Бауыржан Нөгербек
30.06.2017
2494
0

Қазақ мәдениеті мен кино өнері ауыр қа­­заға ұшырады. Ки­­­но­танушы, өнер­тану ғылы­мының кан­дидаты, профессор, Қа­зақстанның ең­бек сі­ңір­­ген қай­рат­кері, Қа­зақ­стан Кинематог­ра­фис­тер одағы­ның мүшесі Бауыржан Ра­ма­зан­ұлы Нөгербек 69 жасына қара­ған ша­­ғында өмірден оз­ды.
Бауыржан Нөгер­бек 1948 жылы 6 тамызда Қа­рағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында дү­ниеге келген. 1971 жы­­лы Мәскеу қала­сын­дағы Мемлекеттік Кинематография институты­ның кинотану фа­куль­те­тін тәмам­даған ол «Қазақфильм» киностудиясында мультипликация бірлестігінің бас редакторы, кейіннен сценарлық редакция алқасының мүшесі болып істейді. Киностудияда он жылдан астам уақыт қызмет етеді. 1981-1985 жылдары Қазақстан Ки­нематографистер одағы басқармасының хатшысы болып та­ғайындалады. Ал 1993 жылдан бастап педагогикалық қызметпен айналысады.
Ол қазақ анимациясы мен қазақ кино өнерінің дамуына мол үлес қосқан кинотанушы. Оның қаламынан «Қазақ киносының жылнамасы» (авторлар ұжымы), «Ертегіге жан бітсе: Қазақстанның мультипликациялық киносы», «Қазақстан киносы», «Қазақ киносының тарихы», «Экранда «Қазақфильм», «Қазақ киносындағы экрандық-фольк­лорлық дәстүр» атты еңбектер шыққан. Сондай-ақ, ол 250-ден астам мақала, рецензия мен эссенің авторы.
Қазақтың аяулы азаматы, Қазақстандағы кәсіби ки­нотану мен кино сыны негізін салушылардың бірі Ба­уыржан Нөгербек қарапайымдылығымен дараланатын. Ол әрдайым жасқа қамқор, соңынан ерген шә­кірттеріне ұлағатты ұстаз бола білді. Оның ғұмыры бү­гін­гі қазақ киносында еңбек етіп жүрген жастарға үлгі-өнеге. Ба­уыржан Нөгербектің асыл бейнесі, сіңірген өл­шеусіз еңбегі, қазақ киносына деген шек­сіз махаббаты біз­дің жадымызда әрдайым сақталады. Қош, бақұл бол!
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ
Қазақстан Кинематографистер одағы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір