Кітапқұмарлар өлкесі
14.07.2017
1358
0

Талдықорған қаласында, Жастар паркіндегі М.Мақатаев ескерткішінің алдында Алматы облысы әкімдігінің және Алматы облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының, сондай-ақ, Алматы облыстық ішкі саясат және жастар саясаты мәселелері басқармаларының ұйымдастыруымен «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты «Буккроссинг» жобасының салтанатты түрде ашылу шарасы өтті.

Еркін кітап алмасу шарасына Талды­қор­ған қаласының тұрғындары, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының мүшелері, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық фили­алы, мекеме қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жобаның мақсаты – оқырмандардың, со­ның ішінде жастардың интеллектуалдық тұр­ғыдан толығуына, рухани баюына септі­гін тигізіп, кітапты білім құралы ре­тін­де пай­далану жолдарын жеңілдету, қала тұр­ғын­дарының кітап оқуға деген қызығу­шы­лы­ғын арттыру.
Алматы облыстық Тілдерді дамыту жө­нін­дегі басқармасының басшысы
А.Ба­ш­­баев «Буккроссинг» жобасының маңы­зы мен мәні жайында сөз сөйлеп, атал­ған шараны ашық деп жариялап,
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бо­­ла­­шақ­қа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағ­дар­­ламасы аясында жүзеге асырылып отыр­ған «Буккроссинг» жоба­сының қағидасымен таныстырды:
– Әрбір оқырман сөреден қалаған кітап­ты алып оқуына, ұнатқан кітабын өз сөре­сін­дегі кітаппен алмастыруына болады. Бұл ұсы­нылған кітаптардың саны 600-ге жуық. Көп­шіліктің кітапқа оңай қол жеткізу мақ­са­тында әзірге қаламызда Арбат бойында, Жас­тар паркінде және Қа­ратал өзенінің жа­ғалауында көшпелі кітапхана орналасты­ры­латын болады.
Шара барысында «Жетісу» газетінің Бас ре­дакторы Ә.Әрін мен «Кәсіпкер» жур­на­лының Бас директоры Г.Сүлейменова ашылу салтанатының лентасын қиып, жобаға қол­дау білдірді.
«Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ә.Әрін қазақ даласы мыңдаған жылдар бойы өркениеттің ошағы болғандығын атап өтіп, аталған жобаның жас ұрпақтың келешегі үшін үлкен мәнге ие екендігін жет­кізді. «Бұл шараға ұжым болып, ауыл-ай­мақ болып атсалысамыз», – деп жобаға деген риза­шылығын білдірді. Артынша сөз алған Г.Сүлейменова «ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап» деген дәйек сөзге сүйеніп, жас­тарды кітап оқуға, сол арқылы білімін жетілдіруге шақырды.
Сананы жаңғыртумен қатар, ішкі жан дү­ниені өзгертуді әркім өзінен бастауы қа­жет. Бұл жерде кітаптың да әсері мол. Се­бебі, кітап оқуды қойған адам – ойлауды да қоя­ды. Талдықорғанның халық көп жинала­тын орындарында жасалған кітап сөре­ле­рін­­де әлем және қазақ әдебиеті клас­сик­те­рінің еңбектері мен балалар әде­биетіне қа­тыс­ты кітаптар қойылып отыр. Кез келген оқырман осы кітап сөрелерінен өзін қы­зықтыратын оқулық­тар­ды тегін алып, оқуына, сонымен қатар, ұнатқан кітабын жеке кітапханаларындағы кітаппен алмас­тыруларына болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір