«ЖАС ҒҰМЫР ЖАЛҒЫЗ ТЕРЕКПІН»
16.06.2017
1359
0

Шығыс Қазақстан облысының Зайсандағы М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатында аудандық білім бөлімінің бастығы Нұрлыбек Қалибаев, бас маман Сайраш Сәкібаевалардың ұйымдастыруымен өмірден ерте кеткен жерлесіміз, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Нұрлан Мәукенұлының «Жас ғұмыр, жалғыз терекпін» атты тақырыпта мектеп оқушылары арасында көркем сөз оқу байқауы болып өтті. Аталған шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Ақтанов, Зайсан ауданының әкімі Темірбек Қасымжанов қатысты. Сонымен бірге, Нұрлан Мәукенұлының анасы Дәмеш апай Берғазиева, ақынның жары Гүлмира Берғазиевалар қонақ ретінде шақырылды. Бұл аталған игі іс биыл 11 рет өткізілді. Осы игілікті іс келешекте облыс, тіпті республикалық деңгейде өткізіліп тұрса, бүгінгі жас жеткіншектердің рухани өсіп, кемелденуіне тигізер ықпалы мол болар еді деген ұсыныс-тілектер айтылды. Кештің өтуіне Нұрланның кластас досы, белгілі кәсіпкер С.Ақтанов демеушілік жасап, қомақты қаржы бөлді. Серік Қасымбекұлы туған ауылымыздың көркеюі үшін бұдан бұрын да көптеген игі істердің атқарылуына өз үлесін қосқан болатын. Соңынан Нұрлан Мәукенұлының өмірден өткен күніне орай ас беріліп, Құран оқылды.
Төлеухан БІДІРӘЛІ.
Зайсан қаласы.
Шығыс Қазақстан облысы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір