ҰЛТ РУХЫНЫҢ АРҚАУЫ
19.05.2017
1783
0

Нұрлан ОРАЗАЛИН,
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы


Ел талқысына түсіп, жалпыхалықтық қол­дауға ие болып отырған тарихи құ­жат­­тың  аты – «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру».
Авторы – Нұрсұлтан Назарбаев.
Бір айдан асып жығылар мерзім ішін­де жалпақ жаһан Еуропа мен Азия дейтін қос құрлыққа тағдыр-талайын тең  бай­ла­ған, көгінде тәуелсіздік туы жел­біре­геніне ширек ғасыр болған жаңа, жас  мем­лекет басшысы алмағайып мінезді, алуан түрлі қитұрқы әрекетке бейім тұрар дәуірге қаймықпай тура қарап, алты құр­лық алдында өз сөзін айтты.
Сонымен…
Ұлы Даланы жайлаған елдің ертеңі мен ұлттың болашағы туралы бағыты мен бағ­дары өзгеше, өрісі кең, тынысы ашық, ұста­нымы берік, ұстыны бөлек, күре­-
­та­мыр-бағдарлама – ұлттық мемлекетіміз-дің дамуына, еліміздің уақыт, замана талаптарына сай өркендеуіне ықпал етер іргелі жаңа құжат өмірге келді.
Құжатта жаңа дәуір сұранысы мен та­лаптарына сай өмір сүрудің, болмысы мен бітімін сақтаудың, сондай-ақ осы ке­зеңде алдан шығар күрделі рухани қиын­дықтар мен іргелі саяси, эко­но­микалық проблемаларды шешудің жолдары сараланып, нақтыланған. Қазақ­стан­дық жаңғырудың үшінші кезеңінің ал­тын арқауы – рухани жаңғыру деген қо­ғам дамуының жаңа тұрпатты тұ­жы­рым­дамасы өмірге келген.
Айтулы тұжырымдама нақты өмір, қоғам, заман ұсынар «тар жол, тайғақ ке­шулерден» өту мен жаһандану кезеңіндегі ақыл мен ойға, айла мен әдіске құрық сал­дыра бермес әлемдік аласапыран дүм­пулерді ырықтаудың, алдын алудың, ұлт ре­тінде жойылып кетпеудің қамын қа­рас­тыруға, жаңа ғасыр аламанының алдынан көрінер ойлы, парасатты күрескер ұрпақ тәрбиелеуге бағыт сілтейді.

Сайып келгенде, бұл – бір күннің, бір ай­дың, бір жылдың жемісі емес, тәуелсіздік дәуі­рі тарих аренасына шыққалы ұлт пен ұр­пақ санасына тыным бермей келе жатқан жаһандану жағдайындағы «қорғану» мен «сақтанудың» жолын іздеудің жарқын нышаны. Бұл – Қазақстан секілді екі құрлықты тең жай­лап, екі түрлі мәдениет пен екі талайлы тағ­дырлар тайталасын басынан көп өткерген, өр­кениеттер додасына да аз  ілікпеген көп  ұлт­ты, көп конфессиялы көне жұрттың тізгі­нін ұстаған басшының «сегіз өлшеп, бір кесу­дің» нәтижесінде жеткен тарихи тоқтамы. Ұлт тағдырын толғап барып, батыс пен  шы­ғыс­тан, солтүстік пен түстіктен көз қадаған ал­пауыт мүдделерге байсалды, байыпты жауап беруге негізделген тамырында «ұлттық рух» пен «рухани жаңғыру» атты қос ұғымның ыстығы атқақтап жатқан осынау бір деммен оқылатын, оқылып қана қоймай, ойлы оқыр­манның сана-көзін желпіп, күдік пен кү­мән­нің соқпақ-сүрлеуін тазалап өтер аталмыш мақаланың, дәлірек айтқанда, ұлт дамуына бағыт сілтер бағдаршам құжаттың халықтың көңілінен шығып, ойы мен санасын дөп ба­-
с­уы, қоғам тамырының соғысын дәл ұстап, мил­лион санды алып аудиторияның жүрегіне жол табуы соның белгісі.
Адамзат дамуының  қазіргідей аса күрделі кезеңінде уақыт кесе көлденең тартып оты­р­ған «күрмеуі қиын күрделі» мәселелерді әрі тез, әрі оң шешу қажет екені айтпай белгілі. «Ру­хани жаңғыру» міндетін атқару – ұрпаққа сын. Бұл міндетті ұлт боп ұйысып, жұрт боп жұ­мылудың арқасында ғана жүзеге асыруға бо­лады. «Береке түбі – бірлік» деген халықпыз. Әлем­дік дамудың жаңа сипатты өзгерістері мен жойқын дүмпулерін бастан өткеріп отыр­ған қазіргідей қатерлі де қауіпті кезеңде Елба­сы ұлттық мүдделерді қызғыштай қоруға ашық шақырып отыр.
Экономикасы қираған, идеологиясы күй­реген, уақыт дейтін қатал, қатыгез сыншы жү­рек пен жанды аяусыз түйреген тоқсанын­шы жылдары Назарбаев «Без правых и левых» де­ген ұранды ту етіп көтеріп, өз елінде өзі қа­зақ атануға кіріптар күйге түскен елдің ең­се­сін тіктеп, негізгі ұлттың саны қырық пайыз­дан аспайтын кеңістікте ұлттық мемле­кет дейтін басты ұғымды конституциялық жол­мен бекітуге орасан күш салған табанды бас­шының: «Әуелі елдің қарнын тойдыру қа­жет; шекарамызды шегендеп, елдік тұтас­тығымызды әлем мойындауы керек!» дегені ел есінде, тақуа тарихтың жадында.
Енді, міне…
Шегарасы шегенделіп, төрткүл дүние те­гіс мойындаған Қазақстан жаңа дәуір кеңіс­ті­гіне аттап отырған тұста Елбасы Қазақстан жаң­ғыруының үшінші кезеңіне өткенін жал­пақ жаһанға жария етті.
Рухани жаңғыру – сол үшінші кезеңнің ең басты құжаты! Бейнелі тілмен айтар бол­сақ, Ұлттың паспорты екеніне ұлт көшбасшы­сы назарын баса аударды.
Құжат жаһандану жағдайында ұлттық са­наны сақтау мен өрістетудің нақты жолдарын ұсынады. Елбасы Қазақстанның мемлекет ретінде басып өткен жолын жан-жақты елек­тен өткізе отырып, әлемнің арғы-бергі дәуірлерінде өмір сүрген үлкенді-кішілі ел­дердің тағдырларын ой талқысына салады. Қа­лыптасып отырған әлемдік бәсекелестік ке­зеңінде ұлт мәңгілігін қамтамасыз етер, өмір сүруге барынша бейім ұрпақ өсіріп, кү­рес­кер ұлт тәрбиелеудің қажеттілігіне ай­рық­ша тоқталады.
Елбасы айтқан ұрпақ пен ұлт дейтін проб­ле­ма төркінінде сананы уақыт талабына сай бейім­деу, сондай-ақ уақытты өз кезегінде ру­хани  жаңғырудың сүзгісінен өткен ұрпақ пен ұлт ыңғайына бағындыру дейтін аса маңызды ұлт үшін қажет мемлекеттік мәсе­ленің жатқаны анық. Бұл, сайып келгенде, ел ертеңі мен мәңгілігін қамтамасыз етер тарихи қажеттілік. «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дү­ниеде сана-сезіміміз бен дүние-таны­мы­мыз­ға әбден сіңіп қалған таптаурын қағи­да­лардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемдеу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» деген Қазақ Президентінің ұстанымы осы айт­қанымыздың айғағы.
Сіз бен Біз осы күндерде әр сөйлемі мен әр бабына айрықша тоқтап, жаратылысы мен табиғатына тереңдеуге ұмтылып отырған та­рихи құжат – уақыттың сыны мен сорабынан өткен, өзінің демократиялық-құқықтық қоғам орнату принципіне адалдығын әлем ал­дында дәлелдеген тәуелсіз елдің еңсесін тік­теген үстіне тіктей түсуіне негіз болар ха­лық күткен құжат!
Иә…
Қазақтың елі де, жері де тарихтың тағдыр­лы кезеңдерін басынан аз өткерген жоқ.
Қазақ деген халықтың ұлы тарихына қиялмен сапар шексек, басынан алмағайып оқи­ғалар мен тарихи кезеңдер көп өткендігін кө­реміз. Басымыз біріккен кезде төрткүл дү­ниені түгел  өзімізге қаратпасақ та, көр­ші­ле­ріміз бізбен мемлекет ретінде санасатындай жағдайға көтерілгендігіміз тарихтан белгілі. Кешегі көктүріктер заманында да, одан кейінгі мұсылмандық дәуіріндегі ұлы тарихы­мызда да елеулі-елеулі кезеңдер болған. 550 жылдық ұлы тойын атап өткен Қазақ хан­ды­ғының кезінде де, сол батыртекті, данышпан бабаларымыздың ынтымағының арқасында, береке бастауы – татулық, жеңіс қайнары – бірлік екендігін білгендігінің нәтижесінде, «қазақ» дейтін есім тарихта қайта тіріліп қайы­ра оралып, көшпелі өркениеттің өрісін кеңейт­кен, аумағы Алтай мен Атыраудың ара­сындағы жерді түгел алып жататын Қа­сым­хан кезіндегі қуатты мемлекеттің биігіне дейін көтерілген.Кейінгі замандардағы ата-бабаларымыз да ат үстінде жүріп, осынау ұлы байтақты береке мен бірліктің, ынтымақ пен татулықтың өзгелерге өнеге болар озық үл­гі­лерін көрсете жүріп, қорғап қалды. Басымыз біріккен кезде «Әй, жарадың!» деген сөз ай­тыл­ған…«алты бақан, ала ауыз» болып, бере­кеміз кетіп, іргеміз сөгілген кезде, «Әй, әттең!, «Ай, қап!» деген сөздер кеудемізден жалын ат­қан. ХХ ғасырдың басында «Айқап» журналы жарық көре бастаған кезде, Алаштың арыс­тары ұлттың басын біріктіру мақсатында әре­кет ете жүріп: «Ай, қап!» деп бармақ тісте­генін қалай ұмытамыз!
Ой жүгірте қарасаң, қазақ елінің өткен та­рихында, «бәрекелді», «ә, жасадың!» дегеннен гөрі, «әй, қап, ай!» деген сансоқты ке­зең­дер көп болыпты.
Екі ғасыр тоғысы қара орман қазақ жұр­тын тағы да сондай бір жауапты сынға салып отыр. Құдіреті күшті Ұлы Жаратушы Қазаққа енді сол «Ай, қапты!» айтқыза көрмесін деп ті­лейік. Тілеу аз, сол үшін күресу қажет! Елдік тұ­тас­тық пен ұлттық тұтастық үшін тұрысар ке­зең келді. Аталмыш құжат бізді сондай ойға же­телейді. Қазақ Президентінің он жеті мил­лиондық алып аудиторияға қаратып айтылған ел болашағын бағдарлауға, ұлт болып ұйыса отырып, өз тағдырымызды, өзіміз анықтауға бастайтын батыл сөзі мен  батыр толғамын зейін қойып оқыған әрбір көзі ашық, көкірегі ояу қазақстандықтың ел тағдыры мен ел ер­теңі туралы ойланбауы, толғанбауы мүмкін емес.
Иә…
Өз өткенін таразылай білер бүгінгі тәлімді ұр­пақ осынау тағдыршешті кезеңде өмірге кел­ген тағдыршешті құжатты бар болмысымен, жан дүниесімен қабылдап, қолдау көр­се­туде. Жер-жерде, ауыл-ауылда, оқу орындары мен мекемелерде, бір сөзбен айтқанда, Ұлы Дала дейтін алып кеңістікте жүрек қалауымен өтіп жатқан тал­қылаулар халықтың көтеріңкі көңіл ауанын, қанатты көзқарасын анық танытуда. Рух­ты ояту мен сілку жиындары Елбасы айтып отырған «өзгеруге», «ұлт болып жаңғыру­ға» апарары шүбәсіз…
Өйткені…
Бүгінгі Қазақстан – соңғы ширек ғасыр бойы­на сол тарихи сілкініске түбегейлі дайын­дық жасаған, әлемнің түкпір-түк­пірі­мен еркін интеграциялық байланысқа шығу арқылы өзін бірегей ұлт болуға әзірлеген ел. Біз – тіл, діл, дін, ел, жер секілді киелі де қа­сиет­ті ұғымдарды, анық танып, әділ бағалау жолын таңдаған елміз.
Бүгінгі Қазақстан кім көрінгеннің  жете­гі­не көзсіз еріп жүре беретін «боркемік», «бос­белбеу» кеңістік емес.
Біз – Қазақстан тағдырын өз тағдыры деп ұғар, оңы-солын толық таразылаған ұрпақ­пыз.
Біз – еліктеу мен солықтаудың қаншама қа­терлі екенін жан-жүрегімен сезінген, Қа­зақстан Президентінің сөзімен айтқанда,
«ХХ ға­сырдағы батыстық  жаңғыру үлгісінің бүгін­гі заманның болмысына сай  келмеуінің сырын» жан-дүниесімен  ұғынған  ұрпақ­пыз.
Жасыратыны жоқ, тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде дамудың жаңа жолына түскен жас мем­лекет ретінде алыс-жақынмен тығыз қа­рым-қатынас орнату мақсатында есік-тере­зе­міз ашық болды. Жаһанданудың жойқын көші керектіні де, керексізді де алып келді. Сан алуан ағыстар мен сан қилы қағыстарға тө­теп беру қиынға түсті. Ұлттық  жадымыз бен жан дүниемізге қайшы келетін келеңсіз­дік­тер өрімізге де, төрімізге де еркін еніп ке­т­ті…
Біздің халықта «ауруды жасырсаң, өлім әшкере» деген көнеден қалған тәлімді сөз бар. Тәуелсіздік дәуірінің елең-алаң кезеңін­дегі «жылтырағанның бәрін  алтынға жоры­ған» тұсымыздың болғаны өтірік пе?! Жиыр­ма­сыншы ғасырдың «алтыбақан алауыз көк­парынан» өз елінде өзі жетімнің күйін ке­шіп жүріп, сүлдесін сүйретіп, азаттықтың ақ жал сәйгүлігіне қолы әзер  іліккен, «жаһан­дануда шекара жоқ» деген сылтаумен киіз туыр­лықты қазақтың мың жылдықтар қа­лып­тастырған болмыс-бітімі қайыра қайшыға түсе бастағанын бүгін сезбесек, ертең кеш бо­лары анық еді… Әр алуан жиындар мен кі­шігірім басқосуларда зиялы қауымның кейде кіжініп, кейде күрсініп айтуынан аспай келе жатқан осы бір ұлт руханиятының  тағдыры туралы көкейкесті әңгіменің Ел Президентінің аузымен ашық, анық-қанық айтылып, ойға қонатындай, санаға жететіндей, жүректерді тербететіндей қарапайым халықтық тілмен жүйелі түрде өрнектеліп өрілуі бізді, әсіресе қаламгерлер қауымын қуантқаны шын.
Ұлтты сақтау – елдігімізді сақтау екен!
Ұлт үшін ереңсіздік пен бойкүйез­дік­те­н ас­­қан қатер жоқ. Еренсіздік түптің-түбі ұлт­ты келеңсіздіктің тұтқыны етері ақиқат… Біз ұлт ретінде сондай бір қатерлі сызыққа ке­ле жаттық… Қатерден құтылудың жолын із­де­ген елге айтулы құжат сол жолды анықтап айт­ты.
Айтқызған – жаңа ғасыр ақиқаты мен алаш жұртының Мәңгілік Ел болу жолындағы аруақты өткені мен ардақты бүгіні!
Айтқан – Нұрсұлтан Назарбаев!
Тарихи келеңсіздіктерге  табандап қарсы тұра­тын бірден-бір қуатты күш – Назарбаев айт­қан «Ұлттың рухани коды» екеніне көзіміз же­те түсті.
«Ұлттың рухани коды» дегеніміз не?
Ол – сан ғасырлық тарихи тамырларымыз, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жат­қан атамұра өнеріміз, өзге елден ерекшелеп тұратын дәстүр-салтымыз, әдет-ғұрпы­мыз, тілдік ерекшелігіміз, діни ұстанымымыз, білім-ғылымымыз, қоршаған ортамыз, қыл аяғы ошағымыз, отымыздың басы!..
Біз ұлт кодын сақтаудың, қоғамды дамы­ту­­дың, оны уақыт талабына сай бағыттаудың, жұмылдырудың, қайталап айтамыз, бірегей ұлт­ты қалыптастырудың үлгісі деп ұғуымыз ке­рек. Елбасы ұсынып отырған сан салалы, сан сипатты даму мен өрістеудің жолдары мен міндеттері осынау Ұлы Дала төсіндегі жаңа тұр­патты Қазақ Елінің бүгінгі баянын бекі­тіп, ертеңгі болашағын анықтауға жол ашары анық. Ұлттық сананы дамудың жаңа сатысына көтеріп, өркендеудің жаңа кеңістігіне алып шығар бәсекелік қабілет пен прагматизмді, ұлттық бірегейлікті сақтау мен білімнің салтанат құруын, елдің эволюциялық дамуы мен сананың ашықтығын қамтамасыз етер Ел Пре­зиденті белгілеген таяу жылдардың алты мін­деті  мен өмір сүру қабілетімізді шыңдар құ­жаттағы алты жоба – тамырын тереңнен тар­тар, өз ертеңін өзі өрнектер, өз тағдырын өзі қашап, өз бейнесін өзі сомдай білер Ұлы Да­ла мемлекетін Мәңгілікке бағыттар сара жол екені шүбәсіз!
Республика Жазушылар одағының бұл ба­ғытта атқарар ісі де, тиісті билік орындары ал­дына қояр талап-тілектері жоқ емес. Ол ту­ра­лы жиын барысындағы жарыссөздер де ай­тылары күмәнсіз.
Ұсыныс, тілектерді тізбелеп жатпай бүгін­гі жиынға қатысушы барша әріптестерімді, сондай-ақ  ел-елдегі қалың қоралы қаламдас­та­рымды ерекше қуанышпен құттықтағым келеді! Қаламгер қауымы көптен күткен қа­ламақы туралы тарихи құжатқа (Қос пала­таның сүзгі-талқысынан өткен) –  «Мәдениет туралы Заңға өзгеріс, түзетулер енгізу туралы Заңға» Елбасы қол қойды! Бұл шешім мен бү­гінгі жиынымызға арқау болып отырған «Ру­хани жаңғыру» арасында көзге көріне бер­мес жібек жіптей тартылған әділетті бай­ла­ныстың бары күмәнсіз. Елбасына алғыс ай­ту­ға рұқсат етіңіздер!
Жол ашылды. Жазушы еңбегінің өтеуі қа­ламға да, ғаламға да қуат берері даусыз. Ен­дігі міндет – жалғыз ұлт рухы мен ұлт бол­мы­сын көркем – өру! Шығарма жазу! Іске сәт!
Сонымен…
Президент сөзімен айтқанда: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айт­қанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалу­ға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұла­малығы, Жамбылдың  жырлары мен Құр­манғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.
…Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын: Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды; екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек!».
Елбасы шегелеп  айтты! Керең естіп, со­қыр көретіндей етіп айтты!
Үкіметке, тиісті құзырлы мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді. Енді арқаны кеңге салуға уақыт тар.
Қайталап айтамыз, қара орман жұрттың, қалың зиялы қауымның күткен әңгімесі айтылды. Елбасы аузымен ел жүрегіне қонақ­тар­дай тұмарлы дәуірдің тұғырлы сөзі айтылды.  Тағылымы бөлек, табиғаты таза елдіктің ерен сөзі айтылды.
Ендігі міндет – соны орындау. Уақыт ұсы­нар ауыр жүкті жұмыла көтеріп, жүзеге асыру.
Алаш қозғалысының жүзжылдығы тұсын­да Алаш елінің көсегесін көгертуді, Қазақстан есімді ұлы жұртымызды уақыттың алмағайып мінезді аласапыранынан алып өтуді мұрат еткен ұлттық тұтастыққа бастар рухани жаң­ғырудың ұлы көшіне табыс тілеу – бәрімізге парыз. Аламанның алдынан көрініп, көш сал­мағын иыққа артып, жүрекпен көтеру, са­намен қозғау – бұл да бәріміздің ортақ мін­детіміз…
Ұлт зиялылары мен сергек ойлы жаңа, жас ұрпақ өкілдерінің сөзі де, ойы да бір арнадан та­бысуда!
Халық талқысына түсіп отырған айтулы құжаттың ел тағдырына жауап берер бірінші тұл­ғаның аузымен айтылып, Елбасы ойы­ның миллион санды алып аудиторияның ойы­мен тамырласа қабысуы,  бір арнадан та­бысуы – ұлттың игілігі!
Бұл, сөз жоқ, ең әуелі, ұлттың жеңісі!
Халық қанаттанса, құдіретті күшке ай­на­лары хақ.

17.05.2017 жыл.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір