Көне Талхиздің жаңа тынысы
14.07.2017
1307
0

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жұмыс сапарымен Алматы облысындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне барып, музейдің тыныс-тіршілігімен және ондағы жәдігерлермен танысты. Сондай-ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы Талхиз, Рахат және Өрікті көне қалашықтарында болып, қазақстандық археологтармен кездесті.

Мәдениет және спорт министрі Тал­хиз қа­ла­шығын «Есік» қорық-музейі қа­рамағына өткізу мәселесі қа­ра­лып жат­­қанын айтты. «Ең бі­рін­­­ші кезекте жер-ка­дастр­­­лік мә­селелерді ше­шіп алу керек. Сон­дай-ақ, біз та­рихи-мәдени ны­са­н­дардың турис­терге қол­­жетім­ділі­гін, инфра­құры­лымы мен ком­­муни­ка­­цияларын жақ­сарту жөнінде әңгімелестік. Бұл жерде туристерге сапалы сервис көрсететін ви­зит-орталықтар салу қажет», – деп атап өтті Арыстанбек Мұхаме­ди­ұлы.
Арнайы топ бұдан кейін Есік қа­ла­сынан оңтүстікке қарай 5 ша­қырым жер­де жат­қан Рахат қала­шығына барды. Ра­хат – Сақ патша­ла­рының резиденция­сы болған, Алтын адамды соңғы са­парға осы жерден шы­ғарған деген болжамдар бар. Рахат қа­ла­шығын Шанси про­вин­ция­сының археологиялық институтымен (ҚХР) біріге отырып зерттеудің ал­ғаш­­қы кезеңі аяқталды. Зерттеу нә­­­ти­же­сінде, ерте темір дәуірімен орта ғасырларға дейінгі кезеңдерге жататын артефактілер табылған. Топырағын түр­тіп қалсаң тарихы сөйлеп ала жө­не­летін өңір өзін зерттей түссең берері көп екенін сенсациялық Алтын адамымен-ақ  дә­лел­деген. Әйгілі қазақ археологі Бек­мұ­ханбет Нұрмұханбетовтың құр­ме­тіне ұйымдастырылған «Нұрмұханбетов экскавейшнс» экспедициясы екі айдың (мамыр-маусым) ішінде Өрікті обасынан б.э.д. IV-III ғасырлардан қалған сүйектер мен үш алтын моншақ, бір темір түйреуіш тапқан. Араны соншама уақыт бөліп жат­қанын есепке алсақ, бұл – аса қымбат мұ­ра есептеледі. Сол сияқты, Өрікті оба­сында, «Есік» қорық-музейіне қарасты Өр­нек ауылдық аумағында Оңтүстік Ко­рея, ҚХР және отандық археологиялық экс­педициялар зерттеу-қазба жұмыс­та­рын жүргізіп жатыр. Қытайлық маман­дар­мен бірлескен зерттеу жобасы алдағы 5 жыл бойы жалғасатын болады. «Есік» қорық-музейінің археологтары мен ко­реялық бес бірдей институт атсалысқан жұ­мыстар да же­мі­сін берді. Өрнек ауы­лы маңында был­тырғы жылы сақ дәуіріндегі әйел­дің жерленуі мен ке­рамикалық ыдыс­тар және алтын бұйымдардың бөл­шек­­терімен та­нысу­дың сәті түскен. Кә­ріс­тер­мен бірлескен жұмыс та жалғасын табады. Министрдің айтуынша, зерт­теу жұмыстарының екін­ші ке­зеңі енді басталады. Бұл жолы Рахат қа­ла­шығында қазба жұмыстары жүргізі­ле­тін болады.


Қазіргі таңда қоғамның рухани жаңғыруы бойынша Елбасы қойған міндеттер аясында археологиялық жұмыстарды жандандыруымыз қажет. «Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасын іске асыру аясында біз Қазақстанның мәдени-географиялық белдеуін және киелі картасын қалыптастырамыз.


«Қазіргі таңда біз ортақ зерттеу жұ­мыс­тарының екінші кезеңіне өтудеміз. Бұл жұмыстар корейлік мамандармен бір­лесе Рахат қалашығында өтетін болады, «Есік» қорық-музейі археологиялық қаз­баларды жүргізуге республикалық және шетелдік ұйымдармен шарттық қа­рым-қатынастар орнатылып, қазіргі таңда Оңтүстік Корея және ҚХР ғылыми ұйымдарымен ортақ жұмыстар жалғасу­да.  Қазіргі таңда қоғамның рухани жаң­ғыруы бойынша Елбасы қойған міндеттер ая­сында археологиялық жұмыстарды жан­дандыруымыз қажет. «Қазақстанның кие­лі жерлері» арнайы жобасын іске асыру аясында біз Қазақстанның мәдени-географиялық белдеуін және киелі картасын қалыптастырамыз», – деді
А.Мұ­ха­медиұлы музей қызметкерлері және қа­зақстандық археологтармен кездесуін­де.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір