Мемлекеттік тіл – менің тілім
14.04.2017
1514
0

Бостандық ауданындағы №145 мектеп-гимназиясында Алматы қаласында қазақ тілінде оқытатын мектептердің желісін дамыту және қазақ тілінің оқытылу деңгейін арттыру бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар негізінде өзге ұлт өкілдерінің оқушылары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында төрт бағыт бойынша байқау өткізілді. Өзге ұлт өкілдері оқушыларының басын қосқан бұл шараның мақсаты – қазақ тілінде оқытатын мектептер желісін дамытып, ондағы мемлекеттік тілдің деңгейін арттыруды көздейді.

«Білгірлер» бағытында бақ сынасқандар қазақ тілінің грамматикасы бойынша дайындалған тест сұрақтарына жауап берсе, «Бі­лімдіден шыққан сөз» бағытында оқушылар қазақ әдеби шы­ғармалары бойынша дайындалған тест тапсырмаларын жазбаша орындады. Байқауға қатысқан оқушылар «Ұшқыр ойдың қанаты» бағытында тақырып таңдап, сол бойынша ой-толғау жазды. Соңғы айналым «Дананың сөзі – ақылдың көзі» бағытында қатысқан оқу­шылар өздері таңдаған тақырып бойынша көркемсөз оқу ше­берлігін көрсетті.
Қазақ тілінің грамматикасы бойынша тест тапсырып, әділ­қа­зылардың сауалына жауап беретін «Білгірлер» бағытында әл-Фа­ра­би атындағы №145 мектептің 9 сынып оқушысы, ұйғыр ұлтының өкілі Динара Низамова жеңімпаз атанды. Қазақтың әдеби шы­ғар­маларын қаншалықты білетіндерін сынға салған «Білімдіден шық­қан сөз» бағыты бойынша №51 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Андрей Долбня топ жарды.
Қатысушылар байқау талаптарына сәйкес таңдаған шығармасы бойынша ауызша талдау жасап, сондай-ақ тест сұрақтарына жазбаша жауап берді. №94 мектеп-гимназиясынан түлеп ұшқалы тұр­ған Әсел Сағымбаева «Ұшқыр ойдың қанатында» бағытының ере­жесіне сәйкес ұсынылған тақырыптардың біріне көпшіліктің көңі­лінен шыққан ой-толғау жазды. «Дананың сөзі – ақылдың көзі» деп аталған бағытта мүдірмей, қазақша сайрап тұрған оқу­шы­лардың қарасы көп болды. Десе де, №145 мектептің 10 сынып оқу­шы­сы Қадыр Салманов үздік шықты. Шараны ұйымдастырушылардың бірі Сара Қойбағарова байқау жеңімпаздарын мапараттады.
Байқаудың үшінші кезеңі 14 сәуірде өткізіледі. Жүзден жүйрік шық­қандар енді қалалық кезеңде бас қосады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір