«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жөнінде…
14.07.2017
1100
0

Еліміздегі «Міндетті әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру» туралы заң 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек. 2017 жыл­дың 1 шілдесінен бастап алғашқы бел­гі­ленген соманы жинау жұмыстары басталады. Соған сәйкес, аталмыш мерзімнен бас­тап МӘМС барлық тұрғындардың жыныс, жас, әлеуметтік статус, тұрған жері мен алатын жалақысына қарамай ай сайын Қор есебінен оларға медициналық және дәрі­гер­лік көмек көрсетуге кепілдік береді. Бұл ретте, 2017 жылы жұмыс беруші өз жұмыс­шы­сының төлемақысынан 1% пайыз мөл­ше­рінде МӘМС қорына жарна төлейді. Қазіргі қаржылық ахуалға қатысты жарналар 2018-2019 жылы – 1,5 %, 2020 жылы – 2%, ал 2022 жыл­дан кейін 3%-ға біртіндеп өсіп, кор­пора­тивтік жеке салықтарды есептеу кезінде шег­ерілмек. Жарна 15 ТТМ (Төменгі төле­м­а­қы мөлшерінен) аспайды. Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жекелеген кәсіпкерлер екі ТТМ-нен 5% (2017 жылғы ТТМ 24459 тең­ге) көлемінде жарна төлейді. Ал жалдамалы жұмысшылар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысының 1%, 2020 жылы 2% Қор­ға төлеп тұруға міндетті. Тұтастай ал­ған­да, 2020 жылдан бастап жұмыс беруші мен жұмыскердің МӘМС қорына төлейтін жарнасы 5% болмақ. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай белсенділігі төмен тұрғындар бір ТТМ-ның 5% Қорға құйып отыруы тиіс. Кім медициналық сақтандыру қорына жарна төлемейді?
Әлеуметтік қорғалған тұрғындар санаты
– балалар;
– көп балалы аналар «алтын алқа», «кү­міс алқа»;
– ҰОС ардагерлері, мүгедектер;
– Зейнеткерлер;
– Жұмыс істемейтін оралмандар;
– Колледж, кту, институт, университеттерде күндізгі бөлімде оқитын студенттер;
– Жүкті әйелдер, бала 3 жасқа толғанға дейін­гі мерзімде декреттік демалыстағы тұл­ға­лар;
– Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлға­лар;
– 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға кү­тім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар;
– Сот үкімімен жазасын өтейтін тұлғалар уа­қытша қамау мен тергей изоляторында отырған тұлғалар.
Белгіленген жарналарды төлемеуіне бай­ланысты қоғамдағы өзіндік статусы жоқ тұр­ғындарға медициналық қызмет көрсе­тіл­меуі мүмкін. Өйткені, егер де азамат жұмыс­сыз ретінде тіркелуден бас тартса, онда ол Қорға ТТМ-нен 5% я болмаса айына 1144, сон­да жы­лы­на 16970 теңге төлеп тұруы керек. Ал өзіңіз­дің әлеуметтік статусыңызды «http://egov.kz» Электронды үкімет порталына кіру арқылы анықтай аласыз. Ол үшін ал­дымен порталға тіркеліп, содан кейін бас­тапқы беттегі «Әлеу­меттік статусты тексеру» сілтемесін басу ар­қылы Сізге қандай статус берілгенін біле ала­сыз.

М.Қ.ОМАРҚҰЛОВА,
ШЖҚ КММ «№1 Алматы қалалық емханасының»
Кеңес-диагностика бөлімінің меңгерушісі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір