Ұстаз жолы
23.06.2017
2024
0

Ғылым – теңіз. Ғылым атты теңізде өзіндік орны бар тұлғаның бірі – тілші-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор – Бағдан Қатайқызы МОМЫНОВА. 30 жылға жуық ғұмырын арнаған ғылым жолында ұлағатты ұстаз өзіндік дара жолын сала білді. Алғаш профессор Хасан Кәрімовтің жетекшілігімен қазақ тілі мамандығы бойынша «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика» (1993 ж.) атты тақырыпта кандидаттық диссертация, «Қазақ газеттерінің лексикасы» (1999 ж.) атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған жас ізденуші аянбай еңбек етіп, бүгінгі қазақ тіл білімі саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. 2005 жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық иегері атанады. Екі мәрте ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындаған «ЖОО-ның үздік оқытушысы» (2006, 2011 ж.ж.) болды.

Бағдан Қатайқызының ғы­лыми еңбектері бірнеше бағытқа арналған:
1.Қазақ тілінің лексикологиясы.Ғалым бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарын жүргізумен
1993 жыл­­дан айналысады. «Қазақ» газе­тіндегі қоғамдық-саяси лексика», «Қазақ газеттерінің лексикасы: құрылымы мен жүйесі», «Қазіргі қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика: әлеуметтік-ба­ға­лауыш­тығы, сөзжасамы» моно­-
г­рафиялардың, оқу құралдары мен сөздіктердің авторы. Профессор Б.Момынованың авторлығы­мен «Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексиканың түсіндірме сөздігі», «Қазақ тіліндегі ым-иша­раттың қазақша-орысша түсін­дірме сөздігі», «Махамбет тілінің сөздігі» жарық көрді және «Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін» 1 том, 7 том, 11 томдарды құрас­ты­ру­шылар­дың бірі. Лексико­ло­гияның бір саласы терминологияға байланысты жазылған ондаған мақала­лар­дың авторы және 2005 жылдан ҚР Мемлекеті жанынан құрылған Мемтерминком мүшесі болуын ғы­лым жолына берілген ғалым ең­бегінің жемісі ретінде бағалауға болады.
2. Әдеби тілдің тарихы. Ғалым қарастыратын мәселелері көпас­пектілі бағдары бар ғылым саласына қатысты өзіндік көзқарастар таныта алды. «Әдеби тілдің тарихын тану — жалпыхалықтық тілдің әдеби сұрыптаудан өтіп қыр­ла­-
н­уын, түрлі стильдік құралдар мен тілдік жаңа элементтермен то­лығуын, байуын, жаңа мағына­лы сөздердің пайда болуын, олар­дың экспрессивті, эмоционалды бояу­ларының жандана түсуін, мәндес сөздердің мағына­лық жақтан бір-бірінен алшақ­тауын, терминдену процесінің жүруін зерттеу» деп түсінген ға­лым қазақ әдеби тілінің басты-басты проблемалары мен тенден­циялық даму бағыттарын айқын­дады: Ғалымның бұл еңбе­гінде әдеби тіл туралы түрлі көзқа­растар мен әдеби тілмен байланыс­тырыла оқытылатын тілдік ұғым-түсінік­тердің, теориялық проб­лема­лар­дың шеңбері кеңей­ті­ліп берілді; ХІХ ғасырдың екін­ші жар­тысынан басталып, ХХ ға­сыр­ға ұласатын, ХХ-ХХІ ғасыр­­­­лар­дағы ұлттық жазба әдеби тіл туралы бұрын-соңды айтыл­маған мағ­лұмат­тармен толықты. ХІҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. аралығындағы әдеби тіл дәуіріне байланысты бұрын-соңды жарық көрген оқулықтарда қамтылмай жүрген армян жазулы қыпшақ ескерткіштері туралы мәліметтер алғаш рет оқулықтың құрылымына енді. Орта ғасыр қыпшақтары тіліндегі ескерткіш­тер әр дәуірде, әр жерде, әр түрлі ал­фавитпен хатқа түскен. Ол жазу­дың түрлері араб, парсы, латын, армян, славян, руна жазулары болып келеді. Бұлардың қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдеріне жа­қындығы, ал қыпшақ тіліндегі ескерткіштердің қазақ тілі тари­хы­ның ерте дәуірін зерттеуде аса маңызды қайнаркөз болатындығы көрсетіліп, оқу­лық­қа армян жазулы қыпшақ ескерт­кіштері туралы мәліметтер енгі­зіл­ді. Сөйтіп, ес­керт­кіштердің тіл­дік сипатымен студенттерді таныстыру көзделді. Бұл ескерт­кіштердің қазақ жазба әдеби тілімен байланысы, жазба тілдік нормаларға қатысы жөнін­дегі ғылыми пікірлер келтірілді. Кі­таби тілге байланысты ғылыми байламдар, әсіресе соңғы жылдары айтылып жүрген пікірлер, ғылыми көзқарастар мен жаңа тұ­жырымдар енгізілді. Репрес­сияға ұшыраған зиялылардың мұралары баспа бетін көре бастағаннан бері ХХ ғасыр басындағы әдеби тіл туралы ғылыми мәліметтерді то­лықтырудың қажеттілігі туындады. Соған орай ХХ ғасырдың ал­ғашқы он жылдығында жарық көрген «Қазақ» газеті, «Темір­қа­зық» журналы, «Абай» журналы, «Ызың» журналдарының қазақ әдеби тілін жетілдірудегі қызмет­тері сараланды. Әдеби тілдің функционалды стильдік тармақ­тары­ның жетілуі мен қалыптасу процесі ХХ ғасыр басындағы
М.Көпеев, Шәкәрім, А.Байтұр­сынұлы, Қ.Жұбанов, т.б. қазақ зиялыларының шығармалары негізінде нақтыланды. Қазақ диаспорасының әдеби тілі туралы мәселе көтерілді. Лексикография мен терминологияға байланысты материалдар толықтырылды. «Қазақ әдеби тілін зерттеу жүйесі», «Қазақ әдеби тілінің тарихы» еңбектері мен әдеби тілдің репрессия жылдарына, ХХ ғ. басындағы әдеби тілдің тарихына арналған «Шәкәрім поэзиясының тілі. Лексика-функционалдық ракурс» монографиясы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы газет тілінің ерек­шеліктерін сараптаған ғылыми мақалалары, әдеби тілдің экологиясына, тіл мәдениетіне, қала тілі және жазба әдеби тілдің әлеу­меттік сипатын ашуға арнал­ған ғылыми мақалалары ғалым­ның көп жылғы еңбегінің нәтижесі еді.
3. Оқу үдерісіне байланысты айналысып жүрген келесі бағыты қазақ тілінің морфологиясына арналады. «Қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер», «Қазақ тілінің морфологиясы» оқу құралдары мен бірнеше ғылыми мақалалары қазақ грамматикасының зерт­те­луі­не айтарлықтай үлес қоса алады
4. Тілдік қатынастағы бейвербалды амалдардың лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған «Невербальные элементы коммуникации казахского языка» «Қазақ тіліндегі ым-ишараттардың мағыналық топтары және параамалдардың аудармасы», т.б. шетелде жария­лан­ған ғылыми мақалалары және «Қазақ тіліндегі ым-ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі» (екі тілді) жарық көрді.
5. Кейбір ғылыми еңбек өзінің жаңалығымен, тың пікірлерімен оқырман қауымын сүйсіндіріп, қайта үңіле беретін оқулығына айналады. Міне, осындай туын­ды­ның бірі – ғалымның «Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қаты­нас­тар» атты еңбегі. Бұл еңбек жалпы қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттарға арналған тілдік зерт­теу­лердегі лакундық кеңістікті толықтыратын сериялы еңбектер­дің бастамасы.
Бағдан Қатайқызының қазақ тілінің лексикологиясына, қазақ тілінің грамматикасына, тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қаты­нас­тар­ға қатысты айтқан тың ойларының бағасы әрдайым жо­ғары. Оны бүгінде ғылым жолында жүрген әрбір тілші ғалым мен зерттеушілер мойындары сөзсіз.
Бағдан Қатайқызы – тәлімгер. Қазақ тіл білімінің сан-салалы бағыттары бойынша бірнеше шәкірттер тәрбиеледі.14 ғылым кандидатын, 1 ғылым докторын, 1 PhD докторын, 40-тан астам магистранттарды дайындады. Қазір апайдың шәкірттері Қазақ­с­танның түкпір-түкпірінде қазақ тіл білімінің дамуына айтарлықтай өз үлестерін қосып келеді.
Бағдан Қатайқызының ғы­лыми шығармашалығы көп­қыр­лы, жан-жақты, сан-салалы. Бағ­дан Қатайқызы адамдық келбеті мен білімділігінің арқасында ғылым атты теңізде өз дара жолын сала білді. Апайды мерейтойымен құттықтап, әлі де алар асуыңыз көп, салған дара жолыңыздың ғұмыры ұзақ болсын деген тілек білдіреміз!
Ж.Б.Саткенова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті,
филология ғылымының кандидаты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір