерлік мек­те­бі негізінен Халықаралық іс-тәжірибе мен Қазақстанның озық тәжірибелерін ала отырып білім беретін эксперимен­таль­дық мектеп болып табылады. Мек­тептің ішкі құрылымы мен қуа­ты, сынып жиынтығының са­ны жекеменшік жобаның сәй­кестігімен анықталады. Мек­теп ғимараты 75 сынып ор­наласқан 7 блоктан тұрады, оның 21 сыныбы 24 оқушыға ар­налған, 54 сынып 20 оқушыға арналып салынған. Оның ішін­де математика, интеграциялы сы­нып, техникалық модельдер сы­ныбы, нонолаборатория, биотехнология, робототехника, физика, химия, биология сы­нып­тары, сонымен қатар жеке оқушылармен жүргізілетін сынып пен психология сыныптары бар.
Білім грантының иегері жә­не Алматы қаласындағы Назар­баев Зияткерлік мектебінде оқу үшін күрделі конкурстық ірік­теу­ден өтуі керек. Осыған бай­ла­нысты Назарбаев Зияткерлік мектебінде Cito педагогикалық өлшемдер Институты және CTY Джонс Хопкинс уни­вер­си­тетінің талантты жастары Ор­талығымен бірлесе отырып жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша оқуға қабілетті балаларлы ірік­теуге және алдағы уақытта негі­зі­нен, қазақстандық және шет­елдік үздік технологиялық жә­не техникалық универ­ситет­теріне оқуға бағытталған жаңа емтихан жүйесі дайындалды.
Мектеп Hohenloher фир­ма­сының аппаратурасымен жаб­дықталған. Зертханалардың тиім­ділігі және ыңғайлылығы дәстүрлі сабақтар мен лекциялар өткізумен қатар командалық практикалық жұмыстарды бір платформада өткізуге мүм­кін­дік береді. Оқу сабақтарында оқу­шылар заманауи Cobra-4 мүм­кіндіктерін пайдаланады. Оның көмегімен тұздың қайнау температурасы мен ерітілген тұз­дың мөлшері арасындағы про­порциялық тәуелділікті анық­тайды. Сонымен қатар, оқу­шылар график жасау дағ­дыларын қалыптастырып, осы нә­тижелерді түрлі есептер мен проб­лемаларды шешуде қол­дана алады.
Мұндай жабдықтармен зерт­­теу жұмыстарын жүргізу жо­ғарғы мектеп балаларын хи­мия пәнін оқып меңгеруіне үл­­кен септігін тигізеді, сонымен қатар ғылыми жобаларды дайындау, болашақ маман­дық­ты таңдау әрі қабілеттік әлеуетін дамытуға да үлкен мүмкіндік бе­­реді.
Мектеп жаңа компьютер жүйе­лерімен, мультимедиялық ка­бинеттермен, жоғары өнімді компьютерлермен, интербел­сен­ді электронды тақталармен, жоғары жылдамдықты интернет желілерімен инновациялық бағдарлама құралдарымен жаб­дықталған. Бұл жабдықтар тек қана білім алуға көмектесіп қа­на қоймайды, сонымен қатар оқу процесін басқаруға да сеп­тігін тигізеді.
Спорт корпусында үлкен жә­не кіші зал, жаттықтыру за­лы қарастырылған. Үлкен зал баскетбол, волейбол ойнауға ар­налған, сонымен бірге құзға шығу қабырғасы және швед қабырғасымен жабдықталған. Кіші зал гимнастикалық құрал жабдықтармен жабдықталған. Мектеп ауласында газонмен жаб­дықталған футбол алаңы, әр түрлі алаңдармен қатар теннис корты, балаларға арналған демалу орындары бар. Ақпарат­тық блок 260 орынға арналған оқылым залы мен медиа­құрал­дармен жабдықталған кітап­ха­надан, 50 мың кітапқа арналған кітап сақтау қоймасынан тұра­ды. Мектептің акт залына 480 адам еркін сыяды, сонымен қа­тар радиотехникаларды сақтау­ға ыңғайлы жайлардан, декорациялар мен әртістерге грим жа­сайтын бөлмелерден тұрады. Мектепте 100 орыннан тұратын дәріс оқу залы және 50 орынды мә­жіліс залы қарастырылған. Зият­керлік мектеп толық жұ­мыс күнімен жұмыс жасаған­дық­тан, мектепте 300 орындық арнайы асхана жұмыс істейді.
Медициналық пункт дәрі­гер кабинетімен, процедуралық ка­бинетпен, психологиялық ка­бинетімен, стоматология ка­бинетімен, физотерапия ка­би­неттерімен жабдықтал­ған.
Мектеп оранжереясы қазақ­тың ұлттық нақышымен, ланд­шафтқа сәйкес декорациялық өсімдіктермен арнайы жабдық­тал­ған. Оранжерея мәжіліс за­лы және демалу орындары да уа­қыт сұранысына лайық эти­калық эстетикалық тәрбие беру қызметін де атқарады.

Еркін ЖАППАСҰЛЫ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір