Менің тағдырым – елімнің тағдыры
14.07.2017
1691
0

Петропавл қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Менің тағдырым – елімнің тағдыры» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасында іске асырылатын қоғамның осы заманға, біздің замандастарымыздың тарихына назар аударуға бағытталған ұсынысына үн қосу кітабы.

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы – осы  жылдар ішінде  жетістікке жеткен әр аумақтың, әр жас пен ұлт­тың 100 нақты адамының тарихы.
«Тек жалпыұлттық емес, сонымен қа­тар, аймақтық «100 жаңа тұлға» жобаларын құру қажет. Біз ұлттың ал­тын қо­рын құрайтын адамдарды білуіміз керек!» де­ген Елбасы сө­зіне орай, Қа­зақ­с­тан халқы Ас­сам­-
б­лея­сының және «Қо­ғамдық келісім» коммуналдық мем­­ле­кеттік мекемесінің қызметкерлері ар­найы осы кі­тапты даярлап шыққан болатын.
Кітапта саясаткер мен ұстаздар, жо­ғары мектеп өкіл­­дері, дәрігерлер мен мәдениет қайраткерлері, кә­сіп­керлер мен ауылшаруашылық басшыларымен таныстырады. Олардың  әрқайсысы­ның өз тағдыры мен өмірбаяны бар, қарапайым мінезі, еңбексүйгіштігі, тә­жі­рибесі, табыс жолында бағын­дырған биік­тері қазіргі ұрпаққа ғана емес, сонымен қатар, келешек ұрпақ­қа да қы­зықты әрі маңыз­ды.
«Бұл кітапта тек біз­дің кездегі емес, сонымен қа­тар, ал­­дыңғы буын­дар­дағы табысқа жеткен адамдар көрсе­тіл­­ген. Ол Отанды сүю  ісіндегі кішкентай кірпіш болады. Н.Ә.Назарбаевтың бағдар­ла­малық мақа­ла­сы­нан өзіміз біле­­тін­дей, отансүйгіштік өз жерін, ауы­лын, қаласын, ай­мағын, кіші Отанын сүйе білуден бастала­ды», – деді Н.А.Иванова.
«Біздің кітап – ғасыр басындағы ел­дің ұжымдық порт­­реті. Онда біз жал­пы игіліктер жолында еңбек ат­қарып, мық­ты ел құрып, оның рухани және мате­риал­дық құнды­лық­тарын сақтап, көбейтіп жатқан адамдар туралы айтамыз», – деді кітап редакторы Галина Воробьева.
Кітаптың тұсаукесерінде кітап кейіп­керлері, қоғам қай­рат­керлері, БАҚ, Солтүстік Қазақстан облыстық Қа­­зақ­стан халқы Ассамблеясындағы этномәдени бір­лес­тіктердің өкілдері, ардагерлер, жастар, облыстық Қа­зақ­стан халқы  Ассамблеясының және «Қоғам­дық ке­лісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қыз­меткерлері  болды. «Звонница» орыс және қазақ ән­дерінің халық хоры ұйымдастырған концерт жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй, отансүйгіштік сезімін сыйлады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір