Жастар және әлеуметтік білім бағдары
11.07.2017
1462
0

2014-2017 жылдары ел ішінде және Еуразия Ұлттық университе­тінде жастар туралы жүргізілген түрлі әлеуметтік зерттеулер нәти­жесі әлеуметтік таным мен көз­қа­рас­қа сай жастардың құндылық бағдарының отбасы мен ортасына 70 % байланысты екенін көрсет­ті. Осыған сәйкес, қазақстандық жастардың білім алу мен кәсіптік бағдарын түсіну үшін олардың өмі­ріндегі отбасы мен ата-ана ролі­нің маңызын ескеру керек. Жас­тар көбіне үлкендердің тә­жіри­­бе­сіне сүйенеді, бұл біздің қо­ғамда қалыптасқан тамыры терең мәдени дәстүр.
Соңғы жылдары отбасының әлеуметтік-экономикалық мәдени өзгерістерге ұшырауы және жа­һан­дану сияқты факторлардың ел­дің экономикалық, әлеуметтік сондай-ақ, мәдени бедерін өзгерт­кенін ескерсек, біріншіден, мәсе­ле­­лер­ді шешудегі мемлекеттің ро­ліне қатысты патерналистік кө­ңіл күй­дің басымдығы (Атбасар аудандық Жастар ресурсы орта­лығы 58 %), праг­матикалық бағыт­тың үстем­дігі (грант берілетін маман­дық­тарды таңдау, экономи­калық және инженерлік, медици­налық ма­ман­­дықтарды таңдау) әлеумет­тану­шылар меңзеп отыр­ғанға жа­уап бола алады. «Орталық Азия жастары: Қазақстан» атты зерттеулер нәтижесі бойынша сұрал­ған репонденттердің 50 %-ы көр­ші Ресейде және алыс шетелде бі­лім алғанды қалайды екен.
// Орталық Азия жастары. Қазақ­стан. Әлеуметтік зерттеулер нәти­же­сінде жасалған. Клаус Хурель­манның ғылыми жетекшілігімен (Германия, Берлин) Алматы, 2016. – 440 бет\\.
Соған қарамастан зерттеулер нәтижесі жастар санасында ин­дивидуалистік көзқарастың өске­нін растайды. Сұралған жастар­дың 50 % -ы отбасынан қажетті қолдау таппайды екен. Жастар ара­сын­дағы суицид, олардың діни сек­та­ларға өтуі бүгінгі отбасылар тран­сформация дәуірінің соқ­қысына төтеп бере алмай отыр деген болжамды растайтындай. Өйткені, бүгінгі отбасылар жаңа заманға бейімделу, отбасылық әлеуметтену жолында өз бағдарын әлі де анық­тай алмай отыр.
Зерттеушілер назар аударған жағымсыз әдеттің бірі – диплом­ның культ болуы, өзін кәсіби тұр­ғыдан жетілдіруден бұрын қар­жы­лық жетістікке иек арту. Бұл бү­­гін­гі әлеуметтің айқын бейне­сін, жоғары оқу орнына дейінгі дайын­дық барысында мамандық таңдау тұрғысынан ақпараттың жетіспеу­ші­лігін көрсетіп отыр. Қоғам мү­ше­лерінің Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпараты кем. Олар маман­дықты бол­жамдар мен ықтимал­дылыққа сүйене отырып таңдай­ды.
Қоғам да, отбасы да бүгін жа­һандық кеңістіктен, оның талаптары мен үрдісінен шет қала алмайды және өз мүмкіндігіне қарай белең алған өзгерістерге бейім­делуге тырысады.
Статистикаға сүйенсек, Қазақ­стан­ның жастары мемлекет хал­қы­ның 27 %-ын немесе 4, 5 млн. адамды //www.stat.gov.kz//құрай­ды. Болжам бойынша, бұл кө­рсет­кіш әрі қарай өсе береді. Еліміздің жастары әлемнің жастары бетпе-бет келген мәселеге тірелетіні анық. Қоғамның басты институты – отбасының ролі біздің жастарымыз үшін маңызды және ол білім алу мен кәсіптік бағдарға қатысты ауқымды мәселелерді жастармен бірге шешеді.

Зейнеп ӘБЕТОВА,
философия ғылымының кандидаты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтану кафедрасының доценті

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір