ЖАҢА БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕН ЖҮРЕКСІНУ БЕКЕР
21.07.2017
1842
1

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – түрлі әлеуметтік, экономикалық жағдайларда өмір сүруге икемді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Осы мақсатта еліміздегі білім жүйесі тәуелсіздік алғалы бері бірнеше реформаны бастан өткерді. Дамудың жаңа сатысына көтерілген егемен ел үшін ұрпақ білімінің деңгейін жақсартуға ден қойып, озық елдердің тәжірибесіне жүгіну орынды іс әрине. Десе де, өзгенің тың жүйесін көшіріп ала салмай, өзінің ұлттық ерекшеліктерімен астастыра отырып қажетіне жарату да жіті назарда ұстайтын мәселе секілді. Оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауына көбірек мән беретін он екі жылдық білім беру жүйесін, үш тілде еркін сөйлейтін, жан-жақты жастарды қалыптастыруға негізделген үштілді қатар оқыту жобасы және осы саладағы өзге де жаңашылдықтар түптеп келгенде қазақ болашағының жарқын болуын мұрат еткен бағдарламалар екені анық. Мектеп бітіруші түлектердің білім деңгейін қорытындылайтын жылдағы қалыптасқан ҰБТ жүйесінің биылғы жылы жаңа форматта ұйымдастырылуы да біздегі білім саласының жаппай модернизациялануының бір көрінісі болса керек. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымының кандидаты (PhD), Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің директоры Мырзантай ЖАҚЫППЕН болған әңгімеміздің ауаны да осы мәселелер төңірегінде өрбіді.

– Соңғы уақыттары орта бі­лім беру сапасын көтеру мақ­са­тын­д­а елімізде көптеген реформа­лар жүргізілуде. Солардың бірі – үштілді білім беру жүйесі. Осы үш­тілділік бастамасының мән-маңы­зына тоқтала кетсеңіз.
– Бүгінде білім саласында жүр­гізіліп жатқан түбегейлі өз­ге­рістер – ҚР Білім және ғылым ми­нистрлігін басқарып отырған бір-екі адамның кездейсоқ ойлап таба салған жеңіл-желпі іс-әре­кеті деп жаңсақ түсінбеге­німіз жөн. Бұл – Елбасымыздың арнайы тапсырмасы бойынша елі­міз қазіргі өркениет дамуы­ның қарқынынан қалып қой­мауы, жас ұрпақтың болашағы жар­қын болуы үшін жұмыла жа­салып жатқан жанашыр бі­лік­ті мамандар қауымының жүйе­лі жұмысы.
Әрине, бір орында тоқырап тұ­рып қалмауымыз үшін рет-ре­тімен жүзеге асырылатын мұн­дай реформалар өте қажет. Ұл-қыздарымыздың үш тілде, тіп­ті бірнеше тілде сөйлеп, жаза біл­геніне бәріміз де қарсы еме­с­піз. Бұған ешкім де таласпайды.
Десек те, қазіргі қазақ қоға­мын­да қызу пікірталас тудырып отыр­ған өзекті мәселелердің бірі – еліміздегі үш тілде білім бе­ру ісін ұлттық тәлім-тәрбие­міз­бен үйлесімін тауып ұйым­дас­тыра білуде болып отыр. Көп­шілікті толғандырып отыр­ған сұрақ та осы – біздің қазақ тіліміз әлемнің негізгі алпауыт ел­дерінің өздеріне қарағанда күш-қуаты әлсіздеу мем­ле­кет­тер­ге билік жүргізу құралына ай­налған, жер бетінде емін-ер­кін қолданылып жүрген ағыл­шын және орыс тілдерінің кө­лең­кесінде қалып қоймай ма де­ген айрықша алаңдаушы­лы­ғы­мыз бар екені баршамызға бел­гілі.
Қазақ халқы бар кезде ана ті­лі­міз де жойылмайды. Қазақ ті­лінің қолданылу аясын кеңей­ту көп жағдайда өзімізге байланысты. Құқықтық-заңнамалық тұрғыдан ана тілімізде оқып, жазуы­мызға зиянын тигізіп, ке­дергі келтіретін ешқандай да те­тік жоқ.
Мықты мемлекеттермен олар­дың тілін еркін меңгеру ар­қылы ғана иық тірестіре ала­тыны­мыз да ақиқат. Сол себепті, Қа­зақстан Республикасы Пре­зи­дентінің 2016 жылғы 1 нау­рыз­дағы №205 Жарлығымен бе­кітілген «Қазақстан Республи­ка­сында білім беруді және ғы­лымды дамытудың 2016-2019 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» белгілен­ге­нін­дей, 2017 жылдан бастап бар­лық мектепке дейінгі тәрбие жә­не оқыту ұйымдарында қазақ, орыс және ағылшын тілдері оқытылатын көптілді білім беру бағ­дарламасының элементтері кезең-кезеңімен енгізілетін болады. 2017-2018 оқу жылында 5-ші сыныптан бастап үш тілде білім беруді кезең-кезеңімен ен­гізу басталады. 5-11-ші сынып оқу­шылары үшін жазғы тіл мек­тебін ұйымдастыру мәселесі пы­сықталады. 2018 жылдан бас­тап жергілікті атқарушы орган­дардың мүмкіндіктеріне қарай, пилоттық режимде ағылшын ті­лінде оқытатын сыныптар ашы­лады.
Бұл мемлекеттік бағдарлама пікірталас ұйымдастыру үшін емес, онда көрсетілген нақты мін­деттерді орындап, үштілді бі­лім беру жүйесін жүзеге асыру үшін қабылданғанын басты назарға алсақ жақсы болар еді. Күш-қуатымызды қызыл сөз бен дау-дамайға жұмсап, уақы­ты­мызды босқа өткізбей, бала­ла­рымызды ана тілімізбен бірге ағылшын және орыс тілдеріне де жетік, ұлттық рухы мықты аза­мат етіп тәрбиелеудің жолдарын бірге ақылдасып тапсақ екен дейміз.
– Еліміздегі зерттеу орта­лық­тары үштілділік мәселесіне қа­тыс­ты зерттеулер жүргізіп жатыр ма? Олардың нәтижесі қандай?
– Үстіміздегі жылы ҚР Білім жә­не ғылым министрлігіне қа­расты «Ақпараттық-талдау ор­та­лығы» АҚ «Үш тілде білім беру­ді ұйымдастыру: ха­лық­ара­лық тәжірибе және Қазақстанға ар­налған ұсыныстар» атты арнайы зерттеу есебін жариялады. Осы есепте халықаралық сарап­шы­лардың кеңестеріне негіз­дел­ген көптеген құнды ұсыныс­тар бар. Атап айтқанда, Қа­зақ­­станда үштілділік және үш тілде білім беру­дің терминология жүйесін бі­різ­дендіру керек. Үш тілде бі­лім беру ұғымы ағылшын тілін үй­ренумен шектелмеуі тиіс. Үш тіл­де білім беруді жүзеге асыруға қа­жетті ресурстары жоқ ауыл­дық және шағын жинақты мектептерге ерекше назар аударған жөн. Өзге ұлттық тілдерде білім беретін мектептерде ұлт тілін ана тілі, қазақ тілін мемлекеттік және ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқытқан дұрыс. Үш тілді білім беруді тиімді жүзеге асыру­дың маңызды факторы – ата-аналар, мұғалімдер және білім беру ұйымдары басшыларының үш тілді білім беруді дұрыс тү­сінуі мен қолдауы. Сондықтан ата-аналар, мұғалімдер мен бі­лім беру ұйымдары бас­шы­лары­ның ынтымақтастығын нығайту керек.
Үш тілде білім беру жүйесін са­п­алы жүзеге асыратын білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы №386 қаулысы­мен бекітілген «Республикалық бюджеттен қаржыландыры­ла­тын білім беру ұйымдарында жо­ғары білімі бар мамандар даяр­лауға 2017-2018 оқу жылына ар­налған мемлекеттік білім беру тапсырысы» бойынша «5В010000 – Білім» мамандықтарына күн­дізгі оқу үшін – 6385, ал сырттай оқу үшін – 300, оның ішінде тіл­дік дайындықты күшейту үшін – 1000 білім гранты бөлініп отыр.
ҚР Білім және ғылым ми­нистр­лігі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мә­селелері бойынша ақ­па­рат­тық-түсіндіру жұмыстарын ба­рын­ша жандандырып, тұтас қо­­ғаммен – педагогикалық қа­уым­мен, ата-аналармен, оқушы-студенттермен, жалпы жұртшы­лық­пен тығыз байланыс ор­на­туы тиіс. Білім және ғылым саласын­дағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-тү­сіндіру жұмыстарын барынша бел­сенді жүргізуіміз керек.
Осы орайда, Үкіметтің арнайы қаулысымен ҚР Білім жә­не ғылым министрлігі орта­лық аппаратының функцияларына осындай жаңа міндеттер жүктеу жоспарланып отырғанын қолдап-қуаттаймыз. Бұл жобада жазылғанындай, білім беру са­ла­сындағы заңнамалық өз­ге­ріс­терге байланысты қоғамдық пі­­кірді тұрақты және жүйелі түр­­де зерттеп, оның нәтижелерін күн­­делікті қызметімізде бас­шы­лыққа алып отыруымыз қа­жет.
Сондай-ақ, жаңартылған бі­лім беру міндеттерін жүзеге асыру маңыздылығын жұрт­шы­лық­қа тұрақты түсіндіріп, осы са­ладағы жаңалықтармен ха­лық­ты дер кезінде, жедел түрде ха­бардар етіп отыру да аса маңыз­ды жұмыс. ҚР Білім және ғы­лым министрлігі орталық ап­параты білім және ғылым са­ласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпарат­тық-түсіндіру жұмыстарын жү­зеге асыру барысында осы са­ла­да белсенді қызмет істеп жат­қан Үкіметтік емес ұйым­дар­мен де тығыз ынтымақтастық ор­натып, бірлесе жұмыс істегені жөн.
– Биылғы жылы Ұлттық бі­рың­ғай тестілеу жүйесіне біраз өз­герістер енгізілді. Жаңа баста­ма­ның бұл жылғы нәтижесі қан­дай? Түлектердің толық бі­лім дәрежесін көрсетуіне мүм­кін­дігі болды деп ойлайсыз ба?
– Қазақстан Республикасында білім беруді және ғы­лым­ды дамытудың 2016-2019 жыл­дар­ға арналған мемлекеттік бағ­­­дарламасында атап көр­сетіл­геніндей, биылғы Ұлттық бі­рың­ғай тестілеу (ҰБТ) жүйе­сі­нің басты ерекшелігі – ол мек­тептегі қорытынды аттес­тат­­тауға және жоғары оқу орнында түсу емтихандарына бө­лінді. Сонымен бірге, та­лап­кердің одан әрі оқуға, жоғары білім алуға деген қабілетін, логикалық ойлау дең­гейін, ағылшын тілін мең­гер­ген­дігін, сондай-ақ база­лық құ­зыреттілігін (функ­цио­налдық сауатты­лығын) айқын­дауға ба­ғыт­талған тесттер­ді пайдалануды кеңейту көзделді.
Алғашқы кезде қызу пікір­талас тудырып, мектеп бітіруші тү­лектерді алаңдатып, көпші­лік­­тің көңілін күпті етіп, тіпті бас­тап­қы кезде үрейлендіре түске­ні­не қарамастан, 2017 жылғы жаңа үлгідегі ҰБТ сы­нағы сәтті өт­кізілді деп қоры­тынды жа­сау­ға толық негіз бар. ҚР Білім жә­не ғылым министр­лігінің Бас­пасөз қызметі күн сайын дер­лік жоғары оқу орындарына тү­суге арналған іріктеу емти­хандарының бір нысаны болып табылатын осынау ұлттық тес­ті­леудің әр күнгі қоры­тын­ды­ларын жедел түрде жариялап тұр­ды. Осы министр­лікке қарас­ты «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қызметкер­лерінің жұ­мыс­тары да жаман болған жоқ. 2017 жылғы ҰБТ-ның нәтиже­ле­рін талапкерлер мен ата-ана­ларға ұзақ күттірмей, бірден осы мекеменің Интер­неттегі сайтынан көруге барлық мүмкіндікті жасап қойды.
Тіл-көзіміз тасқа, бұл нау­қан­ның барысында аса бір өрес­кел оқиғаларды көрген де, бай­қа­ған да жоқпыз. Барлық жұмыс ой­дағыдай, бір қалыпты жүрді.
– Шындығында, тап осы ҰБТ-ға дайындық алдында талай жасөспірімнің жүйкесі сыр беріп жататын еді ғой.
– Жасыратын несі бар, бізге «Та­лапкер-2017» науқанының мәселелері бойынша күн сайын ондаған мектеп түлегі, олардың ата-аналары хабарласып, жағ­дай­ларын айтып, түсінбеген мә­селелерін сұрап жатады. Алға­шқыда: «Балаларымызға мек­тепте мүлдем оқытпаған та­қырыптар бойынша сұрақтар ке­ліп қалса қайтеміз?», «Ұл-қыз­дарымыздың көңіл-күйлері он­ша емес. Тамақ та ішпейді, кө­шеге шығуды да қойды, не іс­теуге болады? Қандай ақыл-кеңес бересіз?» – деген сауалдар­ды көп қойып жүрген ата-ана­лардың сөздерінде бүгінде үміт оты басым. «Балам шығармашы­лық мамандықтың екі пәнінен 35-38 балл алды», «Бес пәннен жинаған ұпайларымыз 100-ден асып жығылды, енді мемлекеттік білім грантына іліне аламыз ба?» – деп сұрайтын ата-аналар­дың қатары көбейді.
Біз үшін бұл – жақсылықтың ны­шаны. Бұл – ҚР Білім және ғы­лым министрлігінен бастап об­лыстық және аудандық Білім бас­қармалары мен бөлімдері, мек­теп басшылары мен ұстаз­дары жүргізген, оған өзіміз де қал-қадерімізше үлес қосып жат­қан белсенді ақпараттық-тү­сіндіру жұмыстарының нә­ти­жесі деп ойлаймыз.
– Иә, түсіндіру, ақпараттан­дыру жұмыстарының бұл тұста ат­қарар жүгі зор екені анық.
– Дұрыс айтасыз. Басқа сала­ларды білмеймін, дәл осы біздің білім беру ісіндегі қорқыныш пен үрей көп жағдайда тиісті ақпараттың жоқтығынан, қажет мәліметтердің дер кезінде жет­кізілмеуінен немесе жарым-жар­тылай, теріс түсіндірілуінен пай­да болатынын өмірдің өзі дә­лелдеп отыр. Күні кеше ғана кей­­біреулер үшін тіпті құбы­жық­тай көрінген ҰБТ-2017 бү­гінде қалыпты жүйе секілді кө­рініп, бойымыз да үйреніп қал­ды.
– Жаңа форматтағы ҰБТ-дан жүрексініп, сынақ тапсырудан бас тартқан түлектер болды ма? Жал­пы, мектеп бітірушілердің қан­ша пайызы тестілеуге қатыс­ты?
– Ресми мәліметтер бойынша 2017 жылғы ҰБТ елімізде Ұлт­тық тестілеу орталығының 165 бөлімшесінде 20-27 маусым ара­лығында жаңа форматта өт­кізілді. ҰБТ-ға қатысуға мек­теп­тердің 92 827 түлегі, олардың 67 627-еуі (76,3%) қазақ тілінде жә­не 20 968-і (23,6%) орыс ті­лін­де тапсыруға өтініш берген. Олар көлікпен, тамақпен және жа­тар жаймен қамтамасыз етіл­ген. Іс жүзінде 88 583 талапкер (95,4%) ҰБТ-ға қатысқан.
ҰБТ-ны ұйымдастыру үшін өңір­лерге ҚР Білім және ғылым ми­нистрлігінің 1815 өкілі жі­бе­ріл­ді. Құқық қорғау, денсау­лық­ сақтау қызметтерінің өкілдері бұл науқанға белсене қатысты. Биыл­ғы жылы тұңғыш рет бұлт­ты интернет іске қосылып, бұл қызмет еліміздің кез келген же­рін­де өтіп жатқан тестілеу барысын қадағалауға және құқық бұзу­шылық деңгейін төмен­де­туге айтарлықтай септігін тигіз­ді. ҰБТ-ның өткізу ережесі мен тыйым салынған заттарды қол­данғаны үшін тестілеуден 12 адам шығарылған. Тестілеу ба­ры­сында 85446 тыйым салынған зат, соның ішінде 43394 элек­т­рон­дық құрылғы (ұялы смартфон, роутер, модем және т.б.) және 42052 көшіруге арналған жазба қағаздар, оқулықтар және т.б. алынған.
ҰБТ өткізу орындарындағы 3300 пән мұғалімінен тұратын ап­пеляциялық комиссияға тапсырмалар мен сұрақтардың маз­мұны бойынша түскен 199 өті­ніштің 103-і, техникалық се­­­беп­терге байланысты келіп түс­кен 12 өтініштің 7-і респуб­ли­калық аппеляциялық комиссияда қаралып, қанағаттан­ды­рыл­ған. Еліміз бойынша бес пән­нен ҰБТ қорытындысы бойын­­ша орташа балл жалпы 140 баллдан – 80,5 балл болды. Өт­кен жылғы көрсеткіш жалпы 125 баллдан – 81 баллды құраған еді. Шектік деңгейдегі 50 балл ал­ған талапкерлер саны – 74 517 (84,1%), оның ішінде 60-65 балл алған талапкерлер саны – 5935 (7,9%), 66-119 балл алған талап­кер­лер саны – 52 717 (70,7%), 120-139 балл алған талапкерлер са­ны – 5 064 (6,8%). Шектік дең­гей­ден өте алмаған талапкерлер са­ны – 14 066 адам (15,8%).
Биылғы жылы ҰБТ жүйе­сі­нің өзгеріп кетуіне байланысты бұл іске жауапты мекеменің ат­қарған жұмыстарын қанша жер­ден қаттырақ сынап, барлық ашу­­мызды осы кісілерден алып жат­сақ та, ҚР Білім және ғылым ми­нистрлігінің өкілдері мен «Ұлт­тық тестілеу орталығы» РМҚК ұжымы, қатардағы қыз­мет­керлері мен басшылары жақ­сы жұмыс істеді. Мұны мойындауымыз керек.
Әрине, сынақтың бұл түрін құр­ғақ сөзбен мақтап, сүттен ақ, судан таза етіп көрсеткіміз ке­ліп отырған жоқ. ҰБТ-ның бұл жүйесінің орашолақ олқы­лық­тары әлі де жетіп-артылады. Оны жөндеу мақсатында атқа­ры­латын жұмыстар да әлі шаш-етектен. Біздің айтпағымыз – бі­лім саласына жауапты және осы үшін мемлекеттің қыруар қаржысы бөлініп отырған ресми мекемелер мен олардың тиіс­ті жалақысын алып отырған ма­мандары талапкерлермен жә­не ата-аналармен көбірек кез­десіп тұруы, тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыруы тиіс.
– Осы біздегі «білім сапасына тек мұғалімдер ғана жауапты» де­ген қасаң түсініктен қалай арылу­ға болады деп ойлайсыз?
– Рас, ҰБТ-ға байланысты бар­лық шаруаны тек қана мектептер мен мұғалімдердің мойнына жүктеп қоюға болмайды. Сонымен бірге, ҰБТ болсын, бас­қа болсын, жалпы білім са­ла­сына тек қана ҚР Білім және ғылым министрлігі жауап беруі тиіс деген түсінік те – біржақты және тұрпайы түсінік. Білім са­ласына облыс, аудан және ауыл әкімдері де бірдей жауапты. Бі­лім саласындағы жұмыстарды жақ­сы жүргізу үшін жыл сайын ірілі-ұсақты әкімдіктерге аз қа­ражат бөлініп жатқан жоқ. Әкім­дер білім саласына бөлініп жа­тқан сол қомақты қаржыны та­лан-таражға салмай, қалтаға баспай, тиімді жұмсауы тиіс.
Егер ата-аналар мен мектеп оқу­шыларының, жалпы қазақ қоғамының алдында білім са­ла­сындағы ақпараттық-түсін­діру жұмыстарын егжей-тегжейлі, жан-жақты жүргізуге ҚР Білім жә­не ғылым министрлігі, об­лыс­­тар мен аудандардың, ауы­л­дардың әкімдіктері өздері үлгере алмай жатса, онда үкіметтік емес ұйымдарды тарту керек. Қа­зіргі кезде елімізде ресми түр­де тіркелген және белсенді түрде жұ­мыс істеп жатқан 3 мыңнан ас­там үкіметтік емес ұйым бар екен. Солардың елеулі бөлігінің мақ­саты тікелей білім беру сала­сын­да іс-әрекет етуді көз_дей­­ді.
Біздің ұсынысымыз – ҚР Бі­лім және ғылым министрлігі, облыстық және аудандық Білім басқармалары мен бөлімдері бі­лім саласындағы үкіметтік емес ұйым­дармен, педагогтар қауы­мы­ның белсенді өкілдерімен ті­келей қарым-қатынастық іс­керлік байланысты күшейткені жөн. Білім саласындағы кем­ші­лік­терді бұқаралық ақпарат құ­ралдары мен әлеуметтік желі­лер­де өткірірек сынап, ой-пікір­ле­рін қаттырақ айтып, жазатын белсенді оқытушы-мұғалімдерді министрлік пен білім басқар­ма­ларының жауы деп санауға болмайды. Өйткені, дос жылатып ай­тады. Керісінше, белсенді оқы­тушы-мұғалімдердің басын қо­сып, білім саласындағы үлкен бір үкіметтік емес ұйым құрып, оның жұмысын заңды түрде қар­жыландырудың тетігін ой­лас­тырған дұрыс деп ойлаймын.
ҚР Білім және ғылым ми­нистр­лігінің, облыстық және ау­дан­дық Білім басқармалары мен бөлімдерінің құрамына кі­ретін, білім саласындағы үкі­мет­тік емес ұйымдармен жұмыс іс­тейтін құрылым ашып, елі­міздің белсенді педагогикалық қауымдастықтарымен тығыз бай­ланыс орнату қажет.

Әңгімелескен Айнара АШАН.

ПІКІРЛЕР1
Мұқан 21.07.2017 | 23:35

Қазақ тілі болмаса қазақ ұлты жоғалады. Қазақ тілі ғылым тілі болуы керек. Егер физика, биология және басқа ғылымдарды ағылшын тілінде болса, қазақ тілінің ғылыми тұрғыда дамымай, қарапайым ауызекі деңгейде қалып қояды. Сонда ұлттық бәсекелестік қабілетіміз мүлдем жоғалады. Жастарға қазақ тілінің идеология тұрғысында тәрбие беру керек.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір