БӘРІ ДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
23.06.2017
1492
0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен балаларға арналған шығармалардың төрт томдық антологиясы Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көрді.

Бірінші томға прозалық таңдаулы шығармалар – повестер, хикаяттар, әңгімелер, ертегілер топтастырылса, екінші томға поэзиялық шығармалар жинақталған. Үшінші том жаңа заман ертегілерінен тұрса, пьеса, скетчтер төртінші томға енгізілген.
Төрт томдық балаларға арналған шығармалар антологиясын жазушы Шәкен Күмісбев, Мемлекеттік тіл дамыту қорының директоры А.Шәуеев және ақын Ақберен Елгезек құрастырған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір