«Мемлекеттік тіл – менің тілім»
21.07.2017
1499
0

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтында мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінен тұратын әскери қызметкерлер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау-сайысы өтті. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған тіл додасында барлығы бес әскери қызметші бақ таластырып, қазақ тілін қаншалықты деңгейде меңгергендіктерін паш етті.

Үш айналымда да топ жарған Александр Ершов сайыс қорытындысы бойынша ең үлкен ұпай жинап, «Мем­ле­кет­тік тіл – менің тілім» байқауының жеңім­­пазы атанды. Руслан Сухоручкин екін­ші орынға қол жеткізсе, Гарик Арутюнян үшінші орынға табан тіреді. Жеңім­паздар мен жүлдегерлер және сайысқа қатысушылар ынта танытып, бел­сенді өнер көрсеткендері үшін диплом мен сыйлықтарға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша сөз алған Петропавл қаласының мәдениет жә­не тілдерді дамыту бөлімінің бас ма­маны Сыздықова Алтынай Қожабай­қызы тіл додасының дайындық деңгейі жо­ғары болғанын, қатысушылар мемле­кеттік тілді жақсы меңгергендерін атап өт­ті.
Әскери институты бастығының (тәр­­бие және әлеуметтік-құқықтық жұ­м­ыс­тары жөніндегі) орынбасары подполковник Атабек Салықбаев қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақ­са­тында білім ордасында барынша жағдай жасалып жатқанын, алдағы уақытта бай­қауға институттағы өзге ұлт өкіл­дері­нің барлығының қатысуын алға тарт­ты. Сахналық қойылымдарда өнер көр­сеткен бір топ курсанттар бірінші бас­шы қолынан грамоталарды ием­ден­ді.

Медет Жексенай.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір