ШАУ ТАРТҚАНДА КЕЗДЕСКЕН СЫНЫПТАСТАР
21.07.2017
1148
0

Аякөз деген, аядай бұлақ деседі,
Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді…
(Мұқағали Мақатаев).

Сағынар аулым бар – көзімді ашқан
Аякөз – алтын бесік, әнге қосқан.
Туған өлкем тұмарың төрімде тұр,
Таппаспын – жер ұйығын, сенен асқан! –
деп кезінде жырлағанымдай, шілденің орта­сын­да Аякөз қаласындағы №2 орта мектепте бір­ге оқыған сыныптас құрдастарыммен аң­сап қауыштық. Елу жылда – ел жаңа демекші, екі-үш құрбымды танып, басқаларын тани ал­маған жағдайымыз да болды. Сонымен, он­нан аса сыныптастар бас қостық. 7-8 адам өмір­ден өткен екен, құран бағыштап, тағ­зым етіп, еске алыстық.
Кездесу күнімізге қарсы бір құрбымыздың ба­ласы қайтыс болды деп естідік, енді бірінің жол­дасы өмірден өтіпті. Жетпіске тақағанда жол­дастардың сиреп қалғанына көзіміз жетіп, көңіл босады.
Өмірден озған сыныптастарымның артында қалған бала-шаға, немерелері аман болсын деп тілеймін. Құдай қосса, 2022 жылы бары­мыз­бен бас қосайық деп қимастықпен, қинала қоштасқан жайымыз бар.
Біз оқыған жылдары мектеп басшысы Жұ­ма­ғазы Жөкебаев, сынып жетекші Әбіл Барма­нашев ағайларымызға үлкен ал­ғыс айтамыз.
Немере-шөбере, ұрпаққа бата-тілегім: Қыр­күйектің бірінде мектеп табалдырығын ат­та­ғанымызға да 60 жыл болған екен.
Осы кездесуді ұйымдастырған сыныптас-ба­ла, досым, Аякөз қаласының тұрғыны Тө­леу­ғайша Мақсатқызына алғысымыз шексіз!

Дүйсенғали Қалдыбайтегі,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын.
Даманск соғыс ардагері.
Алматы қаласы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір