Елбасы Әлібек Дінішевті қабылдады
21.07.2017
1392
0

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлібек Дінішев Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытудың қазіргі мәселелері, сондай-ақ, рухани жаңғыру үдерісіндегі шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің ролі жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы халық әртісінің мәдениет саласына сіңір­ген зор еңбегін жоғары бағалап, оның елімізде ғана емес, шетелдерде де та­­нымал екенін атап өтті.
Қазақстан Президенті мәдениетті да­мытуды мемлекеттік деңгейде қолдаудың маңыздылығына назар аударып, соңғы жыл­дары осы салада қол жеткізілген нақ­ты нәтижелерге тоқталды.
«Қазір еліміздің мәдениет саласы бағ­дарламалық мақаламда айқындалған ба­ғыттарға сәйкес дамып келеді. Біз бүкіл әлем­ге паш етілетін туындылар жасауға кіріс­тік. Жаңа опера және балет театрын, кон­церт залдарын салдық, соның бірі «Ас­тана ЭКСПО-2017» көрмесінің аума­ғын­да орналасқан. Бәрі опера және балет теат­рында өнер көрсеткісі келіп, сонда баруды қалайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ә.Дінішев Елбасына мәдениет пен өнер­ге көрсеткен қолдауы үшін алғыс ай­тып, «Астана ЭКСПО-2017» халық­ара­лық көрмесінен алған әсерімен бөлісті, сондай-ақ, отандық өнер әлемінде болып жатқан жаңалықтар жөнінде әңгімеледі. «Сіз елімізде өнердің дамуына зор мән беріп келесіз, жаңа мәдениет нысандары ашылып, жаңа шығармашылық ұжымдар құрылуда. Осының барлығы өнеріміз арқылы Қазақстанды әлемге таныту үшін жасалып отыр», – деді Ә.Дінішев.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір