«Өнегелі өмір» – біздегі тұлғатанудың бір формасы ғана
12.05.2017
4667
2

Газетіміздің №16 санында «Өнегелі өмір» сериясымен шығатын кітаптарға байланысты филология ғылымының докторы, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбекпен әңгіме өткізген едік. Бүгін осы тақырып бойынша ҚазҰУ ректорының кеңесшісі – «Өнегелі өмір» басылымы Бас редакторының орынбасары, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Бауыржан Жақыптың пікірін ұсынып отырмыз.

Кеңестік кезеңде «Молодая гвардия» бас­пасынан даңқты тұлғалар туралы көп­теген кітаптар шықты. Галина Серебря­кованың «Шоқан Уәлиханов», Тұрсынбек Кәкішевтің «Сәкен Сейфуллин», Медеу Сәр­секенің «Қаныш Сәтбаев» кітаптары шық­қан болатын. Ол әлі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Мәселен, Николай Анастасьевтің «Абай», «Мұхтар Әуезов», Медеу Сәрсекенің «Ермұхан Бекмаханов», «Евней Букетов», Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім» кітаптары Мәскеуде орыс тілінде кейінгі жылдары жарық көрді. Бұлар деректі проза жанрында жазылған шы­ғармалар деп айтуға толық негіз бар. Тәуел­сіздік жылдарында «Қазақстан» баспасының директоры Нұрмахан Оразбековтің бастамасымен «Тамаша адамдардың өмірі» сериясымен қазақ тілінде бірнеше кітаптар шықты. Бұлар да деректі роман жанрында жарық көрді.
2011 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалым Мұтановтың бастамасымен «Өнегелі өмір» сериялық кітаптары шы­ғарылып келеді. Елімізге танымал тұл­ғалардан құрылған редакциялық кеңес жұ­мыс істейді. Кеңестің төрағасы, ақын Ол­жас Сүлейменов. Оның құрамында Әб­ді­жәміл Нұрпейісов, Кенжеғали Сағадиев, Мырзатай Жолдасбеков, Қуаныш Сұлтанов, Нұрлан Оразалин, Сұлтан Сартаев, Уахит Шәлекенов, Сейіт Қасқабасов сияқты танымал азаматтар бар. Бірінші шығарылым уни­верситеттің заң факультетінің алғашқы деканы, академик Салық Зимановқа арнал­ған еді. Одан кейін Хайыржан Бекхожин, Өмірбек Жолдасбеков, Әбікен Бектұров, Өмір­зақ Сұлтанғазин, Батырбек Бірім­жа­нов, Есмағамбет Ысмайылов, Тауман Аман­до­сов, Тұрсынбек Кәкішев, Зейнолла Қаб­­до­лов, Марат Барманқұлов, Әзілхан Нұр­­шайықов, т.б. туралы жеке кітаптар жарық көрді. Бірте-бірте бұл сериялық басылымдар Ұлттық университет ауқымынан шығып, бүкіл қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ақын-жазушылар, тұлғалы ғалымдар туралы нақ­ты деректерді жинақтаған кітаптар ре­тін­де шығарыла бастады. Мысалы, Кеңес Ау­хадиев, Кәкімжан Қазыбаев, Сұлтан Жиен­баев сияқты мемлекет қайраткерлері, университет ректорлары болған Темірбай Дарханбаев, Төлеген Тәжібаев, Көпжасар Нәрібаев, Төлеген Қожамқұлов туралы жеке кітаптар жарық көрді. Халқымыздың бір­туар перзенті Бауыржан Момышұлы, партизан жазушы Әди Шәріпов, әйгілі қаламгер Әбіш Кекілбаев туралы еңбектер оқыр­ман­дардың зор қызығушылығын туғызды. Ұлт­тық Ғылым академиясының 70 жыл­дығына орай академик Қаныш Сәтбаев туралы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы арнайы шығарылымдар оқырманға жол тартты. Осы серияның 100-ші шы­ғары­лымы әл-Фараби бабамызды тұңғыш әлемге та­нытқан ғалым Ақжан Машановқа арналып отыр. Бұдан бөлек, Жұмабек Тәшенев, Дінмұхамед Қонаев, Бәйкен Әшімов, Асанбай Асқаров туралы кітаптар дайындалу үс­тінде.
Еліміздің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы сериялы кітаптар шығару қиынның қиы­ны. Қазіргі біз шығарып жүрген «Өне­гелі өмір» сериясы өзіндік өзгешелігі бар басылымдар. Бұл «ЖЗЛ» сериясын қайталау емес. Мұнда кейіпкердің өз өмір жолы тура­лы толғанысы, көпшілікке танымал шы­ғармалары, жеке мұрағатынан алынған құжаттар, сирек фотосуреттер, сондай-ақ, ол туралы замандастарының, шәкірттерінің, туған-туыстарының естелік, эсселері, ле­біздері жинақталып беріліп жүр. Ал сол тұл­ғалар туралы деректі шығарма жазамын деу­шілерге бұл таптырмас материалдар. «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кі­таптарда тұлғаның кім екендігі, оның өмір жолы, шығармалары, естеліктер арқылы жан-жақты ашылады. Бұл – біздегі тұл­ға­танудың бір формасы ғана. Ал жеке авто­р­лардың адам болмысын, ішкі жан-дүниесін ашуға бағытталған еңбектер шығару бола­шақтың үлесінде деп білемін.
Ол, рас. Кезінде Нұрмахан Оразбеков аға­мыз осы серияны тұрақты шығаруға тал­пынған болатын. Жеке тұлғалар туралы бір­неше кітап мемлекеттік тапсырыс бо­йынша жарық көрді. Қазақстан Жазушылар одағында деректі проза секциясы жұмыс істейді. Деректі прозаға бүкіл ғұмырын ар­н­аған жазушы ретінде Медеу Сәрсекені атар едім. Медеу ағамыз Қаныш Сәтбаев, Ер­ма­хан Бекмаханов, Евней Букетов туралы де­ректі романдарды ерекше еңбек­қор­лық­пен жазып, жариялады. Мұндай қа­лам­гер­лер сирек кездеседі.
Бұл ретте орыс халқының тәжірибесінен үй­ренетін жайттар бар. Олар халыққа танымал тұлғалардың жақсы қырларын ғана көр­сетуге күш салады. Тұлғалар да адам ба­ласы. Олардың, қоғамның ықпалымен біліп-білмей жасаған кейбір кемшіліктері болса, оны бадырайтып көрсету этикаға жат­пайды. Жас ұрпақ, жаңа толқынға өз тұл­ғаларымыздан үлгі алатындай, өнеге тұта­тындай кітаптар шығару – біздің пары­зы­мыз!

ПІКІРЛЕР2
Аноним 05.12.2019 | 22:35

ӨНЕГЕЛІ ҒҰМЫР ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ТУРАЛЫ ЭССЕ

Аноним 10.12.2019 | 18:41

Дұрыстап жазбай ма басқа жазбанба не деген сорлы мен болсам толықтырып жазар едім

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір