Фаризатануға қосылған еңбек
14.07.2017
2347
1

Ф.Оңғарсынова поэзиясының табиғатын тану – алыптардан бастау алады дейміз. Көрнекті сөз зергерлері Ғ.Мүсірепов («Екі ауыз сөз»), Ә.Тәжібаев («Ой мен сезім нақыш­тары») айтқан бағалы ойлармен қоса М.Қаратаев, С.Сейітов, Ә.Жәмішев,
 С.Қирабаев, Т.Тоқбергенов, Р.Нұрғали, т.б. ғалымдар да өз еңбектерінде
Ф.Оңғарсынова поэзиясына аса үлкен ықылас танытқан болатын. Ақынның өз замандас-қаламдастарынан, жолын қуған іні-сіңлілерінен Ә.Кекілбаев («Нұрлы жүрек туғызған Жыр-құдірет»), Б.Асылжанов («Менде бір тебіреніс бар»), К.Ахметова («Ақынсыз бір сәті, бір күні аңыз»), С.Жұмабеков («Жырлары жанарында жарқыл­даған»), Н.Оразалин («Асқақтық пен Рухты аялаған жыр»), У.Қалижанов («Уақыт үндестігі»), Ә.Бөпежанова («Өжет жырға өлім жоқ»),
Т.Медетбек («Қасіреттен тұрады бақытым да») оның өлеңдеріне тоқтал­мағандары, жоғары бағала­маған­дары кемде-кем. Алайда, Ф.Оңғарсынова мұрасында әлі де жүйелі арнада зерттелмеген саланың бірі – ақынның поэмалары болатын.

Жуырда «Елтаным» баспасынан жа­рық көрген Б.Керімбекованың «Фа­риза Оңғарсынова поэма­ла­рын­дағы идеялық-көркемдік ізденістер» атты монографиясы осы олқылықтың орнын толтырғандай. Еңбекте ақын­ның «Сайраған Жетісудың бұл­бұлы­мын»,  «Тартады бозбаланы магни­тім», «Алмас қылыш немесе мен Ма­хамбет­пен қалай кездестім», «Тың­даңдар, тірі адамдар», «Қасірет пен ерлік жы­ры», т.б. поэмаларының жанрлық-көр­кемдік ерекшеліктері бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша ба­ғам­далыпты. Әсіресе, қазақ әйе­лінің ұлттық болмысын таны­тудағы дербес ізденістері мен поэтикалық шеберлік мәселелері Ф.Оңғарсы­нованың «Сырласу немесе ақын әйел­дің анасымен диалогы», «Қыр­да­ғы айқас», «Ақбөбек жыр­лары», «Қар­ғыс», «Дыбыстар әле­мі», «Қа­зақтың бір қызы бар Кәм­шат деген» сынды поэмалары аясында талдап көрсеті­леді. Сондай-ақ, ав­тор Фариза поэма­ларындағы ұлт­тық сипат, мінез дара­лығы, лиризм, психологизм, мотив мәселелеріне де на­зар аударып, тео­рия­лық тұрғыда жүйе­лі талдаулар жүргізген.
Аталған еңбек жоғары оқу орындары филология факультеттерінің сту­денттері мен магистранттарына, сон­дай-ақ, жалпы әдебиетші қауымға ар­налған.

Еркінгүл Солтанаева,
филология ғылымының кандидаты.

ПІКІРЛЕР1

Фариза апамның көзі тірісінде басталған еңбек еді…
Диссертация болып қорғалғанына біраз жыл болғанымен, ақын апамыздың суретімен әдемі етіп монография етіп шығару сәті осы күнге келіпті…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір